Ақ
Туризм • 09 Шілде, 2025
Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны 78 пайызға артқан
Қытайдың Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің туризм әкімшіліктері басшыларының бірлескен отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Су саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қазақстанда су шаруашылығы саласында еңбек ететін мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2025
Ақмола облысында су құбырын жөндеп жүрген екі жұмысшы көз жұмды
Ақмола облысында монтаж жұмысы кезінде екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 08 Шілде, 2025
Ақтау тұрғындары аспандағы таңғажайып көріністің куәсі болды
7 шілде күні Ақтау қаласының тұрғындары ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Шілде, 2025
Алматыдағы су инфрақұрылымының құрылысы депутаттардың бақылауында
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айдос Сарым мен Сергей Пономарев Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы су тарту және су тазарту қондырғысының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты «Ақжайық» шағынауданының құрылыс барысымен танысты
Орал қаласында 50 мың адамға арналған жаңа «Ақжайық» шағынауданының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда сегіз көпқабатты үй пайдалануға берілген. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2025
Жамбыл облысындағы зілзала салдарынан 2 үйге зақым келген
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев фейзбук әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 08 Шілде, 2025
Трамп салығы ел экспортына қаншалықты әсер етеді
2025 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Үкіметіне АҚШ Президентінің әкімшілігінен ресми түрде жаңа импорттық баждар енгізілетіні туралы хабарлама келіп түскен. Құжатқа сәйкес, биылғы жылдың 1 тамызынан бастап АҚШ-қа экспортталатын қазақстандық тауарлардың барлығына 25 пайыздық бірыңғай кедендік баж салығы енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 08 Шілде, 2025
Қазақстандағы орман кесу мәселесі жүйелі шешімді талап етеді
Қазақстан табиғи байлыққа бай ел болғанымен, орман қорын сақтау үлкен сынға айналып отыр. Елдегі орман кесудің ауқымы мен оның салдары тек экологиялық емес, сонымен қатар құқықтық, әлеуметтік және басқарушылық деңгейдегі күрделі мәселелер қатарында тұр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Шілде, 2025
«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау 20 маусымынан 20 шілдеге дейін жалғасады. Сыйлыққа ҚР-ның 35 жасқа толмаған (35 жасты қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді https://www.jas-kenes.kz/application сайтында беруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
12 жыл бойы жасырынып жүрген күдікті Дубайдан елге қайтарылды
Қазақстан құқық қорғау органдарының үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 08 Шілде, 2025
Елімізде сұранысқа ие дәрі-дәрмек бағасы арзандайды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтары үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Аталған жұмыстың аясында министрлік «Химфарм» АҚ, «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС және «АстраЗенека Қазақстан» ЖШС сынды жетекші фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 08 Шілде, 2025
Қазақстан ет сатып 500 млрд теңге табыс табады
Қазақстанда ет экспортын жылына 50 мың тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Министрдің айтуынша, етті мал шаруашылығында австралиялық тәжірибе енгізілетін жобалар арқылы жыл сайын шамамен 500 млрд теңге көлемінде табыс түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Шілде, 2025
Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 8, 9 және 10 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Шілде, 2025
Ақмола облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 21,5 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу жалғасуда. Ақмола облысында сумен жабдықтау жүйесін салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 21,5 млрд теңге бөлінді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 07 Шілде, 2025
Қытайдағы ШЫҰ елдері кинофестивалінде қазақстандық актер «Үздік актер» жүлдесін иеленді
6 шілдеде Қытайдың Чунцин қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері халықаралық кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Шілде, 2025
Табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылар саны 14,5% -ға өсті
Өткен айда Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жариялады. Құжатта елдегі кедейлік деңгейін төмендету үшін әлеуметтік стандарттарды қайта қарау көзделген. 2029 жылы орташа айлық жалақы 573 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 82 мың теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 56 мың теңгені құрайды деп болжануда, деп жазады Egemen.kz..
Әлем • 06 Шілде, 2025
АҚШ-тың Техас штатында су тасқынынан 24 адам қаза тауып жүздеген адам жоғалып кетті
АҚШ-тың Техас штатында күшті су тасқыны салдарынан 24 адам қаза тапты. Христиандық жазғы қыздар лагерінде кемінде 20 тәрбиеленуші хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Egemen.kz New York Times порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Президент • 06 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Техас штатындағы алапат су тасқыны салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 06 Шілде, 2025
Он жылға жас болып көрінудің қарапайым жолы қандай?
Тиімді әрі арзан жолмен жас көрінгісі келетіндерге биологиялық жасты 10 жылға дейін жасарту үшін қымбат процедураларға жүгінудің қажеті жоқ. Ең бастысы - дұрыс тамақтану, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 05 Шілде, 2025
Таза Қазақстан: Атырауда өткен сенбілікке 5000-нан астам адам қатысты
Атырау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, оған 5000-нан астам тұрғын белсене қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 05 Шілде, 2025
Алакөл жағалауы жарықпен толық қамтылды
Алакөлдегі демалыс орындары жаңа «Ақши» қосалқы станциясы арқылы үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіле бастады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Шілде, 2025
Халықпен кері байланыс жасамағаны үшін Ақсу қаласының басшылары сөгіс алды
19 маусым күні болған сұрапыл дауылдан соң халықпен кері байланыс жасамағаны үшін Ақсу қаласының әкіміне, орынбасарына және аппарат басшысына сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 04 Шілде, 2025
Ақтау әлемдік басылымда көрініс тапты
Әлемдегі беделді газеттердің бірі - британдық The Guardian басылымы «Күннің үздік фотосы» айдарында Ақтауда өткен «Даламен үндес баба өнер» халықаралық қолөнершілер фестивалінен фотосурет жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 04 Шілде, 2025
Ақсу ГРЭС-інде жетінші энергоблокты қайта құру жүргізілуде
«Ақ жол» партиясының Мәжілістегі депутаттары Азат Перуашев пен Ерлан Барлыбаев Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Ақсу қаласындағы ГРЭС пен ферросплав зауытына барды. Олар өндіріс орны мен жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
«Tańba» клубының отырысында қазақ геральдикасының даму жолдары талқыланды
ҚР Ұлттық музейінде «Геральдикалық зерттеулер орталығы» жанынан құрылған «Tańba» ғылыми-әдістемелік клубының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Шілде, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан спорттық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
Алматы қаласында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Өзбекстан Республикасының Спорт істері жөніндегі министрі Адхам Икрамовтың кездесуі өтті. Келелі басқосуға қос мемлекеттің Ұлттық олимпиада және Паралимпиада комитеттерінің жетекшілері, сондай-ақ спорт саласындағы бірқатар ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Шілде, 2025
Ақтөбеде екі адамды қатыгездікпен өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бір отбасы мүшелерін кепілге алып, аса қатыгездікпен екі адамды өлтірген қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Шілде, 2025
Азия додасында жеңіске жеткен каратэшілер сыйақы алды
Биыл Ташкентте өткен Азия чемпионатында Ұлттық құрама каратэшілері 4 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алып, тарихи жетістік көрсеткені мәлім. Сол Азия додасында жеңіске жеткендерге Қазақстан каратэ федерациясының президенті Евгений Пактың шешімімен арнайы сыйақы табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 03 Шілде, 2025
Туристік жолдамалардың құны қымбаттады
Қазақстандықтар үшін демалысқа шығу бұрынғыдан да қымбатқа түсіп отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, туристік жолдамалардың бағасы бір жыл ішінде орта есеппен 48%-ға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.