е
Өнер • 28 Қыркүйек, 2025
Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылды
Түркістан қаласында қолөнершілер қалашығының ресми ашылу салтанаты өтті. Сондай-ақ Түркістан қаласының халықаралық World Craft Council ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болуына орай «Түркістан – қолөнершілер қаласы» атты халықаралық фестиваль, «Turkistan world craft fest-2025» халықаралық қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2025
Атырауда әлеуметтік қызметтерге арналған бірыңғай тарифтер бекітіледі
Атырау облысында мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай тарифін бекіту көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Қыркүйек, 2025
Қайтарылған қаражат есебінен бірнеше емдеу мекемесі ашылды
Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынып жатқан 11 емдеу мекемесінің үшеуі пайдалануға берілді. Олардың қатарында Байғанин, Мұғалжар, Ырғыз аудандарындағы үш дәрігерлік амбулатория бар. Сондай-ақ Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы емдеу мекемесінің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қыркүйек, 2025
Президент Еңбек күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Еңбек күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сұхбат • 28 Қыркүйек, 2025
Атом энергетикасының дамуы елге маңызды әлеуметтік-экономикалық әсер береді - Әсет Махамбетов
28 қыркүйек – еліміздің атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күн атом энергетикасының дамуына үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін мойындау ғана емес, сонымен қатар саланың стратегиялық маңызын айшықтайтын мереке. Алдағы онжылдықтарда елімізде атом энергетикасын дамыту бойынша ірі жобалар жүзеге асырылмақ. Осы бағыттағы жоспарлар мен басымдықтар жайлы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасының орынбасары Әсет Кеңесбекұлы Махамбетовпен сұхбаттасқан едік.
Энергетика • 27 Қыркүйек, 2025
Өңірде жылу беру маусымы басталды
Қысқы 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл бұл шараларды іске асыруға 43 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаражат негізгі бағыттар бойынша 11 инвестициялық жобаға – 10,2 миллиард теңге, көмір мен мазут сатып алуға – 6 миллиард теңгеден астам, коммуналдық нысандардың жөндеу науқанына – 15,5 миллиард теңге, сондай-ақ, «АРЭК» АҚ мен «Көкшетау Энерго» ЖШС ірі энергия компанияларының жөндеу жұмыстарына – 11,4 миллиард теңге көлемінде бөлініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 27 Қыркүйек, 2025
Алматы облысы Астанаға жәрмеңкеге 180 тонна өнім жеткізді
Алматы облысынан елордаға дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысу үшін шамамен 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Астаналықтар 40-тан астам түрлі азық-түлік өнімдерін сатып алуда. Оның ішінде 13 тонна ет пен құс еті, 25 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 21 тонна картоп пен табиғи өнімдер бар. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан шамамен 15%-ға төмен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Мьянма Президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайнмен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнға ілтипат білдіріп, оның Астанаға жұмыс сапары Мьянманың Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуына мүмкіндік беретінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 27 Қыркүйек, 2025
Кеден нарығындағы даулы бастама: Ортақ шешімнің түйіні
Қаржы министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстандық кеден брокерлері қауымдастығы және бизнес өкілдерінің қатысуымен квазимемлекеттік кеден өкілін құру мәселесіне қатысты жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz..
Энергетика • 27 Қыркүйек, 2025
Қоянды ауылында мемлекеттік электр желілеріне қосу жұмыстары басталды
Ел ішіндегі күрделі мәселелер біртіндеп шешіліп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына ықпал етуде, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 27 Қыркүйек, 2025
Абай облысы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып жатыр
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының құрамындағы Карелия Республикасына барды. Сапар аясында екі өңір арасында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды.
