Оқи отырыңыз
Mattel компаниясы алғаш рет 1-типтегі қант диабеті диагнозы бар Барби қуыршағын таныстырды. Бұл тек ойыншық қана емес, балалар бойында жанашырлық пен өзгелерді түсіне білу қабілетін дамытуды көздейтін маңызды бастама. Сонымен қатар, аталған қуыршақ ауруымен күнделікті өмір сүріп жүрген балаларға өздерін сенімді әрі жайлы сезінуге сеп болады, деп жазады Egemen.kz.
09 Шілде, 2025
Қазақстан Орталық Азиядағы ең бейбітсүйгіш ел атанды
Халықаралық экономика және бейбітшілік институты жариялаған Әлемдік бейбітсүйгіш елдер рейтингінде еліміз 56-шы орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Шілде, 2025
Биыл қазақтың көне жыраулық мектебінің аса көрнекті өкілі, жорық жыршысы, қол бастаған әскербасы Ақтамберді жырау Сарыұлының туғанына 350 жыл толды. Айтулы датаға орай даңғайыр жырауды қайыра бір еске алғымыз келеді...
09 Шілде, 2025
1967 жылы атақты «Simon and Garfunkel» дуэті «Fakin’ It» атты музыка жазды. Әннің нақты ұзақтығы – 3 минут 14 секунд.
09 Шілде, 2025
Қазақстан ет сатып 500 млрд теңге табыс табады
Қазақстанда ет экспортын жылына 50 мың тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Министрдің айтуынша, етті мал шаруашылығында австралиялық тәжірибе енгізілетін жобалар арқылы жыл сайын шамамен 500 млрд теңге көлемінде табыс түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Шілде, 2025
Жетісайлық шаруалар су пайдалану ережесін 65 рет бұзған
Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмыс тобы Түркістан облысының Жетісай ауданында суару суын пайдалану ережелерінің 65 бұзушылық дерегін тіркеді. Бұл туралы ведомство басшысы Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен өткен кеңесте белгілі болды. Жиналыс аймақта судың «көлеңкелі нарығына» қарсы күрес шараларын талқылауға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Шілде, 2025
Астана елорда болғалы көптеген әлем көшбасшыларын қабылдады. Саясаткерлер жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, әрдайым Астананы сенімді диалог алаңы ретінде мойындады. Себебі белгілі бір мемлекетке мәселенің түйінін тарқатамын деп барып, одан сайын ушықтырып алатын кездердің мысалы жетеді, ал қазақ елінен көбісі олжалы қайтатын.
05 Шілде, 2025
Білікті бапкер Мадияр Құрамысов жаттықтыратын еліміздің ұлттық құрамасы Түркияның Коджаэли қаласында өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті.
05 Шілде, 2025
Елорданың игілікті инфрақұрылымы
Астана еліміздің бас қаласы ретінде қалыптасу мен дамудың сан түрлі оқиғаларға, тағылымды іс-шараларға толы тағдырлы жолын еңсеріп үлгерді. Осы кезеңде қаланың аумағы төрт есеге, салынған тұрғын үй көлемі жиырма есеге жуық ұлғайып, халық саны төрт еседен астам өсті. Нақтырақ айтқанда, Астана тұрғындарының саны былтыр 1 520 756 адамды құрады. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай қала халқының саны 2,5 миллион адам болады.
05 Шілде, 2025
Ұлттық аспап туралы сөз қозғала қалса, Мұңлық пен Зарлық туралы аңыз сананы сілкілеп, ойыңды онға бөліп, жүрек пен жүйке тамырларын шырқырата түсетіні сөзсіз. Қос ішектен төгілген күй көңіл пернесін дөп басқанда, толқымайтын, шалқымайтын адам кемде-кем шығар. Ханға қаралы хабарды естірткен қасиетті аспаптың құдіретін сезінбеу әсте мүмкін емес. Кетбұғаның «Ақсақ құланынан» жеткен үн жүрегіңді жұлқылай түсетіні де даусыз.
05 Шілде, 2025
Біз жастарымыздың талабына қарап, ел болашағын айқындаймыз. Алдымызда қаншама мақсат-міндет тұр. Осыны орындауда жас буынға үміт артамыз. Сондай жігерлі жастың бірі – тіл маманы, Мәскеуде шыққан «Казахский язык. Самоучитель» (2018) оқу құралының авторы Кәмшат Шахатова еді... Тағдырдың жазуымен болашаққа елеулі жоспар құрып жүрген осы филолог қырық күн бұрын ауыр науқастан бақиға озды.
