Президент • Бүгін, 09:30

«Российская газета» басылымына Қазақстан Президентінің мақаласы шықты

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапары қарсаңында «Российская газета» басылымына «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін жарқын жол» атты мақаласы жарияланды, деп жазады Egemen.kz

«Российская газета» басылымына Қазақстан Президентінің мақаласы шықты

Мақалада Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің одақтас мемлекет және стратегиялық серіктес екенін, тарихтың өзі біздің мәңгі мызғымас достығымызды айқындап бергенін айтады. Президенттің сөзінше, барлық салада ауқымды әріптестік, гуманитарлық салада тығыз ынтымақтастық өріс жайып келеді.

«Біздің халықтар ғасырлар бойы бірге өмір сүріп, қуанышты да, сынақты да бірге бөлісті, ұлан-ғайыр Еуразия кеңістігінде ортақ мәдени өріс қалыптастырды. Бізді ортақ дәстүрлі құндылықтарға деген көзқарас, қазіргі заманның өзекті мәселелеріне қатысты ұқсас ұстаным және бауырлас халықтардың игілігі үшін бірлесіп атқарып жатқан еңбегіміз біріктіреді. Осы берік іргетасқа сүйене отырып, біз тарихымызға, мәдениетімізге және дәстүрлерімізге өзара құрмет таныта отырып, көпқырлы ынтымақтастық жолымен сенімді түрде алға басып келеміз.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан Ресеймен достық қатынастарды дамытуға айрықша мән беріп келеді. Елдің алғашқы сыртқы саясат тұжырымдамасында, сондай-ақ кейінгі ұқсас құжаттарда Ресей бағыты тұрақты басымдық ретінде айқындалды. 1992 жылы Мәңгілік достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы алғашқы шартқа қол қойылды. Бұл құжат мемлекетаралық қатынастардың берік негізін қалап, халықтарымыздың саналы таңдауын бейнелеген символға айналды. Содан бері әлемде де, посткеңестік кеңістікте де көп нәрсе өзгерді. Алайда сол шарт мәтінінде айтылған басты қағида өзектілігін жоғалтқан жоқ: мәңгілік достық – жай тіркес емес, ол біздің халықтардың қазіргі және болашақ күрделі де көпқырлы шынайылығын философиялық әрі саяси тұрғыдан қабылдауының дәл көрінісі», деп атап көрсетті Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей мазмұнды да сапалы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынас орната алды дей келе, мәңгілік достықтың біздің мемлекеттер мен халықтар үшін бағыт-бағдар беретін жұлдыз іспетті екендігін жеткізеді.