Үкімет • 27 Қыркүйек, 2025
Еңбек күні: Олжас Бектенов Президент атынан жұмысшы мамандықтар өкілдерін марапаттады
Премьер-министр Еңбек күніне арналған «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» республикалық форумына қатысты. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан ел экономикасын нығайтуға және дамытуға үлес қосқан жұмысшы мамандықтары өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 27 Қыркүйек, 2025
«Даналық көпірі» мәдени-ағартушылық акциясы
Халық арасындағы ынтамақтастықты нығайту мақсатында Көкшетауда «Даналық көпірі» мәдени-ағартушылық акциясы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 27 Қыркүйек, 2025
Айыртау ауданындағы Қарасай батыр ауылындағы мешітте өрт шығып, ол жарылысқа ұласа жаздады. Өйткені мешіттің жертөлесінде төрт бірдей газ балондары болған деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 27 Қыркүйек, 2025
Қонаевта жаңа сквер қолданысқа берілді
Қонаев қаласының 55 жылдығына орай айтулы шаралар жібін үзбей жалғасын табуда. Соның бірі әрі бірегейі қалалықтар мен қонақтардың көңілін өсіріп, тынысын кеңейтетін сән-салтанаты келісті жаңа сквер қолданысқа берілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен барша түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 27 Қыркүйек, 2025
27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні
Дүниежүзілік туризм күні жыл сайын 27 қыркүйекте атап өтіледі. Бұл мереке 1979 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымның шешімімен бекітіліп, 1980 жылдан бастап ресми түрде тойланып келеді. Мерекенің басты мақсаты – туризмнің әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық маңызын арттыру, адамдарды жаңа жерлерді тануға және мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті дамытуға шақыру.
Руханият • 27 Қыркүйек, 2025
ЖИ арқылы дайындалған ертегілер
«Jaqmbyl» телеарнасы елімізде алғашқылардың бірі болып жасанды интеллект арқылы қазақ ертегілерінен мультфильм дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 26 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда «Заң мен тәртіп» фотокөрмесі өтті
Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында полиция қызметкерлерінің жұмысына арналған «Заң мен тәртіп» атты фотокөрме ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 26 Қыркүйек, 2025
ЕО сарапшысы Қазақстанның ЖИ заңын жоғары бағалады
Мәжілістегі Парламенттік тыңдалымда Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшысы Хенрик фон Шейл Қазақстанның цифрландыру саласындағы қадамдарын жоғары бағалады. Ол «Жасанды интеллект туралы» қабылданған заңды азаматтар мен мемлекетті қорғауға бағытталған алғашқы қадам деп атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 26 Қыркүйек, 2025
Депутаттар жасанды интеллектіні дамытудың келешегін талқылады
Мәжілісте Қазақстандағы жасанды интеллектіні дамыту мәселелеріне арналған Парламенттік тыңдалым өтті, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 26 Қыркүйек, 2025
Қазақ тілінде топ-менеджерлер дайындайтын бағдарлама ашылды
Қазіргі таңда еліміз экономикасына кедергі болып отырған басты мәселенің бірі – кәсіби менеджерлердің жетіспеушілігі. Салдарынан басқарушылық шешімдердің сапасы төмендеп, кәсіпорындар тиімділігінің азаю ықтималдығы басым. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, бұл еліміздің жалпы экономикалық ахуалына кері әсерін тигізеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 26 Қыркүйек, 2025
Үкімет арнайы салық режимдерін қолдану қағидаларын нақтылауда
Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің 718 және 723-баптарын орындау мақсатында екі Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 26 Қыркүйек, 2025
Жаңа Салық кодексі: қандай бизнес түрлері оңайлатылған режимді сақтайды?
ҚР Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдерін реттейтін құжаттарды талқылауға шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Қызылордада қоғам өкілдерімен пікір алмасты
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Қызылорда облысындағы жұмыс сапары аясында мемлекеттік қызметшілермен және жастармен кездесті.
Білім • 26 Қыркүйек, 2025
30 колледж корпоративтік басқаруға көшті
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тиімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды реформа басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Қыркүйек, 2025
Президент Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2025
Бізге жасанды интеллектінің қазақстандық моделі қажет - Ерлан Қошанов
Бүгін Парламенттік тыңдалымда Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов сөз сөйлеп, жасанды интеллектіні дамыту – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағытына айналғанын атап өтті. Ол білім беру, еңбек нарығы, киберқауіпсіздік, ауыл шаруашылығы және су ресурстарын басқару салаларында жасанды интеллектіні қолданудың мүмкіндіктері мен қауіптері туралы баяндап, заңнамалық тұрғыдан нақты ережелер қабылдау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қыркүйек, 2025
Қазақстан үкіметі ЖИ жобаларына шамамен 10 миллиард теңге бөлді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің хабарлауынша, қазір елімізде жасанды интеллект бойынша жалпы құны 9,7 млрд теңгені құрайтын 62 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 26 Қыркүйек, 2025
Биыл Астанадағы алты мектеп күрделі жөндеуден өтті
Жыл сайын елімізде кемінде 1000 мектеп жеті бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді. Бұл бастама ауыл мен қала арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жаңғырту жұмыстары жеті негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.