у
Оқиға • 24 Маусым, 2024
Грекиядағы орманды қазақтар өртеген бе? СІМ жауабы
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Грекияның Гидра аралындағы орманды өртеу оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2024
1991 жылдан бері қанша қазақ тарихи отанына оралды?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1991 жылдан бері қанша қазақстандық тарихи отанына оралғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Маусым, 2024
Арал теңізінде су көлемі ұлғайды
Жыл басынан бері Солтүстік Арал теңізіне 1,1 млрд текше метр су келіп, ондағы су көлемі 21,4 млрд текше метрге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 24 Маусым, 2024
Қазақстан су шаруашылығына 500 млрд теңгеден астам инвестиция салады
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елдегі сумен жабдықтау жүйесін ауқымды реконструкциялау жұмыстары басталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2024
Өскеменде полиция қызметкерін балағаттаған тұрғын жазаланды
Өскемен қаласының тұрғыны әлеуметтік желіні пайдалана отырып, мемлекеттік қызметкерді қорлағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 24 Маусым, 2024
Бүгін елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 24 маусымда ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Маусым, 2024
Дағыстанда алдағы үш күн аза тұту күні болып жарияланды
Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалды. Салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлері қаза болды. Осыған байланысты Дағыстан аумағында үш күн аза тұту күні болып жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Маусым, 2024
Криштиану Роналду тағы бірнеше рекорд орнатты
Футболдан Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Еуропа чемпионатында допты голға шығару саны бойынша бірінші орында тұр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Маусым, 2024
Бүгін Еуропа чемпионатында қай құрамалар ойнайды
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының оныншы ойын күні, 23 маусымда үшінші тур ойындары басталады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 23 Маусым, 2024
Мамандар аптап ыстықта қандай жеміс жеу керек екенін айтты
Аптап ыстықта құрамында калий көп жемістер жеу керек. Себебі ыстық кезде ағзада калий жетіспеушілігі туындайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 23 Маусым, 2024
Бурабайға демалысқа барған 14 бала тамақтан уланып қалды
Бурабай ауданында туыстарымен демалысқа барған 14 бала астан уланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Маусым, 2024
Полиция жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетуі керек - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 23 Маусым, 2024
Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
Президент Мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 22 Маусым, 2024
Астана әуежайында ұшу кестесі өзгерді
Астана халықаралық әуежайындағы жағдайға байланысты әуе компаниялары жолаушыларға ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Маусым, 2024
Қазақстан шаруалары биыл мемлекеттен қандай көлемде қолдау алды
Қазақстан фермерлері 2024 жылы 114,7 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Маусым, 2024
Еуропа чемпионатын ең бірінші аяқтаған құрама белгілі болды
Футболдан Польша ұлттық құрамасы Еуропа чемпионаты топтық кезеңінен шыға алмаған алғашқы құрама атанды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға • 21 Маусым, 2024
Елордалық тұрғын балалар емханасында жанжал шығарды
Астанадағы балалар емханасында әйел мен дәрігер арасында жанжал туды. Жанжал кезінде әйел дәрігердің телефонын сындырды. Бұл туралы 21 маусымда елорда әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Маусым, 2024
Алматының бірнеше ауданында су өшіріледі
25 және 27 маусымда қалада технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Алматы Су» МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Маусым, 2024
Бас прокурор бизнес өкілдерімен кездесу өткізді
Жоғары қадағалау органының алаңында мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту, бизнес үшін шығындарды төмендету, қылмыстық жазаларды жеңілдету және кәсіпкерлік қызметке араласқан шенеуніктердің жауапкершілігін қатаңдату мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Маусым, 2024
Мәулен Әшімбаев Тәжікстан делегациясымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Тәжікстанның Маджлиси Оли Маджлиси милли Төрағасының бірінші орынбасары Раджаббой Ахмадзодамен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды және парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 21 Маусым, 2024
Үш жаңа жылу электр орталығын салуға зейнетақы қорындағы қаржы жұмсалмайды - Р.Скляр
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр жаңадан салынатын жылу электр орталықтарының құрылысы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 21 Маусым, 2024
«Таза Қазақстан»: Түркістанда «Үлгілі ауыл» жобасы бастау алды
Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысында қарқынды жүріп жатыр. Акция аясында бүгін Арыс қаласында сенбілік өтіп, іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 21 Маусым, 2024
Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн иемдену бойынша күдікті қамалды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда тұрғыны Қуандық Бишимбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемденген күдікті туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 21 Маусым, 2024
Киевтегі қазақ журналисіне жасалған қастандыққа байланысты тергеу басталды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Президент тапсырмасы бойынша Киевте қазақ журналисіне жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Су тасқыны: Тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 251 млрд теңге бөлінді
Премьер-министр Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында қазір 98 үй су астында екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Маусым, 2024
Қырғызстанда көлік тоғанға аударылып, 6 бала көз жұмды
Қырғызстанның Қара-Балта аумағында көлік тоғанға аударылып, салонда болған 6 бала көз жұмды. Қырғыз полициясы оқиға болған кезде жүргізушінің мас болғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Сарапшылар мәслихат депутаттарының өңірлердегі рөлін талқылады
19 маусым күні Еуразиялық интеграция институтында «Ашық саясат» сараптамалық клубы «Қазақстан өңірлеріндегі өкілді билік органдары: жұмыс істеу мәселелері мен перспективалары» тақырыбында кезекті пікірталас өткізді. Оған ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Маусым, 2024
Отандық жаңа зауыт іске қосылды
Кеше Алматы қаласында Мемлекет басшысының жоғары тиімді цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмасына байланысты «Алатау» инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің мобильді кешенін өндіретін алғашқы зауыттың ашылу рәсімі өтті.
Ауа райы • 21 Маусым, 2024
Бүгін еліміздің жеті облысында аптап ыстық күтіледі
Бүгін күндіз Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының батысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының батысында, орталығында қатты ыстық сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.