Соңғы жаңалықтар
Денсаулық • 03 Қазан, 2025
Павлодарда ауыл тұрғындарының тісін заңсыз емдеп жүрген шетелдік анықталды
Жалған тіс дәрігерінің стоматологиялық қызмет көрсетуге қажетті құжаттары да болмаған. Полиция заңсыз медициналық қызмет көрсету дерегі бойынша әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 03 Қазан, 2025
Ерлан Қошанов Қоғамдық палатаның отырысына қатысты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қоғамдық палата мүшелерімен кездесіп, Президенттің бастамаларын жүзеге асыру барысын және алдағы кезеңнің күн тәртібін талқылады. Іс-шараға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Қазан, 2025
Екібастұзда алаяқтық әрекеттерге қатысқан екі жасөспірім ұсталды
Қос студент SIM-карталары мен WhatsApp аккаунттарын алаяқтарға жалға беріп келген. Келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қазан, 2025
Діттеген жеріміз – жарықтық Аққатын сайына жүк көлігімен оп-оңай жетіп алдық. Сайдың кіре берісінен бастап отын деген жетіп артылады. Ірі-ірі, пәленбай жылдық қара талдардың жерге құлаған қураған бұтақтарынан аяқ алып жүре алмайсың. Шетінен бұта да көлігіңнің қорабына лақтыра бер. Мен «ә» дегеннен солай ойлағанмын. Бірақ ағамның ойы басқаша болып шықты. «Сен немене, мына шашылып жатқан жіңішке, жақсаң жылуы жоқ, қағазға ұқсап лап етіп барып сөніп қалатын бұтақтарды жинап алып үйге жетіп бармақпысың, жоқ, болмайды, мына құлап жатқан, өзегі кепкен, жуан-жуан ағаштарды аламыз», деді. Шынында ағамдікі жөн еді.
Сауда • 03 Қазан, 2025
Тауарларға енді екі түрлі баға қойылады
Елімізде сатушылар қолма-қол ақшаға алғанда бір баға, бөліп төлеуге сатып алынған жағдайда екінші баға көрсетуге міндеттелді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 03 Қазан, 2025
Заңсыздықтан болған залал аз емес
Заңсыз майнинг фермаларының қызметінен 1,3 млрд теңгеге залал келген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қазан, 2025
Су ресурстары министрлігі жанынан ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылады
XII Азаматтық форум қарсаңында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Іс-шараға Қазақстан Азаматтық альянсының Президенті Бану Нұрғазиева және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қазан, 2025
Су ведосмствосы жанынан үйлестіру кеңесі құрылады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесті. Іс-шараға Қазақстан Азаматтық альянсының Президенті Бану Нұрғазиева және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 03 Қазан, 2025
Елдегі әр бесінші бала семіздікке шалдыққан
Елдегі 6-9 жас аралығындағы әр бесінші бала семіздікке шалдыққан. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан дөңгелек үстелде Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Ақкүміс Салханова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Қазан, 2025
Қазақстан делегациясы халықаралық III Жастар форумына қатысты
1-3 қазан күндері Минскіде (Белорусь) өткен III Жастар форумына ТМД-ға мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен (ЕАЭО) келген белсенді жастар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері жиналды. Қазақстан атынан студенттік жастар қозғалысының көшбасшылары сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қазан, 2025
Тарихта тұңғыш рет Англия шіркеуін әйел басқарады
Англия шіркеуінің 1400 жылдық тарихында алғаш рет тарихи шешім қабылданды. Сара Муллалли Кентербери архиепископы қызметіне тағайындалған алғашқы әйел болды. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің кеңсесі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Әзербайжанға барады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен барады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 03 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады
Халық қаһарманы, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай туған жері – Алматы облысы Өтеген батыр ауылында ұлы тұлғаның ескерткіші бой көтеріп, жаңа мәдениет үйі ашылды. Салтанатты іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Әлем • 03 Қазан, 2025
«Буалой» тайфуны Вьетнамға 518 миллион доллар шығын келтірді
Вьетнамға биыл 10-шы рет соққан «Буалой» тайфуны соңғы деректер бойынша 51адамның өмірін қиды, тағы 16 адам хабар-ошарсыз кеткен, ал 153 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қазан, 2025
