Қара
Қазақстан • 31 Қазан, 2025
Гидротехникалық құрылысқа озық технологиялар енгізіледі
QazInnovations инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесе және немістің HUESKER компаниясының қатысуымен халықаралық конференция ұйымдастырды. Оған сала министрі Нұржан Нұржігітов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 30 Қазан, 2025
FAIO 2025 халықаралық ЖИ олимпиадасы басталды
Алматы қаласында FAIO 2025 – жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада бүгін басталды, ертең 31 қазанда аяқталады. Бұл ЖИ саласындағы оқушылардың ең ірі командалық жарысы, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Қарақия ауданында жастар ресурстық орталығы ашылды
Қарақия ауданының Құрық ауылында жаңадан салынған Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ауданның құрметті азаматтары, ардагерлер, белсенді жастар және тұрғындар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Қазақстан • 29 Қазан, 2025
Халықаралық сарапшылар Қазақстанның су саласы дамуын оң бағалады
Еліміздің су ресурстарын басқару, есепке алу және бөлу жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастамаларын халықаралық сарапшылар жоғары бағалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қазан, 2025
Президент халықаралық қауіпсіздікке бағытталған заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған заңға қол қойды.
Аймақтар • 28 Қазан, 2025
Қарақия ауданында екі жаңа спорт нысаны ашылды
Қарақия ауданының Мұнайшы және Жетібай ауылдарында ангар типіндегі жаңа спорт залдардың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 23 Қазан, 2025
Шахтинскіде жасырын есірткі өсіретін лаборотория табылды
Шахтинск қаласында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірумен айналысқан 39 жастағы тұрғын ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 23 Қазан, 2025
Шет ауданында заманауи мектеп ашылды
Республика күні қарсаңында Шет ауданы Сәкен Сейфуллин кентінің тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа заманауи мектеп өз есігін айқара ашты, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 23 Қазан, 2025
Үш млн адам Қатонқарағайға сүйсінді
Ауылдық аймақтарды дамыту қорының айтуынша, қыркүйектің соңында америкалық блогер Крис Джундеф пен германиялық Йоханнес Хулш Қатонқарағайға келді. Екеуінің де әлем бойынша бір жарым миллионнан астам жазылушысы бар, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 23 Қазан, 2025
Қазақстан университеті ЖИ бойынша грант ұтып алды
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті CAREC институтының халықаралық гранттық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл – отандық университеттің ғылыми әлеуетін айқындаған әрі халықаралық серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашқан инклюзивті-цифрлық білім беруді дамытуға бағытталған маңызды қадам, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Қарағанды облысында 400 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылады
Қарағанды облысында сумен жабдықтау және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Үкімет осы мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қазан, 2025
Қарағанды облысында рұқсат берілмеген 472 қоқыс алаңы жойылды
Қарағанды облысында санитарлық талаптар мен абаттандыру ережелерін сақтау мақсатында ауқымды экологиялық іс-шаралар қолға алынды. Бұл жұмыстар республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге баса мән берілді
Президенттің айтуынша Үкіметтерге осы бағыттарды бақылауда ұстап, қысқа мерзім ішінде Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жоспарын немесе жол картасын қабылдау тапсырылды. Бұл туралы Бұл туралы Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 21 Қазан, 2025
Астанада тректегі велоспорттан рейтингтік турнир өтеді
Елордада тректегі велоспорттан Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) ресми күнтізбесіне енген Astana Open Series I & II (CL2) халықаралық турнир ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 21 Қазан, 2025
Батыс Қазақстан облысы Оңтүстік Кореямен денсаулық саласында ынтымақтастық орнатты
Ақжайық өңіріне арнайы келген Квандонг университеті жанындағы халықаралық «Әулие Мәрия» клиникасының өкілдерімен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ресми кездесу өткізді. Делегацияны клиниканың президенті әрі бас директоры Ко Дон Хён мырза бастап келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қазан, 2025
Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы есімді иеленген 7 азамат Қарағанды облысында тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Қазан, 2025
Елордада «Kóshpendiler áýeni» IІ халықаралық этникалық музыка фестивалі өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы елордада «Kóshpendiler áýeni» II халықаралық этникалық музыка фестивалін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Халықаралық стандарттау ұйымының Бас хатшысын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіріп, Халықаралық стандарттау ұйымы жаһандық сауда, инновация мен орнықты дамудың негізін қалыптастыратын беделді институт екеніне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Қарағанды облысында жаңа көпір пайдалануға берілді
Бұқар жырау ауданына қарасты Ғабиден Мұстафин ауылында Нұра өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді. Енді Теміртауға дейінгі жол үш есеге қысқарды. Бұрын тұрғындар 40 шақырым айналып өтсе, қазір 12 шақырым ғана жол жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қазан, 2025
Қазақстанға Әзербайжан Президенті мемлекеттік сапармен келеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Қазан, 2025
Қарағандылық таэквондошылар Италиядан олжалы оралды
Қарағандылық спортшылар Италияда өткен ITF таэквондо бойынша әлем чемпионатында жүлделі өнер көрсетті. Жасөспірімдер, ересектер және ардагерлер арасындағы додада олар Қазақстан құрамасының қоржынына 21 медаль салды. Нәтиже: 3 алтын, 6 күміс және 12 қола, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Қазан, 2025
Қазақстан мен Ресей мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда
Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссияның төртінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 10 Қазан, 2025
Қарағандылық фермер бір үйір жылқыны атып тастаған
Қарағанды облысының Заречное ауылының маңында оқ тиген 17 жылқы табылған, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 10 Қазан, 2025
TurkicSkills-2025 чемпионатында Қазақстан 6 алтын алды
Осы айдың 4-9 күндері Ақтау қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында I Халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 1 «Үздік медальонмен» басты жеңімпаз атанды, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 09 Қазан, 2025
«Шығыс Салбурыны-2025» халықаралық фестивалі басталды
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылында көркем Бүркіт төбенің етегінде «Шығыс Салбурыны-2025» атты V мерейтойлық халықаралық фестиваль басталды. Оған Моңғолия, Ресей, Венгрия, Қырғызстан, Испания және басқа да елдерден қонақтар мен қатысушылар жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 07 Қазан, 2025
Құрылыс компаниясының басшысы сотталды
Сотқа дейінгі тергеу органдары “Сәтті люкс” құрылыс компаниясының басшысы ҚР ҚК-ның 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша алаяқтық жасады деп айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аңдатпа • 07 Қазан, 2025
«Kóshpendiler áýeni» II халықаралық этникалық музыка фестивалі өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы елорда қонақтары мен тұрғындарын «Kóshpendiler áýeni» II халықаралық этникалық музыка фестиваліне шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Қазан, 2025
Қазақстан тенисшісі Қытайдағы турнирден үшінші орын алды
Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде Қазақстан құрамасы өкілі қола жүлдегер атанды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2025
Қарағандыда елік атқандар ұсталды
Қарағанды облысында табиғатты қорғау полициясы мен «Карохотрыбпром» ЖШС аңшы инспекторлары түнгі рейд кезінде заңсыз аңшылық фактісін тіркеді. Түнгі сағат 2 шамасында елік атқан 48 және 40 жастағы екі қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 06 Қазан, 2025
Мұнайды заңсыз өткізумен айналысқан күдікті Дубайда қолға түсті
Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізген, деп жазады Egemen.kz.