Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы Хорватия министрін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Сәуір, 2025
Ең танымал отандық 100 кітап сауалнамасы басталды
23 сәуір - Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні атап өтіліп жатыр. Бұл күн былтырғы жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық құрылтайда бекітілді. Президенттің айтуынша, кітап - ұлттың интеллектуалдық және мәдени прогресінің негізі. Сондықтан, елдегі әдеби мұраны сақтау және дамыту мақсатында отандық авторлардың 100 ең танымал кітабы туралы жалпыұлттық сауалнама жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2025
Кейінгі бес жылда есірткіге тәуелді жастар көбейіп барады. Деректерді сараласақ, құрамы құбылған синтетикалық өнімдерді тасымалдаушылар 16 мен 32 жас аралығындағы азаматтар болып шықты. Қазір олардың шамамен 1 200-і осы қылмысы үшін темір торға тоғытылған.
23 Сәуір, 2025
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері мен елордалық жастарымен кездесті.
23 Сәуір, 2025
Ішкі көші-қон қолдаудан кенде болмайды
Кейінгі бес жылда еліміздің халқы тығыз орналасқан өңірлерінен жұмыс күші тапшы облыстарға 48,8 мың адам ерікті түрде қоныс аударған. Оның 14%-ы – Түркістан облысынан. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне қарағанда, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2015 жылдан бері 15 589 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударған.
23 Сәуір, 2025
Биылғы 1 сәуірдегі дерек бойынша, елімізде 2 млн 465 мың адам зейнеткер. Олардың зейнетақысына өткен үш айда республикалық бюджеттен 1 трлн 44,3 млрд теңге бөлінді.
23 Сәуір, 2025
Бір әулеттің жеті ұлы соғыстан оралмаған
Жеңіс күні жақындаған сайын сексеннің сеңгіріне шыққан Әкімкүл әженің көңілі құлазып, мазасы кетеді. Өткен өмірі еске түседі. Отағасы Бәйден Тұрсынбайұлы еңбекқор жан еді. Екеуі бес қыз, бір ұл көрді. Кіші қайнысы Кенжебай оқуға ынтасы зор, жаңалыққа жаны құмар жігіт болып, бұлардың қолында ер жетті. Ағасы Бәйден де бауыры десе жанын беретін. Кенжебай жоғары оқу орнын 1940 жылы бітіріп, арнайы жолдамамен Жамбыл облысының Талас ауданына кетті. Барғанына бір жыл толғанда, 1941 жылдың көктемінде «Үйленемін, тойға келіңіздер!» деген жеделхат жіберді. Ұжымшар жұмысынан шыға алмаған Бәйден інісінің тойына зайыбы Әкімкүлді жіберді.
23 Сәуір, 2025
Ұлыбританиядағы Лондон Корольдік колледжінің ғалымдары алғаш рет зертханада адам тісін өсіріп көрді.
23 Сәуір, 2025
Бүгін - Әскери полиция қызметі күні
1997 жылы 22 сәуірде Президент Жарлығымен әскери полиция қызметі құрылып, содан бері бұл күн ресми түрде аталып өтіледі, деп жазады Egemen.kz.
22 Сәуір, 2025
Ел ішінде америкалық кәсіпкер Джеймс Кэмеронның Қазақстан үкіметінің 40% үлесі бар Eurasian Resources Group (ERG) компаниясын 5 миллиард долларға сатып алғысы келетіні жөнінде хабар тарады. Алайда компания басшылығы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
22 Сәуір, 2025
Христиан қауымының ұлық мейрамы – Пасхадан кейін, 21 сәуірде 89 жасқа қараған шағында Рим Папасы Франциск өмірден өтті. Демі үзілген дінбасының ақырғы аманаты қандай, жерлеу рәсімі қалай өткізіледі және келесі Папа қандай талаптарға сай тағайындалады? Католиктердің қалыптасқан дәстүрін зерделей отырып, осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
22 Сәуір, 2025
Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды
Қайғылы жағдай 21 сәуір күні болған. Марқұм тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Сәуір, 2025
Өткен жылдың соңында шетелдегі қазақ қаламгерлерінің «Ұлы дала» сериясымен тоғыз жинағы жарық көрді. Оны «Отандастар» қоры мен Жазушылар одағы бірлесіп жүзеге асырды.
22 Сәуір, 2025
Kazakhstan емес, Qazaqstan деп жазылса...
Биыл ұлтымыздың төл атауының, яғни «қазақ» этнонимінің қалпына келтірілгеніне 100 жыл толып отыр. 1925 жылғы 15–19 сәуір аралығында өткен V Бүкілқазақ кеңестері сиезінде осындай тарихи шешім қабылданды. Сол алқалы жиында жаңа астана – Ақмешіт қаласының атын «Қызылорда» деп ауыстыру жөнінде де қаулы алынды. Келесі жылы Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын осы қалада өткізу туралы ұйғарымды жұртшылық ризашылықпен мақұлдады. Тарихқа құрмет – егемен елдің баянды ұстанымы, берік ұстыны екені белгілі.
22 Сәуір, 2025
Тау шаңғысы туризмін дамытуға ниетті
Премьер-министр Олжас Бектенов «PGI Management» компаниясының президенті Джоан Виладоматпен тау шаңғысы туризмін дамытудағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді. Жиында Алматы тау кластеріне көңіл бөлінді.
22 Сәуір, 2025
Ерлігі лайықты бағаланбаған танкист
Екінші дүниежүзілік соғыс шындығы әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Басқасын былай қойғанда, жасанған жауға бірлесе қайрат көрсеткен одақ құрамындағы аз ұлт өкілдерінің от бүркіп тұрған майдан өтіндегі ерлігі елеусіз қалып келгені көңілге қаяу салады. Солардың бірі – Берлинге алғаш танкпен кірген Айтмағамбет Нақыпов.
22 Сәуір, 2025
24 сәуірде Таиландтың астанасы – Бангкокта дзюдодан Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Бес тәулікке созылатын бәсекелер барысында 30-дан аса мемлекеттен келген 300-ге тарта балуан бақ сынайды. Олардың қатарында Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттары, басқа да дүбірлі додаларда дараланған дарабоздар да бар.
22 Сәуір, 2025
Вокзалдарға күрделі жөндеу жүргізіледі
Жақында елімізде әбден тозған 125 теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Олардың қатарында Ақтөбе облысындағы Алға, Ақтөбе, Ембі, Қандыағаш, Жем, Қарауылкелді, Шұбарқұдық вокзалдары да бар.
22 Сәуір, 2025
Президент Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Сәуір, 2025
Тоқаев пен Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды
Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Сәуір, 2025