Алматы
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
Алматы облысында қар барысының ізі анықталды
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық паркінің инспекторлары Шелек өзені маңында қар барысының ізін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
Алматыда ер адам мешітте намаз уақытында ұрлық жасаған
Алматы қаласына қарасты Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағындағы мешіттерде жасалған бірқатар ұрлық дерегін әшкереледі. Күдікті ретінде ер адам ұсталып, оның намаз уақытында ұялы телефон, әмиян және өзге де жеке заттарды жасырын түрде ұрлағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
Өткен түні Алматы қаласындағы Солтүстік айналым тасжолында орналасқан қоймадан ірі өрт шықты. Бірінші өрт сөндіру жасақтары келгенде қойманың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 06 Қаңтар, 2026
Таза Қазақстан: Алматыда жалпықалалық экологиялық челлендж басталды
Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және цифрлық шығармашылық дағдыны дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық экологиялық челлендж басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 06 Қаңтар, 2026
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект енгізілуде
Президенттің жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ақмола облысында Ауыл шаруашылыға министрлігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы мен қоғамдық қауіпсіздік жүйесіне AI технологиялары енгізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Марат Ахметжанов баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 06 Қаңтар, 2026
Smart City: Алматы цифрлық трансформацияның жаңа кезеңіне дайындықты бастады
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қалалық басқару жүйесінде және мегаполистің тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі салаларда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 06 Қаңтар, 2026
Алматыда қанша шетелдік студент білім алып жүр?
Алматының 35 жоғары оқу орнында 236,1 мың студент оқиды. Студенттердің елеулі бөлігі еліміздің өзге өңірлерінен келгендер және шетелдік азаматтар. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 06 Қаңтар, 2026
Францияның Pekin Express телешоуы Алматының келбетін әлемге паш етті
Франция халқына кеңінен мәлім «Pekin Express» телешоуының «Мұзды жол» деп аталған жаңа қысқы маусымы Қазақстанда түсіріліп, Алматының табиғи сұлулығы мен тарихи-мәдени ерекшелігін көрсетті. Бұл маусым тележоба тарихындағы айтулы оқиғаға айналды: бағдарлама тұңғыш рет бір ғана ел аумағында әрі қыс мезгілінде түсіріліп, Франция мен өзге де елдердің көрермендеріне шаһардың қайталанбас келбетін танытты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қаңтар, 2026
1 апта бұрын жоғалған жасөспірім Алматыдан табылды
30 желтоқсан күні Алматыдағы Есенов көшесіндегі үйінен орталыққа ұялы телефонын жөндетуге шыққан жасөспірім үйіне оралмаған. Қалалық полиция 2011 жылы туған тұрғынның жоғалып кетуіне байланысты іздеу жариялаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Автокөліктер азаюы қажет: Экологтар алматылықтарға үндеу жасады
Эколог, ECO Network жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов тіпті ең заманауи автокөліктердің өзі ұсақ дисперсті шаңның көзі болып қала беретінін айтты. «Көлік аз болса, ауа таза болады», деп сарапшы Алматы қаласы тұрғындарын мүмкіндігінше қоғамдық көлікке немесе велосипедке отыруға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2026
Алматы облысында NEET санатындағы жастар саны азайған
Алматы облысында 2025 жылы жастарды қолдауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Жыл қорытындысы бойынша өңірде жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру, волонтерлікті қолдау және инфрақұрылымды жетілдіру бағыттарында ауқымды жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 04 Қаңтар, 2026
Алматы облысында суға батып кеткен төрт баланың бірі қаза тапты
Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылында 4 жасөспірім суға батып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Қаңтар, 2026
Алматы облысында 89 млрд теңгеге жемшөп өндіретін зауыт салынады
Президенттің Алматы облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде үй жануарларына арналған дайын жем өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қаңтар, 2026
88 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында үй жануарларына арналған ірі азық зауыты салынады
Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы облысында халықаралық деңгейдегі жаңа зауыт бой көтереді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 01 Қаңтар, 2026
Алматыда 12 қабатты үйден өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелері Бостандық ауданы Рысқұлбеков көшесіндегі пәтердегі өртті сөндірді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 01 Қаңтар, 2026
Алматының ботаникалық бағына кіру билеттерінің бағасы өсті
