Редакция таңдауы
Отан қорғау жолында опат болғандарға тағзым етеміз - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қазақстандықтарды құттықтап, халқымыздың екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жанқияр ерлігі мен еңбегін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Мамыр, 2025
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад басталды
Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Мамыр, 2025
Мажарстан Мемлекеттік жиналысымен байланыс нығая түседі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі тобының жетекшісі Шандор Фазекаш бастаған делегациямен кездесті.
07 Мамыр, 2025
Тарихи деректер – келешекке аманат
Елімізде «Батырларға тағзым» атты портал үздіксіз жұмыс істеп тұр. Онда Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан отандастарымыздың ерлігі мен жанкештілігі туралы құнды ақпараттар жинақталып жатыр. Бір ерекшелігі, веб-порталға кез келген пайдаланушы өз туысқандары туралы деректерді енгізе алады.
07 Мамыр, 2025
Бітімгер күштер ел беделін көтереді
Еліміздің қарулы күштері 2014 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметіне өз үлесін қосып келеді. Осы уақыт ішінде 80 азамат байқаушы және штаб офицері ретінде бірнеше миссияға атсалысса, 700-ге жуық әскери қызметші БҰҰ-ның арнайы операцияларына қатысқан. Ал өткен жылдан бастап еліміз бітімгерлік қызметті дербес құраммен өз бетінше орындауға кірісті.
07 Мамыр, 2025
Тумысынан он екі мүшесінің кемдігі байқалып, қадам басуы арманға айналған баласының әр қимылы – ата-анаға ерекше қуаныш. Оны жүрегінен өткізген жандар ғана түйсіне алса керек. Былтырдан бері елімізде «Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» жобасы іске асырылып, жақсы нәтиже көрсетті. Жеті айдың ішінде 247 бала инновациялық техникалық құралдың игілігін көріп, 178 науқаста оң динамика байқалған.
07 Мамыр, 2025
Жеңістің 80 жылдығы құрметіне Астана қаласында дәл бүгін – Отан қорғаушы күнінде үлкен ауқымдағы парад ұйымдастырылатыны күн ілгері белгілі болған. Әскери шерудің дайындық барысын тамашалап қайтқан тілшіміз бұл салтанатты іс-шарада Екінші дүниежүзілік соғыс жеңісінің рәміздерінің біріне айналып, жұлдызы болып жарқыраған «Т-34» танкісінен бастап, бүгінгі заманауи әскери дрондардың да сап түзейтінін біліп қайтқан-ды.
07 Мамыр, 2025
Сауда-экономикалық қатынасқа тың серпін
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Социалистік Республикасы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
07 Мамыр, 2025
Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының медицина мамандары бұрыннан озық технологияларды пайдаланады. Дәрігерлердің біліктілігі жағынан да көп орталықтан көш ілгері. Енді, міне, озық орталықтың жанынан ашылған тағы бір зәулім ғимарат еліміздің онкологиялық ауруларды емдеудегі тәжірибесін молайтады.
07 Мамыр, 2025
Шағын мақаламызда «Шахнамада» айтылатын патшалар дәуірін дәріптемейміз, «Махаббатнамада» суреттелетін маздаған жүректердің жалынына да жылынбаймыз. «Доснамада» адал достық туралы әңгіме қозғаймыз.
07 Мамыр, 2025
Жетісуда 70-тен аса этнос өкілі тұрады. Облыс орталығындағы Достық үйі бірнеше этнобірлестікті бір шаңырақ астында ұйытып отыр. Олар өз дәстүрін ғана емес, қазақ халқының мәдени өміріне шуағын төгіп келеді. Сол себепті Талдықорғанда «Достық аллеясы» ашылды.
07 Мамыр, 2025
Астанада 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай қандай іс-шаралар өтеді
Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
06 Мамыр, 2025
МәшҺүр Жүсіптің тұмарын тағып соғысқа аттанған жігіт жайлы аңыз
Осы әңгіменің бір үзігін бірнеше жыл бұрын кездейсоқ естіп едім. Жеңіс күні қарсаңында сол дерек ойға оралды. Анық-қанығын білмекке Мәшһүр Жүсіптің шөбересі Абай Шарапиевке хабарластық. Әулиенің тікелей ұрпағы тарихтан сыр шерткен оқиғаны баяндап берді.
06 Мамыр, 2025
Ақтөбеде 30 жылдық тарихы бар университет жабылатын болды
Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университеті (ҚОХУ) 2024–2025 оқу жылының соңында өз қызметін ресми түрде тоқтатады. Елімізде 31 жылдан бері студенттерге білім беріп келе жатқан іргелі оқу орнының жабылуына не себеп болды? Egemen.kz тілшісі мәселенің мән-жайын зерделеп көрді.
06 Мамыр, 2025
Сайлау жүйесі бастамаларынан хабардар етті
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Делегация құрамында ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік пен ОСК аппаратының қызметкерлері болды.
06 Мамыр, 2025
«Самұрық-Қазына» қоры ауқымды қайырымдылық іс-шарасын өткізді
Елордадағы Ботаникалық саябақта биыл осымен үшінші рет қатарынан «III Charity Samruk Marathon» қайырымдылық марафоны өтті. Игі іс-шараға «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компания қызметкерлері, қала тұрғындары, кәсіпкерлер, дәрігерлер, ұстаздар, спортшылар мен балалар қатысты.
06 Мамыр, 2025
Бейнеттің зейнетін ерте көреді
Елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілген еді. Биыл жыл басынан бері осындай төлем 1940 азаматқа тағайындалған.
06 Мамыр, 2025
Абай мектебінің құрылысымен танысты
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда Абай ұлттық мектебі ғимаратының құрылысымен танысты. Аталған оқу орны биыл ұлы ақынның 180 жылдығына орай ашылады деп жоспарланып отыр.
06 Мамыр, 2025
ЕКПА-мен серіктестік нығая түседі
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Қазақстан бойынша баяндамашысы және Мажарстан Ұлттық жиналысының депутаты Жолт Неметпен кездесті.
06 Мамыр, 2025
Стратегиялық саланы дамыту мүмкіндігі
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында химия және мұнай химиясы саласын дамыту мәселесі қаралды. Онда тиісті ведомство басшылары мен ұлттық компания жетекшілері саладағы жетістіктер мен кемшіліктерді ортаға салды.
06 Мамыр, 2025