у
Заң • 12 Мамыр, 2026
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Бақбақ гүлін жұлғаны үшін 13 млн теңгеге жуық айыппұл салынады деген ақпарат тарады. Алайда бұл тыйым бақбақтың барлық түріне емес. Бұл Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін өсімдікке ғана қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Алматы облысының Талғар ауданында 24 жастағы Нұра ауылының тұрғыны кісі қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 12 Мамыр, 2026
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Алматы қаласында «Алматыбасжоспары» ҒЗИ алаңында еліміздегі ең ірі туристік инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Алматы тау кластері мен «Almaty Superski» жобасының даму перспективаларына арналған кеңес өтті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 12 Мамыр, 2026
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Ұлы Жеңістің 81 жылдығы мен Отан қорғаушылар күні аясында Астана қаласының мектептерінде оқушыларға арналған «Ерлік сабағы» атты ашық сабақтар ұйымдастырылды. Соның бірі Нұра ауданы №111 жалпы орта мектепте өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Мамыр, 2026
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Мысырдың Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Жамбыл облысында 200-ге жуық омарташы кәсібін тастауға мәжбүр: Субсидия жыры қашан бітеді?
Жарты мыңнан астам жамбылдық омарташының 200-ге жуығы сүйікті кәсібінен бас тартуға мәжбүр болып отыр. Олар субсидия сергелдеңінен зәрезап болғандықтан, сондай қадамға барған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығына жаңа бағыт енгізілмек. Енді Сыр елінде өндірістік бағытта қарасора өсіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Қазақстанда шамамен 26 мың киік қырылып қалған. Оның 11 мыңы Батыс Қазақстан облысына тиесілі. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2026
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) IMFK Fuel Trading компаниясы Маңғыстау облысында ірі мұнай-газ химиясы кешенін салуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны 8 млрд долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2026
Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды
Қазақстанда су тапшылығы қаупіне байланысты су пайдалану лимиттері қысқартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 12 Мамыр, 2026
Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Қазақстанда егіс науқанының мониторингі үшін ЖИ элементтері бар цифрлық платформа енгізіліп жатыр. Цифрлық технологияларды пайдалану және тұқым сапасын қадағалауды күшейту өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 12 Мамыр, 2026
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Бүгінгі білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық құндылықтарды ғылыммен байланыстыра отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Бұл бағытта еліміздің түкпір-түкпірінде ашылған Келешек мектептері ерекше белсенділік танытып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2026
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
«Жетісу» телерадиокешені мен радиосының басшысы, танымал қаламгер Есболат Айдабосын «Бүкір» романымен беделді «Меценат» әдеби сыйлығының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Әлеуметтік желілерде жоғары сынып оқушысының мұғалімге қол көтерген видеосы тарады. Алматы облысының білім басқармасы бұл оқиғаның биыл қаңтар айында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2026
Диқандар биыл дизельді қанша теңгеге сатып алады?
Биыл шаруалар үшін дизель отынының бағасы литріне 263 теңге деңгейінде бекітілді. Алайда түпкілікті бағаны өңірлік операторлар анықтайды, ол литріне 281 теңгені құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Мамыр, 2026
Алматыда ардагерлер арасында Қажымұқанның 155 жылдығына орай турнир өтті
Алматыда қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 155 жылдығына орай грек-рим мен еркін күрестен «Ардагерлер алаңы» деп аталатын халықаралық турнирі өтті. Бұл жарыста Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Ресей, Моңғолия, Молдова, Грузия, Қырғызстан, Беларусь және Өзбекстаннан келген 500-ге тарта балуандар белдесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Оқымаған әрі жүргізуші куәлігі жоқ: Көкшетаудағы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды
Көкшетау қаласында әйел адамды қағып өлтірген жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақмола облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Мамыр, 2026
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт арзандады. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты хабарлар себеп болып отыр. Тараптар қақтығысты бәсеңдету және Ормұз бұғазын ішінара ашу мәселесін талқылап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 12 Мамыр, 2026
«Астана» футболшысы әлем чемпионатында ойнайды
Иван Башич Қазақстан Премьер-лигасының тарихында әлем чемпионатына шақыртылған алғашқы футболшы атанды. Астана клубының жартылай қорғаушысы Башич Босния және Герцеговина ұлттық футбол құрамасы сапына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 12 Мамыр, 2026
Месси футболдан әлем чемпионатына қатыса ма?
Аргентина ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған алдын ала кеңейтілген құрамын жариялады. Тізімге 55 футболшы енген, олардың көшін команда капитаны Лионель Месси бастап тұр, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 12 Мамыр, 2026
Шымкентте колледж басшысы түрмеде отырып 1,3 млрд теңге жымқырған
Шымкентте колледж басшысы жалған оқыту схемасын ұйымдастырып, 1,3 млрд теңге жымқырған. Бұған дейін де істі болған ол заңсыз әрекетін түрмеде отырып жалғастырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Мамыр, 2026
Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті
Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) 3,6 пайызға өсті. Бұл бірінші тоқсан қорытындысымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Бірінші тоқсанда экономикалық өсім 3 пайыз деңгейінде болған еді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Жұбайын «Парламент атынан» құттықтаған Мәжіліс депутаты көпшіліктің сынына ұшырады
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жұбайын туған күнімен құттықтаймын деп сынның астында қалды. Оқырманның ашуын туғызған – құттықтаудың мазмұны емес, оның Парламенттің ресми стилінде рәсімделуінде, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2026
Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Хантавирус адамдар арасында жаппай таралатын індет емес. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандары мәлімдеді. Олардың айтуынша, дәл қазір Қазақстан тұрғындарына алаңдауға ешқандай негіз жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Мамыр, 2026
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 11 Мамыр, 2026
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Францияда алғаш рет хантавирус жұқтырған адам анықталды. MV Hondius круиздік кемесінде болған франциялық әйелдің ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Стефани Рист мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Мамыр, 2026
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
MV Hondius круиздік лайнерінде болған 17 америкалық АҚШ-қа жеткізілді. Олардың бірінен хантавирус инфекциясы расталса, тағы бір жолаушыда жеңіл белгілері байқалған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Мамыр, 2026
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысына көші-қон бағдарламасы аясында 400 отбасы көшіп келген. Қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан көтермеақы төленіп, баспана алуға арналған «Экономикалық ұтқырлық сертификаты» беріледі. Биыл сертификат көлемі 7 млн теңгеге дейін ұлғайтылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 11 Мамыр, 2026
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
«City Transportation Systems» ЖШС Астанада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгергенін мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Мамыр, 2026
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол бұл саяси бірлестіктегі қызметімен өмірінің шамамен 11 жылы байланысты болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.