ек
Үкімет • 23 Сәуір, 2025
Үкіметте газ саласын дамыту мәселесі қаралды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндама жасады. Газ саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы QazaqGaz компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов, саланы цифрландыру туралы – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғат • 23 Сәуір, 2025
Үстірт қорығынан сирек кездесетін өсімдік табылды
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында табылған сирек өсімдік – Қызыл кітапқа енген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2025
Зейнеткерлерге тиісті өтемақы төленбеген
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы еңбек қатынастарына байланысты заң талаптарының орындалуын тексеру барысында бірқатар өрескел бұзушылықтарды тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Сәуір, 2025
Астанада «Legathon MaxUP 2025» халықаралық сайысы өтті
Легатон жасанды интеллект дәуіріндегі этика, құқық тақырыбына арналды. Maqsut Narikbayev University-де ұйымдастырылған чемпионатқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елінің студенттері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 21 Сәуір, 2025
Әкімдерді тікелей сайлау институтын дамыту мәселесі талқыланды
18 сәуір күні Еуразиялық интеграция институтында «IV Ұлттық Құрылтайда айтылған басымдықтар негізінде әкімдерді тікелей сайлау институтын дамыту» тақырыбында «Ашық саясат» сарапшылар клубының отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2025
Әр екінші неке ажырасумен аяқталып жатыр - министр
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев елімізде отбасылық-неке қатынастарының дағдарысқа ұшырағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Сәуір, 2025
Астанада әуе кеңістігін пайдалану уақытша шектеледі
Аталған шектеу – әскери шерудің дайындығына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2025
Депутаттар мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынды
Мәжіліс депутаттары Үкімет сағатының қорытындысы бойынша атқарушылық іс жүргізу саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін Әділет министрлігі мен басқа да уәкілетті органдарға бірқатар ұсыныстар жолдады. Солардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – алимент төлеуден жалтарған ата-аналардың орнына кәмелетке толмаған балаларға қаржылай қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік алимент қорын құру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысына елорданы абаттандыру жоспары таныстырылды
Жеңіс Қасымбек биыл Астана қаласында 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 21 Сәуір, 2025
Ғұмырының соңғы бел-белесінде Абайдың ішкі әлемінде үлкен рухани реставрация жүреді. Қоғамды түзетпек болған хәкім ендігі жерде өзімен айналысуды құп көреді. Осылайша әлемді жөнге салу адамның өзін жөнге салуынан басталатынын іс жүзінде сезінеді. Ақыры «тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма» деп, оның көзін ашуға барын салады.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2025
Қостанай облысында жұмысшы мамандарға арналған байқау басталды
Қостанай облысының жұмыспен қамтамасыз етуді үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек жолы» конкурсына өтінім қабылдай бастады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2025
Маңғыстаудағы мектеп асханаларын тексеру басталды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мектеп асханаларында балалардың топтық улану жағдайларын болдырмау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мен Бас прокуратураның бірлесуімен Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Сәуір, 2025
Республикалық спартакиада жеңімпаздары анықталды
Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Еңбек кубогі» спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2025
Жыл басынан бері 40 адам жұмыс орнында қаза тапқан
Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 16,8%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2025
Бүгін – Мемлекеттік күзет қызметі күні
Кәсіби мерекенің иелері мемлекеттік маңызы бар тұлғалар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2025
Ыстықкөлдегі төрт пансионат Қазақстанның иелігіне өтті
Қырғызстандағы Ыстықкөл көлінің жағалауында бірден төрт пансионат Қазақстанға ресми түрде берілді. 14 сәуірде Жогорку Кенештің халықаралық істер жөніндегі комитеті келісімнің шарттарын өзгерту туралы тиісті заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Kaktus Media-ға сілтеме жасай отырып.
Қоғам • 20 Сәуір, 2025
Нұра ауылында су тасқынынан кейін мектеп салынды
Ырғыз ауданына жұмыс сапары кезінде өңір басшысы Асхат Шахаров былтырғы су тасқынынан зардап шеккен Нұра ауылындағы пайдалануға берілген жаңа мектепті аралап, ұжыммен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Сәуір, 2025
Сырдың бойында грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды
Бүгін Қызылордада грек-рим күресінен ересектер арасында Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирдің ашылды. Турнирге 10-нан астам мемлекеттен, еліміздің әр өңірінен келген балуандар он салмақ дәрежесінде белдеспек.
Қылмыс • 19 Сәуір, 2025
Мектеп оқушысын зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Сот жабық өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Сәуір, 2025
Қазақстандық гимнастар Дохада қос жүлдеге қол жеткізді
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Әділет министрлігінің өкілдері Meta компаниясының басшыларымен кездесті
ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова елордада Meta компаниясының Орталық Азия және Шри-Ланка бойынша қоғамдық саясат бөлімінің басшысы Сенура Абейварденмен кездесті. Іс-шарада цифрлық платформаларда зияткерлік меншік нысандарын пайдалану мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тәжірбие алмасу тақырыбы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Маңғыстаудың білім сапасына мән берді
Ақтау қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтті. Онда Президент облыстың білім сапасына жіті назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Ақтөбеде заңсыз дәрі-дәрмек сақтағандар ұсталды
Ақтөбе облысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында заңсыз дәрі-дәрмек сақтаған екі тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 18 Сәуір, 2025
Емшараға барарда нені ескеру керек
Былтырдан бастап биылғы жылдың I тоқсанына дейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріндегі қызмет көрсету сапасына қатысты ел азаматтарынан 7 өтініш түскен. Тексеріс нәтижесінде лицензиясыз жұмыс істеген емшара кабинеттері мен сертификаты жоқ мамандар анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Қазақстанда алғаш рет FPV-дрон операторларының жарысы өтті
2025 жылғы 17 сәуірде ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен «Майлан» далалық оқу орталығында елімізде алғаш рет FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race атты турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Қарағанды маңындағы тас жолда екі адам қаза тапты
Сәуірдің 18-і күні таңертең Алматы-Қарағанды тас жолында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Сәуір, 2025
Медиа мамандарын дайындайтын мектеп ашылды
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қолдауымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты І Халықаралық көктемгі мектеп өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Сәуір, 2025
Қазақстаннан Ауғанстанға 36 гуманитарлық көмек вагоны жеткізілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жолдап отыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2025
Абай облысында 64,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған
Аймақта 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 64,2 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері қайтарылған екен. Аталған көрсеткіш бекітілген жоспарлы межеден асып, 102%-ды құраған, деп жазады Egemen.kz.