ҚС
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Ресейден Қазақстанға өтетін газ құбыры қашан іске қосылады?
Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзиттелетін ресейлік газ көлемі жүйелі түрде артып келеді. Бұл жоба Орталық Азиядағы аймақтық тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып, елдердің өнеркәсіптік дамуына серпін береді, бизнес ахуалды жақсартып, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Бүгін, 11:50
Дохада Қазақстанның Мәдениет күндері басталды
Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстанның Мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға мемлекеттік сапары кезінде екі ел басшылары арасындағы келісімдердің нәтижесінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • Бүгін, 11:18
2025 жылы Қазақстан әлем елдеріне қанша тонна мұнай сатты?
Былтыр Қазақстан мұнайы 29 мемлекетке экспортталып, ұлттық экономиканың валюталық түсімінің жартысынан астамын қамтамасыз еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • Бүгін, 10:49
Қосылған құн салығы дәрі-дәрмек бағасына әсер етпейді
Үкімет қаулысымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттардың қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босату көзделген. Осы қадамның арқасында дәрі-дәрмек бағасын мейлінше ұстап тұруға мүмкіндік туады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • Бүгін, 10:25
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы автомобиль жолдарының жағдайы туралы мәлімет берді. 5 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
«Таза Қазақстан» жаңа Конституцияның өзегіне айналмақ
Елімізде экологиялық сананы қалыптастыру жоғары білім беру жүйесінің маңызды бағытына айналып отыр. Бұл ұстаным жаңа Конституция жобасында да көрініс тапқан. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова экологиялық ойлау принциптері жастар тәрбиесі мен адами капиталды дамытуға тікелей әсер ететінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Отандық электробустар Пәкістанға жол тартты
Пәкістан Қазақстанда өндірілген 600 электробусты сатып алады. Жалпы құны 108 млн долларды құрайтын бұл келісім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Исламабадқа ресми сапары аясында жасалып, екі ел арасындағы ең ірі өнеркәсіптік келісімдердің біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Тұман, көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
5-7 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • Кеше
Мақсат Толықбай: Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды
Қазір елде қоғам талқысына ұсынылған жаңа Конституция жобасына қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Толықбайдың айтуынша, біздің айтқандарымыз көбіне екі-үш тармақтың төңірегінен аспай жатқандай әсер қалдырады. Ал шын мәнінде, жаңа Конституция 320 тармақтан, 95 баптан тұратын ауқымды құжат, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 03 Ақпан, 2026
Франция Қазақстанның атом-энергетикалық жобаларына қалай қолдау көрсетеді?
Елдегі Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бастаған делегация Францияға жұмыс сапары аясында Парижде мемлекеттік органдар мен француз атом саласындағы жетекші компаниялар өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Қазақстан Халық партиясы Қызылордада жаңа Конституция жобасын талқылады
Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалы партия активінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған ақпараттық-танымдық жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Павлодарда құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы 2 жылға сотталды
Павлодар облысы Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы әлеуметтік осал топтағы азаматтарға аяқталмаған пәтерлерді сатып алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретіндер саны артты
Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін мүшелерін донорлыққа қалдыруға келісім беретін азаматтардың қатары артып келеді. Өткен жылы 13 мыңға жуық адам тиісті рұқсатын рәсімдеген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда үштен бірге жоғары көрсеткіш. Құқықтық статистика орталығының мәліметінше, жақындарының мүшесін мұқтаж жандарға беруге келісетін отбасылардың да саны өсіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Ақпан, 2026
Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?
Дүниежүзілік мұнай нарығындағы негізгі ойыншылар тек жер қойнауындағы байлығымен ғана емес, сол ресурсты игеру қабілетімен де ерекшеленеді. Egemen.kz назарларыңызға мұнай қоры ең көп елдердің тізімін ұсынады.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды
Алматыда спорттық гимнастикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 03 Ақпан, 2026
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Қорғаныс министрлігінің делегациясы инспекциялық сапармен Голан жоталарындағы БҰҰ Күштерінің бөлінген аймақты бақылау жөніндегі миссия орындалатын өңірге барды. Сапарды Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Қазақстан чемпионаты: Бірінші лигада кімдер ойнайды?
