м
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Биыл 1 наурыздан бастап Мысыр билігі елге келетін шетелдіктер туристер, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін визаның құнын көтеру туралы шешім қабылдады. Енді демалушылар өткізу пункттерінде рәсімделетін жедел виза үшін бұрынғыдан да көбірек ақы төлейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Ақпан, 2026
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Апта ішінде Brent маркалы мұнай бағасы 5%-дан астам өсті. 20 ақпанда еуро және доллар бағамы 1,1755 деңгейіне дейін төмендеді. Сауда графигінде бұл валюталардың сатылым мақсаты 1,1770 белгісінде орындалып, енді 1,1710 деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін. Доллар индексі шамамен 1% өсіп, бес сауда күні ішінде 98 пунктке жақындады. Валютаға макроэкономикалық деректер мен АҚШ Федералдық резерв жүйесінің қатаң сигналдары қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Әлеуметтік желілерде Конституцияның жаңа редакциясы жобасының 27-бабы 4-тармағындағы демалыс құқығына қатысты тұжырымдамада «демалыс» сөзінің алдында «жыл сайынғы» сөзі алынып тасталғаны жөнінде ақпарат таралып жатыр. Жекелеген жарияланымдарда бұл өзгеріс қызметкерлердің құқықтарын шектеуге негіз болады деген пікірлер келтірілген. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Жезқазған қаласында байдарка мен каноэда ескек есушілерді даярлайтын жаңа спорт мектебі пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай салынған қос қабатты ғимаратта спортшылардың жан-жақты дайындалуына барлық жағдай қарастырылған. Мұнда теориялық сабақтарға арналған оқу сыныптары, жаттығу залдары, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фармацевтика • 23 Ақпан, 2026
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Қазақстанда үндістандық «Десилмакс» дәрілік препаратының медициналық қолданысы мен айналымына ресми түрде тыйым салынды. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізілген сараптама нәтижесінен кейін осындай шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 23 Ақпан, 2026
Олимпиада ойындарының жабылу салтанатында Қазақстан туын Михаил Шайдоров алып шықты
Күні кеше Милан және Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарындары мәресіне жетті. Тарих қойнауына бет алған тағы бір төртжылдықтың басты додасы Италияның Верона қаласында қорытындыланды. Әлемнің 94 елінен 2 917 спортшы бақ сынаған бәсекенің ресми жабылу салтанаты үшін екі мың жылдан астам тарихы бар әрі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Арена ди Верона амфитеатры таңдалған, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 23 Ақпан, 2026
Грузияда Қазақстан азаматтарына қандай жұмыс істеуге тыйым салынады?
2026 жылғы 1 наурыздан бастап Грузия шетел азаматтарының еңбек және кәсіпкерлік қызметіне қатысты жаңа шектеулер енгізеді. Тиісті шешімді ел үкіметі арнайы қаулымен бекіткен. Өзгерістер көбіне мигранттар, соның ішінде Қазақстан азаматтары жиі жұмыс істейтін салаларға әсер етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 23 Ақпан, 2026
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Үкімет фармацевтика саласындағы ірі жобалардың біріне қолдау көрсетті. Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасында халықты қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамту және отандық өндірістің үлесін арттыруға бағытталған инвестициялық келісім бекітілді. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 23 Ақпан, 2026
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада шорт-трекші Абзал Әжіғалиевтің спорттық мансабындағы төртінші олимпиада болды. Жылдар бойы төртжылдықтың басты бәсекесінің іріктеулерінен іркілмей өтіп, ел намысын абыроймен қорғап келе жатқан спортшы Миланда 1000 метр, аралас эстафета және 500 метр қашықтықта бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Ақпан, 2026
Мексикада атышулы қылмыстық топтың жетекшісінің қазасынан кейін жаппай тәртіпсіздік басталды
2026 жылғы 22 ақпанда Мексика Қарулы күштері арнайы операция барысында елдегі ең ықпалды қылмыстық топтардың бірінің жетекшісі – Немесио Осегера Сервантесті өлтірді. «Эль Менчо» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесінің қаза тапқанын Мексика үкіметі ресми түрде растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 22 Ақпан, 2026
Үздік ондық: қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді
Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бір алтын медаль жеңіп алды. Дегенмен бірқатар спортшымыз жоғары нәтиже көрсетіп, үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2026
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
22 ақпанда Шымкент қаласындағы Дендросаябақ аумағында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 22 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімін қайдан көруге болады?
Бүгін, 22-нен 23 ақпанға қараған түні Италияның Верона қаласында 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2026
Амангелді ауылы 15 жылдан бері ішімдіксіз өмір салтын ұстанып келеді
Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Амангелді ауылында 15 жылдан бері ішімдік сатылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олимпиада • 22 Ақпан, 2026
Олимпиаданың соңғы күні жарыс жолына кімдер шығады
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күнінде Италияның Милан, Кортина-д’Ампеццо және елдің солтүстігіндегі өзге де қалаларында қазақстандық спортшылар бір спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-акробатикадан аралас командалар арасындағы жарыстың алғашқы финалы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Котбус қаласында (Германия) спорттық гимнастикадан Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта жарыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 21 Ақпан, 2026
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Бітімгерлік миссияның қолбасшысы генерал-майор Анита Асма Қазақстанның әскери қызметшілеріне бітімгерлік миссияға қатысқаны үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының медальдарын табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның алдағы ондаған жылдардағы орнықты дамуының іргетасы. Еңбек адамының еңбегі – мемлекеттің негізі, ал еңбекқорлық елдің басты құндылықтарының біріне айналуы керек. Бұл құндылық ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі» АҚ ұжымына етене жақын. Кәсіпорын қызметкерлері ел азаматтары мұндай маңызды шешімнен шет қалмай, референдумға келіп, өз таңдауларын жасайтынына сенімді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Ақпан, 2026
Қысқы журналистика мектебі: ЖИ құралдарының журналистикадағы рөлі қандай?
Алматыда халықаралық журналистика және коммуникация бойынша XIII қысқы мектеп жұмысы басталды. Биылғы жиын ЮНЕСКО жариялаған Дүниежүзілік радио күніне орай «Медиаплюрализм: Орталық Азиядағы жасанды интеллект ғылымы» тақырыбында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күндерінің бірінде Италияның Милан, Кортина-д’Ампеццо және солтүстік аймақтағы өзге қалаларында қазақстандық спортшылар үш спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 21 Ақпан, 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әділетті қоғам кепілі
Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін ең қауіпті әлеуметтік дерттердің бірі. Ол қоғамдағы әділдік қағидаларын бұзып, заң үстемдігіне нұқсан келтіреді, халықтың билікке деген сенімін төмендетеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Мектеп • 20 Ақпан, 2026
Қопа мектебіне қолдау көрсетілді
Ауыл мектебі – аймақтың болашағы. Аягөз ауданына қарасты Қопа ауылындағы С. Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектепте жүзеге асқан кешенді жаңғырту соның айқын дәлелі. Жуырда Ақтоғай кәсіпорнының демеушілігімен ауыл мектебінің аумағы абаттандырылып, материалдық-техникалық базасы жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 20 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров Олимпиадада өнер көрсеткен костюмін мұражайға тапсырды
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында еркін бағдарламада киген костюмін Олимпиада мұражайына табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шахмат • 20 Ақпан, 2026
Шахматтан республикалық чемпионат өтіп жатыр
Жезқазған қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында 2026 жылғы Қазақстан Республикасының шахмат чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
Семейде құқықтың quiz зияткерлік ойыны өтті
Абай облысында «Заң және тәртіп» бастамасы аясында өзін-өзі басқару ұйымдарының арасында quiz зияткерлік ойыны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Жүкті әйелдің өліміне байланысты Жамбыл облысындағы перзентханада тексеріс басталды
Жамбыл облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық перинаталдық орталыққа қатысты жоспардан тыс тексеріс басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 20 Ақпан, 2026
Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақстандағы конституциялық реформа: мемлекет институттары мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының құқықтық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі
Елордада Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр төрағалығымен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Жиында 2025 жылғы жұмыс қорытындыланып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды. Басқосу жаңа Конституция жөніндегі республикалық референдум қарсаңында өтуімен де айрықша мәнге ие болды, деп жазады Egemen.kz.