Президент Үкіметке «Торғай - Ырғыз» бағытындағы жол құрылысын жеделдетуді тапсырды
Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында жазды, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 03 Қазан, 2025
Елімізде оқушыларға арналған жаңа тамақтану стандарты енгізілді
Жаңа стандарт бойынша мектеп асханаларындағы қант мөлшері 3,6 есе, ал тұз мөлшері 5 есе азаяды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
ШҚО-да есірткі граффитилері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды
Өскемен қаласында есірткі сататын онлайн-дүкендердің жарнамасы мен «қоймашы болып жұмыс істеу» туралы ұсыныстар жазылған жазулар өшірілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
Шымкент түрмесінде 655 адам рақымшылықпен босап шығуы мүмкін
Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай Шымкент түрмелеріндегі 655 адам рақымшылыққа іліне алады. Әзірге соттар 185 адамның арызын қараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 03 Қазан, 2025
Бейжіңде үстел теннисінен турнир басталды
Бүгін Қытайдың астанасы – Бейжіңде үстел теннисінен «China Youth Smash 2025» турнирі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қазан, 2025
Президент Қарағанды облысының әкімін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қазан, 2025
Е-Sport цифрлық платформасы іске қосылады
Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» (e-Sport) ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған платформа спортшылар, жарыстар және спорттық нысандар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет атқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 03 Қазан, 2025
Ғалымдар ЖИ арқылы жалған ақпаратпен күресетін құрал әзірледі
Мемлекет басшысының жасанды интеллекті дамыту туралы тапсырмасына орай ғалымдар жалған ақпаратпен күрестің жаңа құралы - «RasInfo» мобильдік цифрлы сауат ашу ресурсын әзірледі. Жалған ақпаратқа қарсы күреске арналған жасанды интеллект негізіндегі алғашқы бірегей ресурс «RasInfo» мобильдік қосымшасы қазірден бастап қолданушыларға қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысын қабылдады
Кездесуде Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағы арасында цифрлық және телекоммуникациялық технологиялар бағытындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 03 Қазан, 2025
Халықаралық форум қатысушыларына Мемлекет басшысының Үндеуі оқылды
Премьер-министр Олжас Бектенов «Жаңа энергетикалық тәртіп: орта державаларға назар аудару» тақырыбында өткен Kazakhstan Energy Week-2025 / XVI Еуразиялық KAZENERGY форумының пленарлық отырысына қатысты. Іс-шараға әлемнің 50-ден астам елінен 300-ден астам компания атынан 2,5 мыңнан астам делегат жиналды. Қатысушылар арасында халықаралық энергетикалық ұйымдардың басшылары, ірі мұнай-газ корпорацияларының жетекшілері және энергетика министрлері бар, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 03 Қазан, 2025
Бірнеше қалада заңсыз майнинг фермалары әшкереленді
Елімізде заңсыз майнингпен айналысқандарға қатысты қылмыстық істер көбейіп жатыр. 2024 жылдың басынан бері 17 іс тіркеліп, жалпы шығын көлемі 1,3 млрд теңгеге жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қазан, 2025
Қазақстандықтар Шенген визасының мөрінен жаппай айрылады
2025 жылғы 12 қазанда Еуропалық одақ елдерінде жаңа Entry/Exit System (EES) – кіру-шығу жүйесі іске қосылады. Ол паспорттарға қойылатын мөрді толықтай алмастырып, шекарадан өткенді цифрлық тіркеу арқылы рәсімдейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы ОПЕК бас хатшысы Хайтам әл-Гаисты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайтам әл-Гаис әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 03 Қазан, 2025
Трамп америкалықтарға 1 трлн доллар үлестіруі мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп One America News телеарнасына берген сұхбатында биыл енгізілген баж салығынан түсетін табыс 1 трлн доллардан асуы ықтимал екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 03 Қазан, 2025
«Үздік жедел уәкіл - 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды
«Ішкі істер министрлігінде мәресіне жеткен «Үздік жедел уәкіл» республикалық байқауына барлық өңірден жедел бөліністердің қызметкерлері қатысты. Осындай байқаулар жеке құрамды ынталандырып қана қоймай, қызмет сапасын арттыруға да ықпал ететіні сөзсіз, деп жазады Egemen.kz.