Редакция таңдауы
Жүргізуші куәлігі 400 мың теңге: Шымкентте ХҚКО қызметкерлері ұсталды
2023–2024 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған ХҚКО басшысы Ж.Р. Мурашимов және бірқатар лауазымды тұлғалар теориялық және практикалық емтихандардан өтпей-ақ жүргізуші куәлігін беру схемасын ұйымдастырған. Бұл қызметтің «құны» 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Мамыр, 2025
Этностарды ұйыстырған құндылық
Ежелден қазақ берекенің бастауын ынтымақ, бірліктен іздеген. Тарихи шегініс жасап, өткенге көз салсақ, отарлық езгі мен озбыр саясат ықпалымен келген этнос өкілдерін жатсынбай жәрдем көрсетуі де – қанға сіңген қасиеттен. Демек қазіргі кезең – осынау терең түсінік, өзара сыйластықтың заңды жемісі. Бұл айрықша ұғымды ұлықтап отырған айтулы күнде бойына қазақылық сіңген ауылдағы этнос өкілдерімен тілдестік.
01 Мамыр, 2025
Анатолий Гуреев есімін ауылдастары аса біле бермейді. Ал Төлеген десеңіз, Арқа атырабына танымал. Өйткені жаны да, болмысы да, жүрегі де қазақ. Шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Өзі аламанға ат қосады. Ауылына жанашыр азамат.
01 Мамыр, 2025
Қазақ тілін жүрегімен меңгерген француз азаматы
Қазақ тілінің көркемдігі мен рухани тереңдігіне тәнті болып, оны үйренуге бел буған шетел азаматтарының саны артып келеді. Солардың бірі – Франциядан келген Абдуллах. Ол елімізге деген ықыласын спорт арқылы оятқан. Бүгінде қазақ тілін еркін меңгеріп, Қазақстанда өз кәсібін жүргізіп отыр. Біз Абдуллахпен тіл үйрену жолы, еліміздегі этносаралық қатынастар және болашаққа көзқарасы жайында сұхбаттасқан едік.
01 Мамыр, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыста теңдессіз ерлік жасаған жүзден аса қазақ Кеңес Одағының батыры атанды. Алайда солақай саясаттың кесірінен дер кезінде бағаланбай, көпе-көрінеу қиянат көрген боздақтарымыз да жетерлік. Солардың бірі – Рейхстагқа алғаш болып жеңіс туын тіккен қаһарман тұлға Рақымжан Қошқарбаев.
01 Мамыр, 2025
Ардақ Назаров ажырасатын отбасыларға салық салуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында Қазақстандағы отбасы институтының әлсіреуіне алаңдаушылық білдіріп, ажырасудың алдын алу мақсатында нақты ұсыныстарын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта отбасы құндылықтары үлкен дағдарысқа ұшырап отыр, деп жазады Egemen.kz.
30 Сәуір, 2025
Үкімет алимент борышкерлерінің жағдайын көбірек ойлап отыр - депутат
«Қазақстан халық партиясы» (ҚХП) 2016 жылдан бері алимент төлемеу мәселесін көтеріп келе жатқанын айтқан М.Магеррамов депутаттық сауалын Премьер-министрге жолдады, деп жазады Egemen.kz.
30 Сәуір, 2025
Тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктері кеңейеді - депутат
Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Е. Смышляева Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы заңнаманың жетілдірілген нұсқасы таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
30 Сәуір, 2025
Еуроодақ көздеген гендерлік теңдік
Еуропа одағы Орталық Азия елдерінің жаңғырмалы энергия көздеріне (ЖЭК) көшуін қолдап отыр. Олар жасыл экономика және басқа да салаларда қолжетімді технологиялары және тәжірибесімен бөлісуге дайын. Тіпті қаржылай да қолдау көрсетеді. Ал аймақ елдері, соның ішінде еліміз осы мақсаттағы ЕО талап-тілектерін орындай ала ма?
30 Сәуір, 2025
«Самұрық-Қазына» тобы: Негізгі мақсат – активтер құнын арттырып, шетелден инвестиция тарту
Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикада мемлекеттің қатысуын азайту және жеке сектордың рөлін арттыру жөніндегі Жарлығын орындау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бастамалар бәсекелестікті дамыту, инвестиция көлемін арттыру және тиімділікті арттыруға бағытталған. Осындай үдеріске белсенді қатысушылардың бірі — «Самұрық-Қазына» қоры.
30 Сәуір, 2025
Жасанды интеллект және жаһандық этика
Елорда төрінде Президент іс басқармасы Президенттік орталығының және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің ұйымдастыруымен «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті. Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған іс-шараға астаналық зиялы қауым және халықаралық ұйым өкілдері, жасанды интеллект саласы бойынша зерттеуші ғалымдар, инженерлер мен бағдарлама әзірлеуші мамандар қатысты.
30 Сәуір, 2025
Хабарсыз кеткен ағайындар тағдыры
Адамзатқа ең ауыр нәубет болып келген Екінші дүниежүзілік соғыс тек майдан даласында емес, әр үйдің шаңырағында, әр ананың көз жасы мен талай жеткіншектің жетімдік тағдырында өтті. Қаншама отбасы асқар тау әкесінен, арқа сүйер ағасынан, бауыр еті баласынан айырылды. Майданға сау аттанып, сал боп оралғандармен қоса, із-түзсіз жоғалып, хабар-ошарсыз кеткен боздақтар қаншама. Менің нағашы атам Махан Бейсенбиев солардың бірі еді.
30 Сәуір, 2025
Макинск қаласының тұрғындары екінші жыл қатарынан саябақтарының жайын айтып дабыл қағып келеді. Спортивный көшесінің бойындағы шағын парктің бір бүйірі адам көргісіз. Ағаштары шіріп, батпаққа айналған.
30 Сәуір, 2025
Шұңқырға құлаған баланың өліміне кінәлі шенеуніктер жазаланды
Шымкентте Тұран-1 шағынауданында шұңқырға құлап, суға тұншығып өлген 7 жасар баланың өлімінен кейін Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов орнынан босатылды. Оның орнына 35 жастағы Алмас Абаев әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Сәуір, 2025
Президент «Бәйтерек» холдингінің басшысын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, биылғы жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Сәуір, 2025
Инженерлік инфрақұрылымның 90%-дан астамы цифрландырылған
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында құрылыс саласын цифрландыру және қала құрылысы кадастры мәселесі қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун, сондай-ақ ІТ саласының өкілі Алмас Нұрғалиев баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Сәуір, 2025
Бейбітшілік және келісім саябағында ағаш егілді
Парламент Сенатының депутаттары мен аппарат қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке қатысты.
29 Сәуір, 2025
Құрылыс қарқынына үлес қосқан ұжым
Кейінгі 3-4 жыл көлемінде Қызылордада құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Бұл бағытта темір-бетон өнімдерін шығаратын «КСМ KZ» зауытының еңбегі ерен. Осыдан 56 жыл бұрын ашылған өндіріс орны бүгінде заманауи құрылғылармен жабдықталған.
29 Сәуір, 2025
Былтыр өндіріс кезіндегі жазатайым оқиғадан 1048 жұмыскер зардап шегіп, 202 адам қайтыс болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметінше, өндіріс орындарындағы жарақат алу дерегі 2023 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға төмендеген.
29 Сәуір, 2025
Әлеуметтік инфрақұрылымға басымдық беріледі
Сәтбаев қаласында түйіні шешілмеген мәселе жетерлік. Әсіресе жолдың жайы алаңдатады. Тұрғындар арасында жиі қозғалатын күрмеулі мәселелердің анық-қанығын білу үшін Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат БӨРІБАЕВПЕН жүздескен едік.
29 Сәуір, 2025