14 қазанға қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Македония Қазақстанмен Скопьеде ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Македония – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады және оны Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.
Алты матчтың қорытындысы бойынша Қазақстанның алты ұпайы бар және J тобында төртінші орында тұр. Соңғы ойында қазақстандық футболшылар Астанада Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді.
Алты матчтан 12 ұпай жинаған Солтүстік Македония топта көш бастады. Соңғы кездесуінде македониялықтар сенсациялық нәтижеге қол жеткізіп, сырт алаңда Бельгиямен 0:0 есебімен тең түсті.