05 Шілде, 2025
Астана күні қарсаңында елордада коммуналдық сала қызметкерлеріне арналған ерекше нысан ашылды. Абай даңғылы мен А.Янушкевич көшесі қиылысынан орын тепкен «Коммуналдық қызметкерлер аллеясы» тұрғындардың көзайымына айналды десе де болғандай.
05 Шілде, 2025
Әйгілі «Қыз Жібек» фильмінде Төлеген мен Жібектің некесі қиылған соң махаббат нышаны ретінде айдында жүзіп жүрген аққуларды көрсететін эпизод бар. Бірақ сезімтал тіршілік иелері бір-біріне жақындамай, екі жаққа жүзіп, түсірілім тобын біраз әбігерге салған.
05 Шілде, 2025
«Reuters» агенттігінің зерттеуінше, 2024 жылы әлемде жарияланған жаңалықтың 8,5 миллионын жасанды интеллект жазған. Ал адамдардың 72 пайызы тек алгоритм ұсынған контентті тұтынады екен. Бұл – медиадағы адамның рөлін алгоритмдердің біртіндеп алмастырып жатқанын көрсетеді. Алайда мәселе тек ақпаратпен шектелмейді. Бүгінде ЖИ диагноз қояды, несие беру-бермеуді шешеді, көлікті өзі жүргізеді, тіпті адам бейнесін тірілтіп, онымен сөйлесуге мүмкіндік береді. Яғни жасанды интеллект көмекші құрал ғана емес, адам орнына шешім қабылдайтын жүйеге айналып барады.
04 Шілде, 2025
Юрий Никулинмен қалай кездестік?
Бір топ солдат ну орманды аралап келе жаттық. Кенет алдымыздан қаз-қатар сап түзеп тұрған әскери техникалар шыға келді. Таңырқағаннан аузымыз ашылып қалыпты. Қоршаудан оңай өттік. Жастық желік қойсын ба, әрқайсымыз әр техникаға барып, төбесіне шығып жатырмыз. Ойпырмай, мұнда не жоқ дейсіз? Кәдімгі ат-арбадан бастап, танкілердің нешеме атасы қойылыпты. Немістердің де танкілері, жүк көліктері, қару-жарақтары тізіліп тұр. Алдыңғы жетектеуші бөлігіне кәдімгі дөңгелек орнатқан шынжыр табанды танкіні алғаш көруіміз. Ұшақтардың да бірнеше түрі бар.
04 Шілде, 2025
Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Мадияр Құрамысов балуандардың Азия ойындарынан алтын медаль олжалай алмай келе жатқанына 31 жыл болғанын айтты. 1994 жылы Мәулен Мамыров Азия ойындарында чемпион атанып, құрлықтың аламанында ат ойнатты. Содан бері балуандарымызға бұл асқар асу берілмей келеді. Келесі жылы Азия ойындарын Жапония қабылдайды. Нагоя қаласындағы дүбірлі аламанда еркін күрестен алтын медаль олжалау – балуандарға серт.
04 Шілде, 2025
Соғыс жылдары тылдағы тіршіліктің бар ауыртпалығын әйелдер мен жас балалар көтерді. Ер-азаматын, әкесін, ағасын майданға шығарып салған аналар, қыз-келіншектер, шиеттей бала-шаға ауыр еңбекке араласып станокта тұрды, оқ-дәрі шығарды, комбайн-тракторға мініп жер жыртты, егін орып, масақ терді, жер астына түсіп көмір қазды, кен өндірді.
04 Шілде, 2025
АҚШ-тың Юта штатында ғалымдар ешбір түрге жатпайтын ежелгі өсімдіктің тасқа айналған қалдықтарын тапты.
04 Шілде, 2025
Ғарыштағы ЖИ деректер орталығы
Қытай ғарышта жасанды интеллект инфрақұрылымын салуды көздеп отыр.
04 Шілде, 2025
Кембридж университетінің ғалымдары адамның ДНҚ-сын қолдан құрастыруды бастады. Бұл – тарихта алғаш рет жүзеге асып отырған тәжірибе.
04 Шілде, 2025