Соңғы жаңалықтар
Шаруашылық • Кеше
Егіс науқаны межелі мерзімде аяқталды
Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде биылғы егіс науқаны аяқталды. Көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық өңірінде белгіленген агротехникалық мерзімде жүргізілді.
Саясат • Кеше
Ортақ мақсатқа жұмылуға шақырды
Астанада Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен партия Саяси кеңесінің отырысы өтті. Жиын қорытындысында мемлекеттегі барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерді Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында күш біріктіріп, жұмыла жұмыс істеуге шақырған мәлімдеме қабылданды.
Саясат • Кеше
Елорда өңірлерге үлгі болуға тиіс
Премьер-министр Олжас Бектенов Астанадағы логистикалық орталық, медициналық бұйымдар өндіретін зауыт, нан-тоқаш, сүт пен ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда болып, Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту, АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.
Әлем • Кеше
Пашинян партиясы жеңіске жетті
Өткен демалыста Арменияда парламент сайлауы өтті. Елдің Орталық сайлау комиссиясы қазіргі премьер-министр Никол Пашинянның партиясы жеңіске жеткенін хабарлады. «Азаматтық келісім» партиясы 49,8 пайыз дауыс жинады. Екінші орында 23,3 пайызбен ресейлік-армяндық бизнесмен Самвел Карапетян басқаратын «Күшті Армения» партиялар блогі тұр. Ал бұрынғы президент Роберт Кочарянның «Армения» партиясы 9,9 пайыз, «Гүлденген Армения» партиясы 4 пайыз дауысқа ие болды.
Мәдениет • Кеше
Мәдениетке қамқорлық – мемлекет саясатының өзегі
Елімізде мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттікті нығайтуға, дарынды, отансүйгіш әрі білімді жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жүйелі реформалардың маңызды құрамдас бөлігіне айналып келеді. Жаңа Конституцияда тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі маңызды норма бекітілген. Бұл мәдениет саласын дамытуға айрықша мән үстеп, қолдауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындайды.
Ауа райы • Кеше
«Қазгидромет» 9 маусымға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамын ұсынды. Астана мен еліміздің солтүстігінде дауыл, найзағай, бұршақ және аптап ыстық күтіледі, батыс өңірлерде жаңбыр жауады, деп хабаралйды Egemen.kz.
Форум • Кеше
Экология – өндіріс үдерісінің ажырамас бөлігі
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Астанада «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның ұйымдастыруымен экологиялық форум өтті. Жиынға «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорындарының басшылары мен мамандары, өндірістік филиалдардың экологтары, салалық сарапшылар мен шақырылған спикерлер қатысты. Басқосудың негізгі тақырыбы – газ тасымалы саласында экологиялық жүктемені азайтудың тиімді жолдарын қарастыру және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын өндіріске енгізу болды.
Егемен Қазақстан • Кеше
«Қазақ газеттері» серіктестігінде «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің бас редакторы, белгілі журналист Ғабит Іскендерұлы Мүсірептің 60 жасқа толған мерейлі белесіне арналған іс-шара өтті. Серіктестіктің бас директоры Дихан Қамзабекұлының төрағалығымен өткен алқалы жиынға Президент кеңесшісі Бауыржан Омаров пен Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Қуат Бораш, сондай-ақ бас басылымның ұжымы қатысты.
Экономика • Кеше
Тақтатас мұнайы – жаңа энергетикалық дәуірге бастар жол
Жақында Шымкент қаласындағы Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінде мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, академик, геология-минералогия ғылымдарының докторы Шахмардан Есеновтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақстандағы геологиялық барлау ісінің даму эволюциясы: инновациялар мен перспективалар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Сұхбат • Кеше
Әлия Мұстафина: Жасанды интеллект архив саласына серпін береді
Бүгін, 9 маусым күні, Халықаралық архивтер кеңесінің қолдауымен Астана қаласында III халықаралық архившілер конгресі – «Digital Archive EXPO» (DA-EXPO) форумы басталды. Осы орайда Президент архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Әлия МҰСТАФИНАМЕН сұхбаттасып, архив саласының қазіргі тынысы, цифрлық даму, жасанды интеллектінің архив жұмысына әсері жайында сұраған болатынбыз.
Саясат • Кеше
Кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды
Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыруға кірісті. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Президенттің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Білім • Кеше
Ауыл мен қала: Білім теңсіздігін реттейтін жоба
Қонаев қаласында Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда «Qazaq Digital Mektebi» шағын жинақты мектебі моделін қалыптастырудың негізгі тәсілдері және «Педагог мәртебесі туралы» заңның құқықтық нормаларының орындалуы талқыланды.
Білім • Кеше
Бірлескен кеңістік, айқындалған бағыттар
Қазақстанда ғылымды қаржыландыру көлемі кейінгі алты жылда алты есеге артты. Еліміз халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтіп, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашып жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемнің жетекші университеттерінің 33 филиалы жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта арта түспек.
Білім • Кеше
Сабағын үздік оқуымен бірге ғылымға бет бұрған оқушылар аз емес. Сондай талапты оқушының қатарында атыраулық Инабат Шабахова да бар.
