ас
Бокс • 03 Шілде, 2025
Бүгін жеті қазақстандық боксшы ширек финалда жұдырықтасады
Бүгін Астанада өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жеті қазақстандық боксшы ширек финалдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Шілде, 2025
Алматы облысында 20 мың халқы бар ауыл таза суға қол жеткізе алмай отыр – Мәжіліс депутаты
Алматы маңындағы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында ауызсу мәселесі көп жылдан бері шешілмей келеді. Мәжіліс депутаттары Максим Рожин мен Данияр Қасқарауов өңірге жұмыс сапары аясында ауыл тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Шілде, 2025
Астанада ауру малдың еті сатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған «Астана қаласындағы “Әлем” сауда орнына сібір жарасымен ауырған малдың еті жеткізілді» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл мәліметті Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Шілде, 2025
Үкімет Үштөбенің жылу желілеріне қаражат бөлді
Мемлекет басшысының өңірлердегі инженерлік желілер мен жылу көздерін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет резервінен Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 02 Шілде, 2025
Назым Қызайбай әлем кубогінің жартылай финалына өтті
Астанада өтіп жатқан әлемдік доданың сағат 14:00-де басталған күндізгі сессиясында қазақтың үш бұрымды боксшысы жарыс жолына шыққан болатын. Олардың екеуі жеңіске жетіп, біреуі есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 02 Шілде, 2025
Павлодар мен Екібастұздың жылу желілері жөнделеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Павлодар облысында инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Осы мақсатта Үкімет резервінен Павлодар және Екібастұз қалаларындағы жылу желілерін жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 3,8 миллиард теңге бөлінді. Қаражат бөлу туралы тиісті қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Шілде, 2025
Көлік министрлігі асфальт-бетон зауыттарын тексерді
Көлік министрлігі асфальт-бетон зауыттарының жұмысына бақылауды күшейтті. Инспекциялық жұмыстарды автомобиль көлігі комитетіне қарасты жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Шілде, 2025
«Баспалар үйінің» акциялары мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы «Баспалар үйі» («Баспа үйі») акционерлік қоғамының 100 пайыз акциясын мемлекет меншігіне қайтаруды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Шілде, 2025
Қытайдағы су тасқынынан 9 адам қаза тапты
Қытайдың орталық және оңтүстік өңірлерінде болған су тасқыны салдарынан кемінде тоғыз адам қаза тауып, он мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Шілде, 2025
Павлодарда жылу желілері жөнделіп жатыр
Келер қысқа дайындық жұмыстары Павлодар облысында қарқын ала бастады. Павлодар және Екібастұз қалаларындағы тозығы жеткен жылу желілерін жөндеуге Үкімет резервінен 3,8 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл туралы тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Шілде, 2025
Астанадағы жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Астанада жол апатынан Toyota Land Cruiser автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 01 Шілде, 2025
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылды
Ақтөбе қаласында ауқымды аула аумақтарын кешенді абаттандыру жобасы іске асырылып жатыр. Жоба барысында тұрғындардың пікірлері ескеріліп отыр. Аулалардың бірінде – тұрғындар сұранысы бойынша автотұрақтар кеңейтілсе, енді бірінде – балалар және спорт алаңдары салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 01 Шілде, 2025
Астанада халықаралық арбитраж апталығы басталды
Елордадағы Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) биылғы «ХТО Еуразиялық арбитраж апталығы 2025» (EAW25) шарасы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Руанда Президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамены Руанда Республикасының тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 01 Шілде, 2025
Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы басталады
1 тамызда елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Ауқымды статистикалық шара барлық өңірді қамтып, өзекті деректердің маңызды көзіне айналады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай Генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 01 Шілде, 2025
Трамп: «Дүкеніңді жап та, Оңтүстік Африкаңа қайт»
АҚШ Президенті Дональд Трамп пен әйгілі кәсіпкер Илон Маск арасындағы риторикалық қақтығыс жаңа қарқын алып отыр. Бұған себеп – Сенат қарауындағы шығындар мен салықтарға қатысты заң жобасы. Маск бұл құжатты «ақылға қонбайтын» және Республикалық партия үшін «саяси суицид» деп бағаласа, Трамп оған жауап ретінде: «Дүкеніңді жап та, үйіңе – Оңтүстік Африкаға қайт» деп шүйлікті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Шілде, 2025
Биыл 202 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда енгізілген Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) арқылы әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде көрсету жүйесі қарқынды жұмыс істеуде. Есепті кезеңде 259,5 мың азаматқа мемлекеттік қолдау шаралары туралы SMS-хабарлама жіберіліп, олардың 202,1 мыңы өтінішсіз-ақ жәрдемақы мен төлемдер алу мүмкіндігін пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Шілде, 2025
Президент ШЫҰ-ның бас хатшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 01 Шілде, 2025
«Астана» ФК әлі де көш бастап тұр
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 14 туры аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Шілде, 2025
Рамзан Қадыров Дәурен Абаевқа алғыс айтты
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram парақшасында 17 жастағы ұлының үйлену тойына келген қонақтарына алғыс айтты, оның ішінде Қазақстан елшісі де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Шілде, 2025
Президент Асхат Жұмағалиға нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға белсенді және нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Шілде, 2025
Қаражат қолданылмаса зейнетақы түсімі тоқтатылады
Соңғы күндері ел ішінде «зейнеткерлер шотынан ақша шешпесе, зейнетақы түсімі тоқтатылады екен» деген әңгіме айтыла бастады. Бұған себеп – Петропавл қаласында орын алған оқиға. 72 жастағы зейнеткердің үш ай бойы банктегі карточкасын пайдаланбауы салдарынан төлем тоқтап қалған. Осы жағдай жұртшылық арасында алаңдаушылық туғызды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 01 Шілде, 2025
Туристерге Жұмбақтасқа шығуға тыйым салынды
«Бурабай» ұлттық паркінде Жұмбақтас табиғи ескерткішке кіру жабылды. Бұл туралы парктың Instagram парақшасында хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Маусым, 2025
Халықаралық World Boccia Challenger турнирі өтеді
Биылғы 20-28 тамыз аралығында елімізде алғаш рет беделді халықаралық турнир – Astana 2025 World Boccia Challenger өтеді. Жаһандық сайысқа әлемнің әр қиырынан командалар қатысуға ықылас танытып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 30 Маусым, 2025
Grape: Жаман ауруды анықтайтын ЖИ
«Alibaba Group» асқазан қатерлі ісігін қарапайым компьютерлік томография арқылы анықтай алатын жаңа жасанды интеллект жүйесін жасап шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
Тактикалық іс-қимыл аудиториясын таныстырды
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдерін ІІМ басқару Академиясындағы Ұлттық ұлан аудиториясының мүмкіндіктерімен таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоны Конго Демократиялық Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
Алматыда 210 жас лейтенант әскери институтты тәмамдады
Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының түлектерін ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында 210 жас лейтенантқа әскери жоғары оқу орнын аяқтағаны туралы дипломдар табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Маусым, 2025
Қ.Тоқаев заңнамалық өзгерістерді мақұлдады
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.