Биылғы маусымда футболдан Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасына қатысатын барлық команда анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Ақпан, 2026
Италиядағы ақ Олимпиада: Спортшылардың жарыс кестесі жарияланды
XXV қысқы Олимпиада ойындары осы айдың 6-22 күндері аралығында Италияда өтеді. Туризм және спорт министрлігі отандық спортшылардың жарыс кестесін жариялады. Төрт жылдықтың басты бәсекесіне Қазақстаннан шамамен 40 атлет қатысып, спорттың 10 түрі бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 30 Қаңтар, 2026
Үкімет волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған Ұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті
Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Волонтерлер форумы өтті. Форум Қазақстанда Халықаралық еріктілер жылының ұлттық бастамасы болды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 30 Қаңтар, 2026
Футболдан әлемдік рейтинг жарияланды: Қазақстан нешінші орында тұр?
Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) әлемдегі футбол лигаларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 30 Қаңтар, 2026
Сарапшылар: 2026 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,9% болады
Applied Economics Research Centre (AERC) сарапшылары Қазақстан экономикасына қатысты тоқсандық «Макроэкономикалық шолуды» жариялады. Жаңартылған болжамға сәйкес, 2026 жылы ел экономикасы 4,9% өседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 29 Қаңтар, 2026
Саясат Нұрбек Британ-Қазақстан қоғамының мүшелігіне қабылданды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Британ-Қазақстан қоғамының мүшелігіне ресми түрде қабылданды. Қабылдау рәсімі Ұлыбританияның Лордтар палатасында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Қаңтар, 2026
Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек шығарылады
Үкімет отандық фармацевтика саласын дамытуға бағытталған ірі келісімдерді мақұлдады. Алдағы бірнеше жылда Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіру жоспарланып отыр. Бұл бастама елдің дәрі-дәрмекпен қамтудағы тәуелсіздігін арттыруға және халық үшін қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2026
Халықаралық Қызыл Крест ұйымы Қазақстанға алғыс айтты
Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Орталық Азиядағы Өңірлік делегациясының басшысы Биляна Милошевич Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевпен кездесуінде ұйымның гуманитарлық миссиясын жүзеге асыруға көрсетіліп жатқан тұрақты қолдауы үшін Қазақстан тарапына алғысын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 29 Қаңтар, 2026
Үнді мұхитына жол: Қазақстан Ауғанстан арқылы теміржол салмақ
Еліміз оңтүстік бағыттағы логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Ауғанстан аумағы арқылы теміржол салуды жоспарлап отыр. Жоба жүзеге асса, ел Үнді мұхитына тікелей шығатын ең қысқа маршрутқа қол жеткізіп, Пәкістан порттарына жол ашады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Наурыз айында ел тұрғындары қанша күн демалады?
8 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, 9 наурыз күні қосымша демалыс беріледі. Ал Наурыз мерекесінде азаматтар қатарынан бес күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2026
Қазақстан Бейбітшілік кеңесінің құрылтайшысы болды
Қазақстан Дональд Трамп бастамашы болған жаңа халықаралық құрылым – Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушы мемлекеттердің бірі ретінде ресми мәртебе алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 28 Қаңтар, 2026
Қазақстан «Лукойл» компаниясына қатысты АҚШ-қа хат жолдады
Қазақстан АҚШ-қа «Лукойлдың» елдегі жобалардағы үлесіне қатысты ресми өтініш жолдады. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 28 Қаңтар, 2026
Қазақстанда төрт «жасыл» электр стансасы салынады
Бүгін Мәжіліс 2024 жылдың 12 қарашасында Баку қаласында қол қойылған Қазақстан және Қытай арасындағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімді ратификациялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
Отандық өнімдер дүкен сөрелерінде қашан төрге озады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтай түрлі салаларға қатысты мәселелер көтерілген алаңға айналды. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) қысымымен Қазақстандағы аграрлық қайта өңдеуді шектеу мәселесін ашып айтты, деп жазады Egemen.kz.