у
Футбол • 08 Мамыр, 2026
Эль-Класикода «Реалды» Винисиус Жуниор бастап шығады
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор 10 мамыр күні «Камп Ноуда» өтетін Испания чемпионатындағы «Барселонаға» қарсы матчта алғаш рет команданың капитаны ретінде алаңға шығады. Бұл шешім негізгі және вице-капитандардың жоқ болуына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2026
Жапония пен Сингапурдан кем емес: Алматыдағы арнайы мектептің өнерлі өрендері көпті тәнті етті
Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне орай Алматыдағы №2 арнайы мектеп-интернатта «Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 08 Мамыр, 2026
Президент Алатау қаласының ерекше мәртебесіне қатысты шешім қабылдады
Мемлекет басшысы «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Полиция ер адамға күш көрсеткен: Желіде тараған даулы видеоға қатысты түсініктеме берілді
Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлері ер адамды күшпен ұстап жатқан сәт түсірілген бейнежазба тарады. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2026
Сайлау жүйесіндегі жаңа талап: Жемқорлықпен сотталғандар комиссия мүшесі бола алмайды
Мәжіліс «Сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілетін маңызды түзетулер жобасын мақұлдады. Жаңа құжат сайлау комиссияларының жұмысын ашық етіп, оның мүшелеріне қойылатын талаптарды айтарлықтай күшейтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2026
Вице-президент пен Халық кеңесінің жұмысы қалай қаржыландырылмақ? Министр жауап берді
Қазақстанда құрылатын Халық кеңесі мен Вице-президент институтын қаржыландыру көзі алдын ала айқындалды. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, жаңа құрылымдарға қажет қаражаттың басым бөлігі Үкімет резервінен бөлінуі ықтимал. Алайда нақты сома әзірге жарияланбады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Мамыр, 2026
Жаңа пандемия қаупі бар ма? Еуропада хантавирус жұқтыру деректері көбейді
Соңғы уақытта Израиль, Франция және Швейцария елдерінде хантавирус жұқтыру деректері тіркеле бастады. Осыған байланысты қоғамда «жаңа пандемия бастала ма?» деген қауіп туындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
600-ден астам зат тәркіленді: Алматыда әлеуметтік желі арқылы қару сату дерегі әшкереленді
Алматыда аңсыз айналымнан пневматикалық қарудың партиясы анықталып, суық қаруға жататын заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Шашынан тартып, лақтырған: Павлодарда 16 баланы азаптаған тәрбиешіге үкім шықты
Павлодарда 16 бүлдіршінге қатыгездік көрсеткен тәрбиешіге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Алматыдағы студенттің өлімі: Қайғылы оқиғаға әділетсіз бағалау себеп болды ма?
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс студенті 8-қабаттан құлап, қаза тапты. Қайғылы жағдайдан кейін қоғамда жоғары оқу орындарындағы психологиялық қысым мен сессия кезіндегі бағалау жүйесі қызу талқылана бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Астанадан Франкфуртқа ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды
Air Astana компаниясына тиесілі Астана – Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындаған ұшақ техникалық себеппен Ақтөбе қаласына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2026
Несиені төлеуге шамаңыз жетпесе не істеу керек?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңнамаға сәйкес қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимылының бірыңғай тәртібі бар екенін еске салады. Бұл тетік азаматтардың қаржылық қиындық кезінде құқықтарын қорғауға және берешекті реттеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Леоны Понтифик болғанына бір жыл толуымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 08 Мамыр, 2026
Сайлаудағы жаңа ережелер: Бір мезгілде әрі депутат, әрі әкім болуға тыйым салынады
Қазақстанда мәслихат депутаты мен ауылдық округ әкіміне бір уақытта үміткер болуға тыйым салынады. Бұл норма сайлау туралы конституциялық заң жобасына енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Мамыр, 2026
Төбелес шығарған «Реал» ойыншылары командадан шеттетілуі мүмкін
Уругвайлық жартылай қорғаушы Федерико Вальверде «Реал Мадрид» клубындағы әріптесі Орельен Тчуаменимен болған төбелес салдарынан алдағы Эль Классикоға қатыса алмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Мамыр, 2026
1 қыркүйектен бастап балалардың профилактикалық тексеруі түбегейлі өзгереді
Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасын жаңғырту аясында балалардың профилактикалық медициналық тексерулерін жаңа форматта өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 08 Мамыр, 2026
Қазақстанда Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес құрылады
Кұрылтай туралы конституциялық заң жобасында депутаттық бірлестіктерді құру мен олардың қызмет тәртібі жан-жақты нақтыланған. Құжатта фракциялар мен депутаттық топтар заң шығару үдерісіндегі негізгі саяси тетік ретінде қарастырылып, депутаттардың ұстанымын үйлестіруге және өкілдік қызметін күшейтуге мүмкіндік беретіні көрсетілген. Депутаттық бірлестіктерді тіркеу Құрылтай бюросы арқылы жүргізіледі, ал олардың жұмыс тәртібі регламентпен реттеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Мамыр, 2026
Үкіметтің қызметін бақылау және соттардың тәуелсіздігі: Құрылтайға қандай өкілеттілік беріледі?
