• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Коронавирус 11 Сәуір, 2020

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 11 адамның қай аудандардан екені белгілі болды

1224 рет
көрсетілді

Ауру жұқтырғандардың 2 жағдайы Атырау қаласынан, 9 жағдайы Жылыой ауданынан тіркелді (11.04.2020 жылғы сағат 10:15мәлімет бойынша). Бұл жайында Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қазір қанағаттанарлық,бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.11.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 59 адам анықталды.