ек
Аймақтар • 17 Сәуір, 2025
Абай облысында 64,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған
Аймақта 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 64,2 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері қайтарылған екен. Аталған көрсеткіш бекітілген жоспарлы межеден асып, 102%-ды құраған, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 17 Сәуір, 2025
Майдангердің жеке заттары музейге табысталды
ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев, Удмурт Республикасының делегациясы, Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері және сарбаздың туыстарының қатысуымен қызыл әскердің жеке заттарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 17 Сәуір, 2025
Астанада электросамокаттарға арнайы тұрақтар ашылады
Елордада алғаш рет электросамокаттарға арналған арнайы тұрақ аймақтары ашылады. Жоба пилоттық режимде Нұра ауданында іске асырылмақ. Ол үшін самокаттар жиі тасталып кететін он орын таңдалынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 16 Сәуір, 2025
Шанхай ынтымақтастық ұйымы мәдени байланыстарды тереңдетуге мүдделі. Өзбекстан астанасы Ташкентте Наурыз мерекесін тойлаған ШЫҰ Қоғамдық дипломатия орталығының өкілдері осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2025
Қостанай облысында мемлекеттік қызметтің көп бөлігі цифрланды
Облыстағы мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы электронды түрде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Сәуір, 2025
Түркістанда студенттер арасында «Еңбек кубогі» сарапқа салынады
Түркістанда колледж студенттері арасында алғашқы «Еңбек кубогі» республикалық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2025
Хромтауда екі жел электрстансасы салынады
Ақтөбе облысында жалпы қуаты 450 МВт болатын бес жаңартылатын энергия жобасын іске асыру жоспарына сәйкес, осы жылы Хромтау ауданында жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел электрстансасы құрылысы басталады. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, осы жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады және құрылысты «Darmen Shuak» және «Next Green Energy» ЖШС-тері жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Сәуір, 2025
Елордада қосымша 1500 жұмыс орны ашылады
Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Инвестициялық штаб отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2025
Қазақстандықтарға 1 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен ел азаматтарына 1 трлн 44,3 млрд теңгеге зейнетақы төленген, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2025
Altel мен Tele2 арабтарға сатылды
Еліміздегі ірі ұялы байланыс операторлары – Altel мен Tele2 брендтеріне иелік ететін «Мобайл Телеком-Сервис» (МТС) компаниясы Қатардың Power International Holding (PIH) холдингіне сатылды. Бұл мәміле туралы ақпарат «Қазақтелекомның» 2024 жылғы қаржылық есебінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Сәуір, 2025
Үкіметте өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселесі қаралды
Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 15 Сәуір, 2025
Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласының есімін атады
WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Х желісінде келесі қарсыласын анықтап, оған ұсыныс тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Сәуір, 2025
Олжас Бектенов екі өңірдегі өртке кінәлілерді анықтауды тапсырды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 15 Сәуір, 2025
Алматылық оқушылар NASA байқауында жеңіске жетті
Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің екі командасы NASA және АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы (National Space Society) ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 халықаралық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 15 Сәуір, 2025
Қоғамға профориентологтар өте қажет - Динара Төлеуқызы
Еліміз бойынша 20 пайыз жастардың еңбек етуі – мамандық бойынша емес. Ал осындай жастардың саны артпауы үшін мәселенің шешімі табылған секілді. Жуырда орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілгені зор қуаныш болды. Аталған сала бойынша елімізде жалпы жағдай қандай? Осы орайда сарапшы, педагог-кәсіптік бағдар беру ісінің маманы Динара Төлеуқызымен сұхбаттасқан едік.
Қазақстан • 14 Сәуір, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мерейтойлық медальдармен марапатталды
Ақтөбе облысының әкімі, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы Асхат Шахаровтың төрағалығымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңес отырысы өтті.
Медицина • 14 Сәуір, 2025
Қазақстанда 300 миллионнан астам дәрі-дәрмек таңбаланды
Елімізде 2022 жылдың 1 шілдесінен бері 307 миллионнан астам дәрі-дәрмектер таңбаланса, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап медициналық препараттарға міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін қаптамаларға 262 миллион Data Matrix белгілері салынды.
Оқиға • 14 Сәуір, 2025
Бектенов Chevron басшысымен мұнай саласының перспективаларын талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Chevron компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2025
Ақмола облысында дала өртінің қаупі артты
Өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бір орман өрті және 44 шөп жану оқиғасы тіркелді. Өрт шалған аумақ шамамен 689,31 гектар жерді құрайды. Күзгі өліқау құрғап, өрт қаупі еселене түскен. Өңірде өрттің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Сәуір, 2025
Астана, Алматы және Қарағанды қалаларына ерекше атақ беріледі
Астана, Алматы және Қарағанды қалаларына «Еңбек даңқы қаласы. 1941–1945 жылдар» құрметті атағы берілмек. Бұл шешім ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2025
Қазақ газ өңдеу зауытының бұрынғы директоры сотталды
Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауданының соты Қазақ газ өңдеу зауытының бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2025
Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Елімізде жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 44,3 млрд теңгеге зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 337,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 706,7 млрд теңге жұмсалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2025
Әкімдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан мемлекеттік сатып алу порталына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде саладағы бірқатар кемшілік анықталып, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2025
Маңғыстауда оқушылар уланған мектеп асханасынан заң бұзушылықтар анықталды
Маңғыстау облыстық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде, ас дайындайтын қызметкерлердің бірінен стафилококк табылған, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық • 13 Сәуір, 2025
Алматылықтар 46 миллиард теңгенің тегін дәрі-дәрмегін алды
Өткен 2024 жылы Алматы қаласында 380 мыңға жуық тұрғын жалпы сомасы 46 миллиард теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 12 Сәуір, 2025
Инватакси қызметінде де құқықбұзушылық бар
Жамбыл ауданының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау мақсатында талдау жұмысын жүргізіп, нәтижесінде инватакси қызметін ұйымдастыру бойынша елеулі құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарайды Egemen.kz Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 12 Сәуір, 2025
Егемен көтерген мәселе: Жаңа Бұқтырмада жаңа мектеп ашылды
Бүгін Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінде жаңа қазақ мектебі ашылды. Салтанаттты шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Ғылым • 11 Сәуір, 2025
Ғылым нәтижелерін практикалық салаға енгізу ескерілсе - жас ғалым
Елімізде ғылым әлеуетін әлдендіру - дәуіріміздің басты бәйгесі. Ғылымы өркендеген мемлекеттің бүгіні мен болашақ тағдыры жарқын болатынын әркім-ақ түйсінеді. Мұндағы негізгі қадам – нақты әрекет. Ал әрекет тұлғаның өзінен басталады. Осы қағиданы өмір салтына айналдырған жас ғалымдар тобының жемісті нәтижелері әр тараптан сүйіншілей естіліп жатады. Солардың бірі Қазақстан үшін стратегиялық маңызды сала металлургиядағы ғылымды серік еткен – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының» аға оқытушысы Асылбек Әбдірашит. Асылбек металлургия саласына инновациялық технологияларды енгізу, нақты өндірістік және экологиялық мәселелерді шешу арқылы импортқа тәуелділікті азайту үшін тер төгіп жүр. Жас ғалым өзі таңдаған жол - өнеркәсіпті жаңғырту және отандық технологияларды дамытуға бастайтынына сенімді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2025
Саяжайлар елді мекендер қатарына енді
Алматы облысында халық көптен күткен өзекті мәселе – саяжай алқаптарының құқықтық мәртебесін анықтау мен оларды елді мекендер құрамына енгізу жұмыстары жүйелі түрде қолға алынуда. Бұл бағытта облыс әкімдігінің бастамасымен ауқымды жобалар іске асырылып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 10 Сәуір, 2025
Алматының Түрксіб ауданында төрт жайлы мектеп салынады
Күн сайын аумағы артқан мегаполисте мектеп жетіспеушілігі мәселесін шешу өзекті. Тұрғындармен жүздескен қала әкімі шаһардың ең көне аудандарының бірі саналатын Түрксіб ауданында білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмысы белсенді жалғасатынын атап өтті.