• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:10

Голограмма

20 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта голограммалар көбінесе лазердің көмегімен жасалады. Алайда Шотландия ғалым­дары бұл үдерісті жеңіл­детудің жаңа жолын тапты.

Олар голографиялық метабеткейлер мен органикалық жарық шығаратын диод­тарды біріктіріп, анағұрлым қарапайым әрі ықшам ететін әдіс ұсынды. Дәстүрлі «OLED» экрандары бір ғана бейнені көрсету үшін мыңдаған пиксельді қажет етеді. Ал жаңа тәсіл арқылы зерттеушілер бір ғана «OLED» пикселімен толыққанды кескін проекциялауға болатынын дәлелдеп отыр. Бұл жаңалық голограмма технологиясын смартфондарда, ақылды құрылғыларда, байланыс жүйелерінде, ойын және ойын-сауық салаларында кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермек.