
Ресми ақпаратқа қарағанда, қазір мопедшілердің 95%-ы көлігін тіркеуден өткізіп, жүргізуші куәлігін алып үлгерген. Сондықтан мопедін нөмірсіз жүргізетіндер бұрынғыдай емес, саябырсыпты.
«2025 жылдың 5 сәуірінен бастап күшіне енген жаңа заңға байланысты мопедтердің барлығы тіркеуден өтіп, мемлекеттік нөмір, техпаспорт, сақтандыру полисін алуы тиіс болатын. Енді арнаулы куәлігіңіз болса ғана мопедті жүргізе аласыз, онсыз болмайды», дейді Салтанат Әзірбек.
Бұл жаңа ереже жолдағы қауіпсіздікті күшейтіп, мопедті пайдалану жағын реттестіруді көздейді.
Полицейлердің айтуынша, мопед тізгіндегендер тарапынан
жол белгілері талабын елемеу, тұтас жолақты кесіп өту, жолақты ауыстырғанда тұтас сызықты кесіп өту, штатқа кірмейтін – көзді қарықтыратын шам, талапқа сай келмейтін дыбыс бәсеңдеткіш сияқты құрал-саймандар салып алу ең көп кездесетін заң бұзушылықтар қатарында.
Биылғы 5 сәуірден бері заң бұзған осындай 5000 мопедтің иесі әкімшілік жауапқа тартылып, 2000 көлік айып тұрағына қойылған.
Жалпы алғанда, әкімшілік полицияның ақпараты бойынша осы уақытқа дейін Алматыда 15 мыңнан астам мопед тіркеліпті.
Мопед жүргізетіндердің көбі – курьер болып істейтін шетелдік азаматтар көрінеді.
«Заң және Тәртіп» қағидатын басшылыққа алып, Алматы полициясы жол қауіпсіздігін арттыру жұмысын жыл бойы жалғастыра бермек.