Алматының ботаникалық бағы қосымша құн салығына байланысты кіру билеттерінің бағасын өсірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Қоғамдық көлікте шу шығарған ер адам қамауға алынды
Алматы облысында жүріп келе жатқан автобуста жас жолаушыға дөрекілік көрсетіп және провокациялық әрекет қылған адамның кім екені анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 31 Желтоқсан, 2025
Алматыда археологиялық көрме ашылды
Ұлттық Орталық музейде «Дала өрнектерімен өрілген металл бұйымдар» атты көрме ашылды. Музейдің археология қорынан алынған артефактілер көшпелі және қалалық мәдениеттің материалдық, рухани дәстүрлерінің әр қилы аспектілерін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2025
Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Жиында қаладағы ауа сапасын жақсарту мәселесі талқыланды. Шаһар әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев атмосфералық ауаны қорғауға арналған жаңа ережелер аясында Алматы мен оның жекелеген аумақтарына ақылы кіру тәртібін енгізу жоспарланбағанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Алматыда офицерлер цифрлық байланыс құралдарын меңгерді
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында алғаш рет Қарулы күштер байланыс бөлімшелерінің 11 офицеріне арналған курстық дайындық ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 30 Желтоқсан, 2025
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жатақханалар бой көтереді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығында студенттерге арналған 5000 орындық жаңа жатақханалар құрылысының капсуласын салу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Алматыда «Сергек» камераларының саны артады
Алматы қаласының билігі жол қозғалысын бақылау камералары қызметін көрсететін жеткізушіні ауыстырмау жөнінде шешім қабылдады. «Сергек» жүйесі қалада жыл соңына дейін жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Желтоқсан, 2025
Алматыда тегін ем-дом жүргізілетін кеселдердің тізімі ұлғайды
Алдағы 2026 жылдан бастап Алматыда әлеуметтік маңызға ие тағы да 11 түрлі кеселді анықтау, бақылау мен емдеу жағы сақтандырылған, сақтандырылмағанына қарамастан тегін болады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында жаңа клиника жұмысын бастады
Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында 324 маман қамтылған және заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған жаңа емхана бой көтерді. Нысанның ашылу салтанатына басқарма басшылары, жергілікті атқарушы органдар және медицина саласының ардагерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 28 Желтоқсан, 2025
Қазақ жұрты актер Нұрлан Сегізбаевты соңғы сапарға шығарып салды
Алматы жұртшылығы қазақ киносы арқылы жалпы халықтың жүрегінен орын алған актер Нұрлан Сегізбаевты Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратынан ақтық сапарға шығарып салды. Өнерімен көрермен көңілінде қалған азаматтың жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 28 Желтоқсан, 2025
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті
Алматыдағы Балуан шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтті. Сол жарыста Қазақстанның бірқатар былғары қолғап шеберлері алыс-жақын шет мемлекеттерден келген спортшылармен күш сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Желтоқсан, 2025
Алматыда тауда жоғалған тағы екі адамның денесі табылды
Алматының Медеу ауданында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Құтқарушылар теңіз деңгейінен шамамен 3 700 метр биіктікте орналасқан «Локомотив» шыңы маңынан екі адамның мәйітін тапты. Бұған дейін осы топтағы тағы бір адамның қаза тапқаны анықталған еді. Осылайша, оқиға салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Желтоқсан, 2025
Алматыда 60 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесімен қосымша қамтылады
2026 жылдан бастап Алматы қаласында бұрын сақтандырылмаған 60 мыңнан астам тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жергілікті бюджет есебінен қосымша енгізіледі. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Мұхамеджан Ильяс Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2025
Қонаевта «Хан Тәңірі», «Самғау», «Заңғар» сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды
Қонаев қаласының мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға жыл бойы табанды еңбек еткен, толағай табысқа жеткен үздік спортшылар, қаламы жүрдек журналистер және өз саласының көшбасшысы атанған жалынды жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 26 Желтоқсан, 2025
Алматы тауларында үш адам жоғалды: бір адамның мәйіті табылды
26 желтоқсанда Алматы қаласы ТЖД-ның 112 пультіне әйел адамнан хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, ағасы екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға шығып, қайтып оралмаған. Жоғалған азаматтардың ұялы телефондары 12 сағаттан астам уақыт бойы өшірулі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.