Редакция таңдауы
Кешегі кеңес өкіметі кезінде аса ардақталған азаматтың бірі – Социалистік Еңбек Ері Шоман Шәріпбаев. Иә, онда еңбек адамына көрсетілетін құрмет-сый ерекше еді ғой. Соңғы кездері тәуелсіз елімізде де еңбекке, осыдан береке тауып отырған кәсіп иелеріне деген көзқарастың барынша жақсарғаны, оған қоса жұмысшы мамандықтарының айтарлықтай дәріптеліп жатқаны қуантады.
15 Сәуір, 2025
Теңіздей тақсіретті сахнаға сыйдырған
І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Халық өнері мен музыкасын насихаттауға, дамытуға зор үлес қосқан қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың есімін иеленген қазақ театры – еліміздегі классикалық, тарихи, аударма және заманауи шығармаларды сахналауда терең ізденістерге барып жүрген ұжымдардың бірі.
15 Сәуір, 2025
Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде топ жарды
Қазақстандық жас спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияның Мец қаласында өткен халықаралық WTT Youth Star Contender Metz турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Сәуір, 2025
Президент бітімгерлік контингентінің әскери қызметшілерімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық бітімгерлік құрам сапында табысты қызмет атқарып, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосқан офицерлермен және сарбаздармен кездесті. Президент елімізге жүктелген жауапты міндетті жоғары деңгейде атқарып келген әскерилер ерлік пен батылдықтың озық үлгісін көрсеткенін, сол арқылы Ұлттық армиямыздың, тұтас мемлекетіміздің беделі көтерілгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Сәуір, 2025
Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Елімізде жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 44,3 млрд теңгеге зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 337,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 706,7 млрд теңге жұмсалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Сәуір, 2025
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Мемлекет басшысы Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Сәуір, 2025
Адамзат тарихындағы ең зұлмат қантөгіс – Екінші дүниежүзілік соғыста «Отан үшін, жер үшін!» деп қасық қаны қалғанша, ақтық демі таусылғанша шайқасқан отандастарымыздың ерлігі – бір-бір дастан. Ал елі барда ерен ерлер есімі ешқашан ұмытылмауға тиіс. Осы мақсатта Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архив ұжымы жүйелі жұмыс атқарып келеді.
11 Сәуір, 2025
Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов үш жасар Дінмұхаммед Жұмажанмен және оның ата-анасымен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2025
Сұйытылған газ бағасы тұрақтала ма?
Елімізде сұйытылған мұнай газының (СМГ) көтерме бағасы жарты жылда бір рет қаралады. Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап баға көтерілді. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, СМГ-нің тоннасына шекті көтерме баға 40 320 теңгеден 45 158 теңгеге дейін өскен. Былтыр қараша айында министрлік өкілі аталған мәселеге байланысты баға көрсеткішін қайта қарау керектігін айтқан болатын.
11 Сәуір, 2025
Тоңазытқыш шығаратын зауыт іске қосылды
Түркістан облысы Сауран ауданындағы шағын өнеркәсіптік парк аумағында «UBC Group» халықаралық компаниясының тоңазытқыш шығаратын «Jasyl suyq Qazaqstan» зауыты іске қосылды. Жобаның алғашқы кезеңінде жылына 40 мың сауда тоңазытқышын шығару жоспарланған. Қазір мұнда 350-ге жуық адам жұмыспен қамтылыпты. Жоба толық іске қосылғанда 1 000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
11 Сәуір, 2025
Шерзатқа қатысты сот ашық өтеді
Қоғамды дүрліктірген 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы Талдықорған қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында ашық түрде өтті. Алайда істі Алматы облыстық соты қарап жатыр. Алғашқы отырыста прокурор айыптау актісін ғана оқыды.
11 Сәуір, 2025
Шерзат Болаттың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеудің жаңа мәліметтерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Сәуір, 2025
Қазақстан мен Кипр сотталғандарды беру туралы келісімге келді
Сенат депутаттары Қазақстан мен Кипр арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Сәуір, 2025
Үкімет Қызылорданы ыстық сумен қамтуға 5 млрд теңге бөлді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының бюджетіне ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін Үкімет резервінен нысаналы трансферттер түрінде шамамен 5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Сәуір, 2025
АҚШ-тың «Colossal Biosciences» биотехнологиялық компаниясы 12 мың жыл бұрын өмір сүрген қасқыр түрін қайта тірілтті.
10 Сәуір, 2025
Дүниежүзілік банк зерттеуінің деректері бойынша, ел азаматтарының 14,6%-ы кедейлікте өмір сүреді. Шамамен 2,9 млн адам. Бұл ішкі статистика көрсеткішінен 5,1%-ға, 3 есе көп.
10 Сәуір, 2025
Ірі банктерден 840 млрд теңге түсім түсті
Банк секторының экономикаға ұсынатын несиесі экономикада шешуші рөл атқарып, салық аударымдары арқылы мемлекеттік бюджетті толтыруға айтарлықтай үлес қосады. Мұндай түсімдер әлеуметтік бағдарламаларды, инфрақұрылымдық жобаларды және елді дамытуға қатысты басқа да маңызды бағыттарды қаржыландыруға көмектеседі.
10 Сәуір, 2025
Жастарды баспаналы ететін бағдарлама
Астана, Алматы, Шымкент секілді ірі шаһарларға қоныс аударатын жастардың ішінде оқыған, тұрақты жұмысы барларының өзі бірден тұрғын үй алуға шамасы келе бермейтіні рас. Өйткені көбіне жастардың жалақысы жалдап отырған пәтерінің ақысынан артылмайды. Осынау әлеуметтік мәселені шешу мақсатында мемлекет тарапынан 2019 жылдан бастап жұмысы бар жастарды жалдамалы пәтермен қамтуға мүмкіндік жасалды.
10 Сәуір, 2025
Салық кодексінің жаңа жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, депутаттар Салық кодексінің жобасы мен салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді талқылады. Сондай-ақ палата комитеттері заң және тәртіп қағидатын күшейтуге бағытталған жаңа құжатты жұмысқа қабылдады.
10 Сәуір, 2025
Жауынгер ерлігі – ұрпақ жадында
Дүниежүзін шарпыған соғыста халық шеккен қасіретті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Майданға аттанған 1,2 миллионға жуық отандасымыздың тең жартысына жуығы соғыстан оралмады. Баласынан көз жазған ананың зары, жарынан айырылған әйелдің мұңы, әкеден қалған жетімнің шері адамзат санасында жаңғырып тұрары айдай ақиқат. Соғыс кесірінен әкеден айырылған шерлі жанның бірі менмін. Әкем соғысқа аттанғанда анамның жөргекте жатқан жалғыз ұлы екенмін. Ол майданға аттанып, Отан қорғау жолында қалмақ даласы, Сталинград, Харьковке дейін барып, хабарсыз кеткен.
10 Сәуір, 2025