Соңғы жаңалықтар
Көрме • 21 Қазан, 2025
Абу-Даби қаласында суретші-дизайнер Балнұр Асанованың көрмесі өтіп жатыр
Абу-Дабиде (БАӘ) Қазақстанның белгілі суретшісі әрі дизайнері Балнұр Асанованың «Уақыт көшпенділері» атты көрмесі өтіп жатыр. Көрме осы айдың 16-сы қазанда басталған, 25 қазанда аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қазан, 2025
Қарағанды облысында рұқсат берілмеген 472 қоқыс алаңы жойылды
Қарағанды облысында санитарлық талаптар мен абаттандыру ережелерін сақтау мақсатында ауқымды экологиялық іс-шаралар қолға алынды. Бұл жұмыстар республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қазан, 2025
Анна Данилина жұптық сында қарсыластарын ойсырата ұтты
Қазақстанның жұптық сындағы үздігі, әлемнің 13-ракеткасы Анна Данилина Жапония астанасында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы Токио турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қазан, 2025
Түркияның дәрігерлері ақтаулықтарға тегін медициналық кеңес береді
Түркияның дәрігерлері Ақтау қаласының тұрғындарына тегін медициналық кеңес береді. Бұл туралы Ақтау әкімдігінде қала әкімі Әбілқайыр Байпақов пен Түркия мемлекетінің жетекші медициналық ұйым өкілдерімен өткен кездесуде айтылды, деп Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Қазан, 2025
Әскерилер ауа райын болжаудың тиімді тәсілдерін пысықтады
Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери метеорологтары болжау мен гидрометеорологиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңа деңгейге көтеріп жатыр. Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтында және «Айбын» әуеайлағында өткен жаттығуларда мамандар заманауи техникамен жұмыс істеу шеберліктерін жетілдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге баса мән берілді
Президенттің айтуынша Үкіметтерге осы бағыттарды бақылауда ұстап, қысқа мерзім ішінде Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жоспарын немесе жол картасын қабылдау тапсырылды. Бұл туралы Бұл туралы Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Қазан, 2025
Былтыр Әзербайжан арқылы 1,5 млн тоннаға жуық қазақстандық мұнай тасымалданған
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев екіжақты келіссөз және Қазақстан – Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесі отырысының қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 21 Қазан, 2025
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы аяқталды
Қазақстанда 1 тамызда басталған Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы аяқталды. Санақ БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ауыл шаруашылығы санақтарының оныншы Дүниежүзілік бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылып, ел бойынша шамамен 1,6 миллион үй шаруашылығы мен 300 мың ауыл шаруашылығы субъектісін қамтыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері брифинг өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев екіжақты келіссөз және Қазақстан – Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесі отырысының қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 21 Қазан, 2025
Алматыда Жедел жәрдем автопаркі жаңартылды
Республика күні қарсаңында Алматының Жедел медициналық жәрдем қызметі жаңарып, 50 арнайы көліктің кілтін қала әкімі Дархан Сатыбалдының өзі табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қазан, 2025
Астанада тректегі велоспорттан рейтингтік турнир өтеді
Елордада тректегі велоспорттан Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) ресми күнтізбесіне енген Astana Open Series I & II (CL2) халықаралық турнир ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Қазақстан мен Әзербайжан бірлескен мәлімдеме қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қазан, 2025
Бектенов: Газбен жылыту жүйесі бар әр үйде міндетті түрде ескерту датчигі орнатылуға тиіс
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов елдегі тұрғын үйлерде газды қауіпсіз пайдалану мәселесіне ерекше назар аударды. Ол улану оқиғаларының жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіріп, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысын өткізді
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Қазан, 2025
Қазақстанда этносаралық қатынастар тұрақты
Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық келісім, азаматтық бірлік және этносаралық қатынастарды дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 21 Қазан, 2025
Арнаулы әлеуметтік төлемді кімдер алады
Биылғы 1 қазанға дейін 5387 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем (АӘТ) тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Екі ел басшыларына Орта дәлізді дамыту жобасы таныстырылды
Мемлекеттер басшыларына қазақ-әзербайжан мамандарының Орта дәлізді дамыту бойынша атқарып жатқан жүйелі жұмыстары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Қазан, 2025
Ұлытау ауданында жол инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданында жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыс жүріп жатыр. Игі іс ауданның туризм әлеуетін арттыру мен ауыл тұрғындарының қолайлы өмір сүруі үшін қолға алынған кешенді шараның бірі, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Қазан, 2025
Қазан айының соңында жер бетіне «жұлдызды жаңбыр» жауады
21 қазаннан 7 қарашаға дейін жер тұрғындары Орионид метеор ағынын, ең әдемі әрі тұрақты «жұлдыз жауынын» тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қазан, 2025
Елімізде бос жұмыс орындарының саны артып келеді
Қазақстанда жалақы деңгейі тұрақты өсіп келеді. Бұл ел экономикасының белсенді дамып жатқанын және халықтың өмір сүру деңгейінің біртіндеп артып отырғанын көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Қазан, 2025
Жапонияда алғаш рет әйел премьер-министр болып сайланды
Жапонияның негізгі төменгі палатасының депутаттары Либерал-демократиялық партияның (ЛДП) төрайымы Санаэ Такаитиді елдің 104-премьер-министрі етіп сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Президент • 21 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев Әзербайжан Президентін Ақордада қарсы алды
«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Қазан, 2025
Бүгін бокстан Қазақстан чемпиондары анықталады
Қазақстан бокс федерациясы Семейде өтіп жатқан ел біріншілігінің финалистер тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 21 Қазан, 2025
Медициналық қызметтер 87% автоматтандырылды
Елде бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 21 Қазан, 2025
Батыс Қазақстан облысы Оңтүстік Кореямен денсаулық саласында ынтымақтастық орнатты
Ақжайық өңіріне арнайы келген Квандонг университеті жанындағы халықаралық «Әулие Мәрия» клиникасының өкілдерімен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ресми кездесу өткізді. Делегацияны клиниканың президенті әрі бас директоры Ко Дон Хён мырза бастап келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады - Президент
Президент жақында Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар әзірлеу туралы тапсырма беріліп, осыған байланысты бірқатар маңызды шешім қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Қазан, 2025
KIA компаниясы корпоративтік оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашу шарасына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды зауыттың ашылуымен құттықтап, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамыту бағытындағы өте маңызды қадам екеніне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 21 Қазан, 2025
Дәрі-дәрмекті тіркеу мерзімі жеделдетілді
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру жүйесі қайта қаралып, артық шығындар жойылды. Нәтижесінде балама препараттардың құны түпнұсқа дәрілерге қарағанда 30 пайызға дейін арзандады. Тек ең жоғары шығынды ТОП-20 дәрі түрі бойынша күтілетін үнем көлемі 12 млрд теңгегені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.