Қазақстанда Құрылтайға жоғары мемлекеттік лауазымдарға кандидатураларды келісу өкілеттігі беріледі. Бұл туралы Парламент қарауындағы «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасында айқындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Мамыр, 2026
Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды
Қазақстан Президенті Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Мамыр, 2026
Президенттің сайлау жүйесіндегі рөлі қандай?
Қазақстанда конституциялық реформалар аясында Президенттің сайлау жүйесіндегі, қаржы секторындағы және жергілікті атқарушы биліктегі өкілеттіктері нақтыланды. Жаңартылған нормалар мемлекеттік институттардың жұмысын үйлестіруге, басқару тиімділігін арттыруға және қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 08 Мамыр, 2026
Қазақстанның сайлау заңнамасы қалай өзгереді?
Қазақстанда құқықтық жүйені ауқымды жаңғырту жұмысы жалғасып жатыр. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ел заңнамасын түбегейлі қайта қарауға жол ашты. Соған сәйкес негізгі заңның жаңа нормаларына бейімдеу мақсатында конституциялық заңдар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Мамыр, 2026
8 мамырға арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
8 мамыр күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мамандары ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теңге • 07 Мамыр, 2026
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Қазақстан қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валютасының бағамы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Мамыр, 2026
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: бүгін ауа райы қандай болады?
7 мамыр күні «Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Мамыр, 2026
Шығыс Қазақстанда қар барысы фототұзақты зақымдап кеткен
Шығыс Қазақстан облысында сирек кездесетін жыртқыш – қар барысын зерттеу мақсатында кешенді далалық экспедиция жүргізілді. Жұмысқа Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары, Аршаты орманшылығының мемлекеттік инспекторлары және Қазақстанның Зоология институтының ғалымдары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Мамыр, 2026
Алматыда студент сегізінші қабаттан құлап кеткен
Алматыда бірінші курс студенті университет ғимаратынан құлап, оқиға орнында көз жұмған. Аталған деректі оқу орнының медиаорталығы растаған, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 06 Мамыр, 2026
Қазақ халқы ежелден атты ердің қанаты, батырдың сенімді серігі деп ерекше құрметтеген. Тарихта Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қабанбайдың Қубасы мен Исатайдың Ақтабаны сынды тұлпарлардың ерлікке толы жорықтары туралы көптеген аңыздар сақталған. Ер қанаты саналған қазаққа қадірлі жануар бүгінгі күні де Жамбыл облысындағы 91678 әскери бөлім құрамында ел қауіпсіздігі жолында қызмет етіп келеді.
Президент • 06 Мамыр, 2026
Президент стенд атудан әлемдік рекордты жаңартқан Әсем Орынбайды құттықтады
Мемлекет басшысы стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күрес • 06 Мамыр, 2026
Қажымұқан Мұнайтпасовтың 155 жылдығы: Алматыда халықаралық турнирге 700-ден астам балуан қатысады
8-10 мамыр аралығында Алматыда қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 155 жылдығына арналған күрестен халықаралық турнир өтеді. Оған 10 мемлекеттен келген 700-ден астам спортшы қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 06 Мамыр, 2026
ҚазҰУ зерттеушілері Қазақстанда алғаш рет литий-ион батареяларын қайта өңдеу жобасын қолға алды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары Қазақстанда алғаш рет литий-ионды батареяларды кешенді қайта өңдеуге бағытталған ғылыми жобаны жүзеге асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.