Оқи отырыңыз
Өткен жаз жер емшегін емген диқан қауымға оң қабақ танытпады. Оң қабақ тұрмақ, оңдырмай қырына алған. Жаз бойы аспаннан нәр тамбады. Есесіне қоңыр күзде қара жауын бір тоқтамай төпеледі-ай дейсің келіп. Шала піскен, ылғалы мол астықтың дені бесінші класты болып қалды.
10 Сәуір, 2024
Шымкенттік өнертапқыш, техника ғылымдарының кандидаты Нұрлыбай Манабаев егістік алқабында жұмыс істейтін техниканың 4 түрін біріктіріп, кешенді техника етіп құрастырып шыққан.
10 Сәуір, 2024
Басты мақсат – тұрғындардың амандығы
Кеше Сергеев су қоймасында бөгеттен асқан судың биіктігі 415 см-ге жетті. Бұған дейін бөгеттен асқан судың ең биігі 2017 жылы тіркеліп, 338 см-ге жеткен. Бұл жолы одан 77 см-ге асып кетті.
10 Сәуір, 2024
Зардап шеккен 185 бала лагерьге барады
Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде «Су тасқыны болған аймақтарда бірде-бір адам ескерусіз қалмайды, барлығына мемлекет тарапынан көмек болады» деген еді. Осы тапсырмаға сәйкес, Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасы балалары республикалық сауықтыру лагерьлерінде демалатын болды.
10 Сәуір, 2024
Құлсарылықтарды құшағына басты
Құлсары қаласын құрсауға алған тасқынның хабары естілісімен Маңғыстауда қозғалыс басталды. Бұл көрші ағайынға көмек қолын созу күбінісі еді.
10 Сәуір, 2024
Вакуумдық түтікше шығаратын кәсіпорын
Гүлия Жүзенова сонау 1995 жылы дәрі-дәрмекті көтерме бағамен саудалайтын фирма ашып, кәсіп бастаған. Мамандығы – фармацевт. Сондықтан бизнестің бұл түрін таңдауы еш кездейсоқтық емес. Жұмысы алға басып, 160 дәріханасы, 11 облыста қоймасы болды. 2010 жылы «Даму» қорының мүмкіндігін пайдаланып, фирмасы үлкен кәсіпорынға айналады. Бүгінде «ЭкоФам Интернейшнл» ЖШС өндіретін медициналық бұйымдар отандық өндірістің мақтанышы болып тұр.
10 Сәуір, 2024
15 учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірқатар учаскелерінде су тасқыны болып, қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2024
Атырауда су тасқынымен күрес барысында адам сүйектері табылды
Махамбет ауданындағы Жайық өзенінің жағасына бөгет тұрғызу үшін топырақ күреу кезінде адамның 12 дана бас сүйегі мен 26 дене сүйегі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2024
Жылыой ауданынан эвакуацияланған балалар сабақты қашықтан оқиды
Атырау облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Жылыой ауданының су басқан елді мекендерінен 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2024
Жетісулық зергер Әсем Ақынова он жылдан бері алтын мен күмістен сырға, жүзік, алқа-білезік жасауды кәсіп етіп келеді. Мемлекеттен алған қаржылай гранты шағын кәсіпкерге үлкен көмек болыпты.
09 Сәуір, 2024
Мол су Ақкөл-Жайылмаға қарай жөңкілді
Керекуде көктемгі су босату шаралары басталды. Қаныш Сәтбаев атындағы су арнасынан жылдағыдай Шідерті өзеніне мол су жіберілді. Жалпы көлемі 87,4 млн текше метр тіршілік нәрі сай-саланы суға толтырып, Ақтоғай ауданы мен Екібастұздың ауылдық аймақтарындағы мал өсіруші ағайынның несібесін еселей түседі.
09 Сәуір, 2024
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында Абылай ханның немересі, Уәли ханның ұлы, заманында Көкшетау округінің аға сұлтаны болған Шыңғыс киген шапан тарихтан сыр шертеді.
09 Сәуір, 2024
Су тасқыны жағдайында азық-түлік бағасы өсіп кетсе, қайда хабарласу керек?
Су тасқыны болған өңірлердегі сауда нысандарында көшпелі ревизия жүргізіліп, азық-түлік пен қажетті тауарлар қорлары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024
Жангелдин ауданының тұрғындары үйлеріне оралып жатыр
Торғай өңіріндегі жойқын су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындары үйлеріне оралып жатыр.
08 Сәуір, 2024
13 учаскеде көлік қозғалысы шектелді
2024 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша сағат 18:00-де халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда, атап айтқанда 6 өңірде: Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024
Париж-2024: Назым Қызайбай лицензиялық турнирде жұдырықтасады
Бүгін Астанада Тайландтағы лицензиялық турнирге қатысатын боксшыларды іріктеу сайыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды
Бүгін, 8 сәуірде еліміздің жастар ресурстық орталықтары мен ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылады және оның әр аптасы белгілі бір тақырыпқа арналады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
08 Сәуір, 2024
Қарғын суға қарсы іс-әрекеттен краншы-зейнеткер тыс қалмады
Ақтөбелік краншы-зейнеткер Шыңғыстау Әбдиев туып-өскен өңірінің жағдайына бей-жай қарамай, қол ұшын созды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.
08 Сәуір, 2024
Алматылықтар Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді
Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқару қызметі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024
Жылыой ауданынан 30 мың адам эвакуацияланды
Су тасқыны салдарынан Атырау облысының Жылыой ауданынан 30 мыңға жуық адам эвакуацияланды, оның ішінде Тұрғызба ауылының 430 тұрғыны бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024