Аймақтар • Кеше
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында бұл саланың инфрақұрылымын жаңғырту және оны басқарудың жаңа моделін қалыптастыру қажеттігін айрықша атап өткен болатын.
Көрме • Кеше
Елордадағы Ұлттық музейде «Таңбалы: Бабалар коды» халықаралық көрмесі ашылды. Бұл жоба Таңбалы музей-қорығы мен фотосуретші Владислав Кимнің бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Театр • Кеше
«Астана Опера» театрының жарнамасында пайда болған жаңа туынды өнерсүйер жұртшылықты елең еткізген елеулі оқиғаға айналды. Ағайынды композиторлар Серікжан мен Әліби Әбдінұровтардың «Қыпшақ қызы Аппақ» операсының әлемдік тұсаукесері тәуелсіз қазақ елінің 35 жылдық шежірелі тарихында ұлттық опера репертуарын жаңа деңгейге көтерген, руханиятымызды байытқан ерекше мәдени қадам ретінде тарих парақтарына алтын әріптермен жазылды.
Шымкент • Кеше
Ірі ұшақтарға қызмет көрсетеді
Шымкент қаласының халықаралық әуежайында «Scat MRO» авиациялық-техникалық орталығының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл Орталық Азиядағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын бірегей кешен болмақ.
Шымкент • Кеше
Мемлекеттік рәміздер асқақтаған күн
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласында Ту көтеру рәсімі өтті. Аталған іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен бірге депутаттар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты. «Ту тұғыры» алаңында өткен салтанатты жиында Мемлекеттік әнұран шырқалды. Жиналған көпшілікке мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен мән-мазмұны кеңінен баяндалды. Студент жастар сап түзеп, рәміздерге деген құрметін білдірді. Патриоттық әндер шырқалып, мерекелік жиын думанды концертке ұласты.
Туризм • Кеше
Тамылжыған табиғатымен әлемге әйгілі Щучинск-Бурабай курорттық аймағы алыс-жақын шетелдерден келетін талғампаз туристерді құшақ жая қарсы алуға қапысыз қамдануда.
Спорт • Кеше
Шахматшы Бибісара Асаубаева Ослодағы «Norway Chess Women 2026» турниріндегі жарқын жеңісінен кейін ФИДЕ рейтингінде тағы екі сатыға жоғарылады. Барлығы 2537,6 ұпай еншілеген ол бұл күндері бесінші орынға көтерілді. Әзірге Асаубаеваның алдында Қытайдың төрт мықты ойыншысы – Хоу Ифань (2596,0), Лэй Тинцзе (2566,0), Цзюй Вэньцзюнь (2559,6), Чжу Цзиньэр (2549,6).
Өнер • Кеше
Ұлттық орталық музейде Суретшілер одағының мүшесі Рысбек Ысқақовтың «Жанымның бақтары» деп аталған жеке көрмеcі есік ашты. Экспозицияда суретшінің ұлттық дәстүр мен уақыт тынысын бедерлеген 80-нен астам өнер туындысы ұсынылған.
Жәдігер • Кеше
Қызылжардағы Абылай хан резиденциясы музей-кешенінің филиалы – Ислам мәдениеті музейінің қоры Татарстанның орталығы Қазан қаласынан жеткізілген 13 жәдігермен толықтырылды.
Қоғам • Кеше
Орал қаласында белгілі бағбан Қайрат Кәрімовтің тәлімбағында «Тарихтың тірі куәсі» атты бірегей жоба басталды. Мұнда танымал тұлғаларға, тарихи оқиғаларға қатысы бар терек көшеттері егіледі.
Қоғам • Кеше
Әлем кубогінің жеңімпаздарын марапаттады
«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Astana 2026 World Boccia Cup әлем кубогі жолындағы жарыстың финалдық кезеңі өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты.
Логистика • 08 Маусым, 2026
ҚТЖ-ның әлеуметтік қолдау бағдарламалары қалай жүзеге асырылып жатыр?
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, адами капиталды дамыту және әлеуметтік тұрақтылықты нығайту жөніндегі шаралар іске асырылып жатыр. Жұмыскерлердің кәсіби дамуына, отбасыларды қолдауға және өңірлердің тұрақты дамуына жағдай жасай отырып, бұл міндеттерді шешуге еліміздің ірі жұмыс берушілері елеулі үлес қосып отыр.
Спорт • 08 Маусым, 2026
Астаналық гимнаст Испанияда екі медаль жеңіп алды
Астаналық гимнаст Ақмарал Ерекешева Испаниядағы клубтық чемпионатта екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 08 Маусым, 2026
Димаш Құдайберген жаңа деректі фильмінің трейлерін жариялады
Әйгілі әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасында өткен тарихи концертіне дайындықты баяндайтын жаңа деректі фильмнің трейлерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 08 Маусым, 2026
Елімізде егіс алқабы 23,8 млн гектарға жетті
Елімізде 2026 жылғы егін егу науқаны агротехникалық талаптарға сай мерзімінде аяқталды. Жалпы егіс алқабы 23,8 млн гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 08 Маусым, 2026
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz