фото: ҰОК
Тікелей трансляция Қазақстан уақыты бойынша 23:45-те басталады және «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан көрсетіледі. Іс-шара «Арена ди Верона» амфитеатрында өтеді.
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен Олимпиада «Beauty in Action» («Сұлулық – қозғалыста») атты шоуымен аяқталады.
Жабылу салтанатына барлық қатысушы елдердің делегациялары, оның ішінде Қазақстан да қатысады – спортшылар аренадан салтанатты түрде өтеді.
Жабылу рәсімі 2030 жылғы қысқы Олимпиаданың астанасы – Француз Альпілеріне олимпиадалық туды тапсырумен аяқталады.
Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы өнер көрсетті, олар спорттың 10 түрі бойынша жарысқа қатысты.
Қазақстан құрамасы Олимпиада-2026 ойындарын бір алтын медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте 19-орынға тұрақтады.