• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қараша, 2024

Қазақ спортшылары Халықаралық бадминтон турнирінде жеңіске жетті

136 рет
көрсетілді

Қазақстан спортшылары Бахрейнде өткен Bahrain International Series 2024 халықаралық турнирінде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемнің түкпір-түкпірінен үздік спортшылардың басын қосқан турнирде Қазақстанның екі өкілі - Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек аралас жұптық санатта жеңімпаз атанды. Қазақ дуэті 4 матч өткізіп, алтын жүлдеге ие болды.

Финалда бұл жұп Үнді дуэті Кона Тарун мен Шри Кришна Прия Кудараваллимен кездесті. Панарин мен Жұмабек 21-18, 21-15 есебімен аралас жұптар санатында алтын медаль жеңіп алды.

Одан бөлек, Дмитрий Панарин жеке санатта қола медаль жеңіп алды.

Ерлер арасындағы жекелей сында ол алғашқы екі раундта жеңіске жетті: 1/32 финалда Сайед Эбрахим Хасанмен: 21-10, 21-11, ал 1/16 финалда Ахмад Альджалладпен: 21-11, 21-8.

Осылайша, Дмитрий Панарин Манамада қола медаль жеңіп алды. Бұған дейін Панарин Замбияда алтын жүлде алған еді.