е
Президент • 17 Маусым, 2025
«Құрық» портында жүк терминалын бірігіп салуды ұсынамыз - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысып, қазіргі күрделі геосаяси жағдайда өңірлік көлік-логистика бағыттарын нығайтудың маңыздылығына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Маусым, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 17 Маусым, 2025
Көлік министрлігі «Орталық– Батыс» жобасын іске асырады
«Қытай – Орталық Азия» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында ҚР Көлік министрлігі мен Қытайдың CITIC Group корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
16 миллионнан астам азаматтың құпиясы кімнің қолында
Цифрлы технологиялар дәуірінде азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздікпен тең мәселе. Алайда 16 маусымда Telegram желісіндегі SecuriXy.kz арнасы жария еткен дерек қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Арна таратқан мәліметке сүйенсек, 16,3 миллион қазақстандықтың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні, телефон нөмірі мен тұрғылықты мекенжайы секілді құпия ақпараттар ашық желіге тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Маусым, 2025
Қытаймен шекарада айналма жол салынады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен бельгиялық Sarens компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Людо Саренс ел аумағындағы ірі инфрақұрылымдық жобаны талқылады. Кездесу барысында «Нұр жолы» өткізу бекетінің айналма жолын салу жоспарлары мен машина жасау саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Маусым, 2025
Әлемді аралау үшін үйін сатқан режиссер рекорд орнатты
Детройт қаласының 36 жастағы тұрғыны, режиссер Майкл Зервос Гиннес кітабының жаңа рекордшысы атанды. Ол өзінің сапарын 2024 жылғы 18 қаңтарда бастап, 2025 жылғы 30 мамырда аяқтаған. Сөйтіп әлемнің барлық 195 елін 499 күн ішінде (алдыңғы рекордтан 55 күнге озған) аралап шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Маусым, 2025
Ертегілерде айдаһар бауырына алтын басып жатады деуші еді ғой. Жаһандық экономиканың бүгінгі «айдаһарлары» да күннен күнге қымбаттап бара жатқан алтынның бағасына алаңдаулы. Себебі ол жай ғана шикізат емес – ол ғасырлар бойы адамзат сенім артып келе жатқан ең сенімді активтің бірі. Ал қазіргі әлемдегі геосаяси шиеленістер мен экономикалық тұрлаусыздық жағдайында алтынға деген сұраныс бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп отыр.
Медицина • 17 Маусым, 2025
Құлағы естімейтін балаларға имплант тегін орнатылады
«Кохлеарлы импланттау – екі құлағы бірдей естімейтін балалардың есту қабілетін қалпына келтіруді көздейтін жоғары технологиялық ота. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің арқасында мұндай қымбат әрі күрделі операциялар Алматыда тегін жасалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Маусым, 2025
Садақ атудан ел чемпионаты мәресіне жетті
Шымкент қаласында дәстүрлі садақ атудан өткен ересектер арасындағы ҚР чемпионатының финалында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мергендер арасында үздіктер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының мәліметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Маусым, 2025
Қазақстан Қытайға 1500 киік береді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен (киік) беру туралы шешім қабылдады. Бұл бастама көрші елдегі сирек кездесетін жануар популяциясын қалпына келтіруді мақсат етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 17 Маусым, 2025
Ақтауда «Каспий самалы-2025» әскери жаттығуы басталды
Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің «Каспий самалы-2025» бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Маусым, 2025
Қазақстанда 479 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді
Ауыл тұрғындарына қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында қолға алынған ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 479 алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) нысанының құрылысы аяқталды. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Алматыда балалар SIM-картасы іске қосылды
Алматы қаласының прокуратурасы мен TELE2/ALTEL байланыс операторының бірлесуімен «SIM KIDS» атты балаларға арналған арнайы SIM-карта жобасы ресми түрде қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Маусым, 2025
БҚО-да жаңа мектептер бой көтеріп жатыр
Қазақстандағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытында Батыс Қазақстан облысында қарқынды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жоба шеңберінде бірнеше жаңа білім ошақтары салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 17 Маусым, 2025
Елімізде электр және жылу желілері жаңғыртылады
Энергетика министрлігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің электр және жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған 75 ірі жобаны жүзеге асыру үшін 210 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 17 Маусым, 2025
Алматы облысында агроөнеркәсіптік парк ашылады
Қытайлық «Yili Chuanning Biological Co.» компаниясы Алматы облысында жүгеріні терең өңдеу саласында ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Маусым, 2025
ҰБТ-дан жоғары балл жинаған оқушыға пәтер берілді
Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 балл жинаған алматылық Айша Сатыбалдыға өзі оқыған мектептің әкімшілігі пәтер сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 17 Маусым, 2025
Алматыдағы мопедшілердің 95%-ы жүргізуші куәлігін алды
Жаңа заң күшіне енгеннен кейін Алматыдағы мопедке байланысты мәселе қалпына келді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен басқосуда Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Ақсу ферроқорытпа зауытына айыппұл салынды
Ақсу ферроқорытпа зауыты экологиялық заңбұзушылықтар үшін 850 миллион теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Ақтөбе медициналық орталығының мамандары 30 мамыр күні Расул мен Полина Саматовтардың отбасында Амир, Амин және Айшаның дүниеге келуіне себепкер болды. Үш сәби қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Араб әмірлігінен 300-ден астам қазақстандық қайта алмай отыр
Иран мен Израиль арасындағы әскери қақтығыс салдарынан шамамен 300-ге жуық қазақстандық азаматтың Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ) Қазақстанға ұшу рейстері кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Ауа райы • 17 Маусым, 2025
Бүгін еліміздің кей өңірлерінде 44 градусқа дейін ыстық болады
Сейсенбі, 17 маусым күні Қазақстанда ауа райы ерекше ыстық болады. «Қазгидромет» мәліметінше, кей өңірлерде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 17 Маусым, 2025
Елімізде 200-ден астам жаңа мектеп салынады
2025-2026 оқу жылында 300 мыңнан астам оқушы орнына есептелген 200-ден астам жаңа мектеп (жартысына жуығы ауылдарда орналасады) салу жоспарға алынған. Соның ішінде 206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Маусым, 2025
Газа секторындағы шабуылдардан бір тәулікте 66 адам қаза тапты
Газа секторында соңғы 24 сағат ішінде Израильдің әуе соққылары салдарынан кем дегенде 66 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Маусым, 2025
50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat финалы басталды
Алматыда ауыл оқушыларының ауқымды білім беру сайысы – IQanat Олимпиадасының финалы басталды. Оның іріктеу кезеңдері бүкіл ел бойынша бір жылдан бері өтіп келді. 50 мыңнан астам сегізінші сынып оқушысы жобаға қатысып, олардың ішінде үздік мың бала финалист атанды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 16 Маусым, 2025
Астанада жол үстінде жанжал шығарған екі азамат әкімшілік жауапқа тартылды
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Тұран даңғылының бойында екі ер адамның жолдың жүргін бөлігінде сөзге келіп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіргені байқалған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Блогер жарнама түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, жауапкершілікке тартылды
Жамбыл облысында супермаркеттің жарнамасын түсіру кезінде блогердің агрессивті әрекеті оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынумен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағалы біраз жұмыс атқарылып жатыр. Соның аясында Астанада «Алтын Гефест» тау-кен металлургия өнеркәсібінің салалық байқауы биыл 15-ші рет ұйымдастырылып, онда еліміздегі тау-кен металлургия саласындағы адал азаматтар марапатталған. Солардың бірі — Күлкен Дагилова, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Маусым, 2025
Қазақстан мен Қытай арасында қандай құжаттарға қол қойылды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Маусым, 2025
Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Президентке ризашылығын білдірді
Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан ұлттық жаңғыру жолына түскенін, ел дамуында тың табыстарға қол жеткізіп келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.