ас
Президент • 05 Маусым, 2025
Болгария Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 04 Маусым, 2025
Журналистер құқықтық сауаттылығын арттырды
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жылқышиева «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің ұжымымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2025
Қазақстанда фастфуд жарнамаларына шектеу қойылады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азық-түлік өнімдеріндегі қоректік заттардың арнайы профилін әзірлеуге кірісті. Бұл бастама жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында қолға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Маусым, 2025
Науқастар бюрократиямен күресіп жүр - Асхат Аймағамбетов
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Парламенті депутаты Асхат Аймағамбетов еліміздегі дәрі-дәрмекпен қамту жүйесінің өзекті мәселелері мен денсаулық сақтау саласындағы жүйелі дағдарысты ашық мәлімдеді. Ол дәрілердің қымбаттығы, қолжетімсіздігі, ескірген емдеу хаттамалары мен фармацевтикалық бюрократияны қатаң сынға алып, нақты мысалдар келтіре отырып, 7 қадамнан тұратын реформалау ұсынысын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Астанада шетелге жұмысқа дайындайтын орталық ашылды
Елордада шетелде еңбек етуге ниетті азаматтарға арналған жаңа көші-қон алдындағы дайындық орталығы ашылды. Бұл бастама қазақстандықтардың шетелде жұмысқа орналасар алдында жақсырақ дайындалуына, қорғалуына және ақпараттандырылуына бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада Құрбан айт мерекесіне орай 2025 жылғы 7-8 маусым күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Маусым, 2025
Астана мен Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері бейнежетонмен қамтылды
Астана мен Алматыда жедел медициналық жәрдем фельдшерлеріне арналған смарт-бейнежетондарды енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 04 Маусым, 2025
Түркістандық түлек Еуропаға шақырту алды
Аталған облыстың Келес ауданы білім бөліміне қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбубәкір Арманұлы бірнеше халықаралық білім грантына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 04 Маусым, 2025
«Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталды
Ұлытау облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 2025 жылғы еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды еңбекке баулу және экологиялық мәдениетті дамыту, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Маусым, 2025
10 мыңнан астам бала бір мезетте әнұранды шырқады
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жазғы лагерьлерінде ауқымды патриоттық іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 04 Маусым, 2025
Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы әкелінді
3 маусымда – «Жабайы жылқылардың оралуы» жобасы аясындағы екінші халықаралық тасымал іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2025
Астанада тұрғын үйдегі өрттен 100-ге жуық адам эвакуацияланды
Астанада 4 маусымға қараған түні «Жеті бөшке» тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Жалпы өрттің аумағы шамамен 250 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2025
Атбасар темір жол станциясының бастығы ірі көлемде пара алған
Атбасар темір жол станциясының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталған. Бұл ақпаратты ҰҚК растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 04 Маусым, 2025
Шымкентте алтын сатушыға ақша бергендер сан соғып қалды
Елімізде жылдан жылға қаржы пирамидалары саны көбейіп барады. Олар артыңнан адам кіргізсең жылдам табыс табасың деп халықты алдап, сеніміне кіріп бар ақшасын қағып алып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 03 Маусым, 2025
Қызылордада 3 күнде есірткі өсірудің 5 дерегі анықталды
Елімізде «Қарасора - 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. 1 маусым – 31 қазан аралығында өтетін шараның алғашқы 3 күнінде Қызылордада есірткі өсірудің 5 дерегі анықталыпты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 03 Маусым, 2025
Шымкентте жемқорлық қылмысы тыйылмай тұр
Жемқорлық – қоғам дерті деп бекер айтпайды. Өйткені ол елдің дамуын тежейді. Адам санасында бәрін ақша шешеді деген ой қалыптасса және ол нақты іспен көрінсе қоғамда әділдік, сенім жоғалады. Жемқорлық араласқан қызмет те жұмыс та сапасыз болады. Ал одан жапа шегетін қарапайым халық пен мемлекет. Сондықтан парақорлықпен күрес әр азаматтың міндеті болуға тиіс және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік мәдениеті қалыптасуы керек, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Маусым, 2025
ШҚО-да аурухана алдынан ер адамның мәйіті табылды
Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында бір топ адамның жас жігітті ұрлап, артынан оның денесін Өскемен қаласындағы аурухана алдына қалдырып кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 03 Маусым, 2025
Адал өндірушілердің бірыңғай тізімі жасалады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап отандық адал тауар өндірушілер автоматты түрде бірыңғай тізілімге енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 03 Маусым, 2025
Астана көшелерінің біріне армян ғалымының аты беріледі
Астана қалалық мәслихатында қаладағы атаусыз көшелердің біріне армян ғалымы, тілтанушы әрі армян әліпбиінің негізін қалаушы – Месроп Маштоцтың есімін беру мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Маусым, 2025
Қазақстанда мемлекеттік сатып алу мерзімі қысқартылды
Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Бұрын конкурс өткізу және жеңімпазды анықтау процесі шамамен екі айға созылса, қазір бұл мерзім едәуір қысқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Маусым, 2025
Бектенов мемлекеттік қолдау алатын кәсіпорындарға ескерту жасады
Премьер-министр бюджет қаржысы мен даму институттарының қаражаты Қазақстан экономикасына жұмыс істеуі керектігін қадап айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Маусым, 2025
Елімізде өңдеу өнеркәсібі 7,2 пайызға артты
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 03 Маусым, 2025
Үкіметте бизнестің цифрлық картасын жетілдіру ұсынылды
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов отандық өндірісті қолдау мәселесін көтеріп, жаңа ынталандыру шараларын қарастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Маусым, 2025
Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынай бастайды
2025 жылдың соңына қарай Каспий теңізінде Ақтаудан Махачкалаға дейін круиздік лайнер қатынасы қолға алынады, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 03 Маусым, 2025
Педагогтерге арналған байқауға өтініш қабылдау басталды
Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауын Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Маусым, 2025
Жаздың алғашқы күндерінде екі жасөспірім суға батып кетті
Павлодар және Ақтөбе облыстарында 16 жастағы екі жасөспірім суға батып, қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 03 Маусым, 2025
Қаракөл көлінің арнасы он жылда алғаш рет толды
Су ресурстары және ирригация министрлігі Талас өзеніндегі «Ойық» гидроторабы арқылы жүргізілген су жіберу нәтижесінде Жамбыл облысындағы «Қазсушар» филиалы Қаракөл көліне су толтырып, Сұлукөл көліне де су жеткізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 02 Маусым, 2025
СҚО-да бюджет қаражатын жымқырғандарға сот үкімі шықты
Петропавлдың қалалық соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқарған сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысқандарға үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 02 Маусым, 2025
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған цифрлық медиа ашылды
1 маусым күні мектеп оқушыларына арналған QalamBalam атты жаңа медиажоба өз жұмысын бастады. Бұл – 7-16 жастағы балаларға арналған цифрлық БАҚ. Жоба тарих, ғылым, мәдениет және қоғам туралы қысқа, әсерлі әрі бірден назар аудартатын видеолар ұсынады. Осының арқасында ол кәдімгі білім бағдарламасын түсінуге көмектесіп қана қоймай, мектепте берілетін мағлұматтан бөлек қызық деректермен танысуға да мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Маусым, 2025
Азия бәсекесіне баратын гимнастар анықталды
Спорттық гимнастикадан ерлер арасында Азия чемпионаты – Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.