Редакция таңдауы
Мына бір фото соғыс жылдары Қызыл Армияның Әскери әуе кұштерінің үнпарағы «Сталинский сокол» (жауапты редакторы В.П.Масковский) газетінің 1944 жылғы 5 желтоқсан күнгі №98 (292) санына жарияланыпты. Жәдігердің астына: «Бірінші Прибалтика майданы. Қазақ экипажы. Звено командирі үш орденді гвардия аға лейтенанты Есіркепов – 100 дүркін жауынгерлік ұшу жасаған. Звено штурманы гвардия лейтенанты Имашев – 50 дүркін жауынгерлік ұшу жасаған. Екі орденді радист-атқыш гвардия сержанты Тәжібаев 30 дүркін жауынгерлік ұшу жасаған. Барлығы – Сталинград, Белоруссия, Прибалтика шайқастарына қатысқан. Суретті түсірген И.Фигурова», деп жазылыпты.
24 Маусым, 2025
Будапештте бұйырғаны – жалғыз жүлде
Мажарстан астанасы Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Төрткүл дүниенің теңдессіздері бас қосқан бәсекеде еліміздің құрамасы жалғыз медальды қанағат тұтты. Оны Әбиба Әбужақынова жеңіп алды. Аса жеңіл салмақта белдескен қазақ қызы финалда ұтылып, күміс медаль иеленді. Өкінішке қарай, өзге балуандарымыздың бірде-біреуі жеңіс тұғырына көтеріле алмады.
24 Маусым, 2025
«Егемендіктер» – үздіктер қатарында
Елордада журналистер арасында бірнеше спорт түрінен қалалық спартакиада өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында ұйымдастырылған сайыста қалам ұстаған әріптестер алаңда да әлеуетін сынап көрді.
24 Маусым, 2025
Қазақ халқы қай заманда да Заңға бас иген – Президент
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысып, әділетті және қауіпсіз қоғам құрудағы құқық үстемдігінің рөліне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Маусым, 2025
Бүгін – Мемлекеттік қызметкерлер күні
Бүгін Қазақстанда ресми кәсіби мерекелердің бірі – Мемлекеттік қызметкерлер күні. Бұл дата 2013 жылы 23 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген болатын, деп жазады Egemen.kz.
23 Маусым, 2025
Қазақстандық жастар Ташкентте өткен форумға қатысты
2025 жылғы 16-18 маусым күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының III Диаспора жастары форумы ұйымдастырылды. «Шекарасыз мұра: болашақты қалыптастыратын диаспораның жас көшбасшылары» атты форумға Қазақстаннан «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Маусым, 2025
Үкіметте дәрі-дәрмек өндірісін кеңейту жобасы талқыланды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Астанада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысы аясында Polpharma Group бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті. Кездесу барысында тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Маусым, 2025
Абай облысында жер сілкінісі тіркелді
2025 жылғы 23 маусымда Абай облысында магнитудасы 4.0 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Ұлттық деректер орталығы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
23 Маусым, 2025
Колледждерде студенттерді халықаралық сертификаттау басталды
Қазақстанда алғаш рет техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері халықаралық деңгейде кәсіби құзыреттерін растай бастады. Бұл бастама Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынып, білім алушылардың нақты дағдыларын мойындаудың жаңа құралы ретінде енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Маусым, 2025
Президенттік жастар кадр резервінің әлеуеті зор
Мемлекеттік қызметке әлеуеті жоғары жастар қажет. Әсіресе мемлекеттік аппараттың бірнеше салалық кадры күш-жігері мен білімін жұмсайтын қызметкерлердің жаңа легімен толығуға тиіс. Осы мақсатта Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервін (ПЖКР) жасақтауды тапсырған еді. Қазір олардың саны жыл сайын артып, барлығы дерлік түрлі қызметке орналасқан.
21 Маусым, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру аясында Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті Павлодар облысында көшпелі отырыс өткізді. Басқосудың басты мақсаты – ауыл тұрғындары өндірген өнімді өңдеу және тиімді өткізу инфрақұрылымын қалыптастыру мәселесін жан-жақты талқылау.
21 Маусым, 2025
Аспалы көпірге жөндеу жүргізіліп жатыр
Семейдегі 25 жыл бұрын пайдалануға берілген аспалы көпірдің бүгінде тозығы жетіп, өңі ескірген. Жақында нысанға күрделі жөндеу жүргізіле бастады.
21 Маусым, 2025
Кейінгі бірнеше жылдың бедерінде облыс орталығы Тараз қаласының көшелері едәуір жаңарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында көлік-логистика саласын жақсарту, қала жолдарының сапасын арттыру туралы тапсырма бергені белгілі. Содан да болса керек, қала ішіндегі көше жолдарының сапасы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің айтуынша, бұл бағытта қолға алынған жұмыс ілкі сәтке де тоқтамақ емес.
21 Маусым, 2025
Отандық медицинаның озық тәжірибесі
Биыл жылдың басында Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру операциясы жасалды. Он жыл бұрын бауыр циррозына шалдыққан 40 жастағы келіншекке күйеуі мен ағасының ағзасы сәйкес келмей, доноры қайнысы болды. Дәрігерлер 10 сағатқа созылған күрделі операция барысында донор бауырының 65%-ын реципиентке салып, операцияны сәтті аяқтады.
21 Маусым, 2025
Индустриялық аймаққа инвестиция тартылды
Ақмола облысында республикалық маңызы бар «AQMOLA» индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті.
21 Маусым, 2025
Су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құрылады
Премьер-министр Олжас Бектенов вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді.
21 Маусым, 2025
Ормұз бұғазы жабылса, мұнай бағасы күрт өсуі мүмкін
Citigroup сарапшылары Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызы жоғары Ормұз бұғазы жабылған жағдайда Brent маркалы мұнай бағасы 90 долларға дейін көтерілуі мүмкін деген болжам айтты. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
20 Маусым, 2025
Ерекше балаларға елдік қамқорлық қажет
Қоғамның өркениеттілігі ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға, әсіресе балаларға деген көзқарасымен өлшенеді. Олардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамға бейімделуіне жағдай жасау – тек ата-аналардың ғана емес, мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.
20 Маусым, 2025
Әбіш Кекілбаевтың жеке архиві мемлекет қорына тапсырылды
Алаш руханиятының алыбы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы – қазақ елінің тарихи жадындағы алтын арқау. Бүгін осы бір тау тұлғаның рухани мұрасын ұрпаққа аманаттап, келер буынға табыстау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне мемлекеттік сақтауға ресми тапсыруға арналған салтанатты шара ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
20 Маусым, 2025
«Қартайған» халық қатарына қосылмайық десек...
Келешекте еліміздің демографиялық жағдайы күрделі мәселелермен бетпе-бет келуі мүмкін. Себебі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда елдегі халықтың туу деңгейі төмендеп, қарттық жастағы азаматтарының үлес салмағы артқан. Мамандар бұл қауіптің алдын алу үшін демографиялық дамудың бірыңғай жүйесін жасап, арнайы бағдарламалар қабылдау керектігін айтады.
20 Маусым, 2025