Экономика • Бүгін, 12:49

Жинақ қанша теңгеден басталады?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің қазан айындағы зерттеуінде ел азаматтарының 9,8 пайызы  500 мың мен 1 миллион теңге аралығындағы қаражатты ған жинақ деп санайтынын көрсетті. Ал 7 пайызы үшін 100 мың теңгеге дейінгі ақшаның өзі жинақ саналады, деп жазады Egemen.kz.

Жинақ қанша теңгеден басталады?

Фото: pinterest.com

FusionLab компаниясы жүргізген сауалнамаға 1,5 мың адам қатысқан. «Қандай соманы бүгінде жинақ деп есептеуге болады?» деген сұраққа жауап бергендердің ішінде ең көп бөлігі (9,8%) 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі соманы атаған. Тағы 7,1 пайызы үшін жинақ көлемі 100 мың теңгеден басталады.

Респонденттердің 19,1 пайызы жинақ деп 1 миллион теңгеден асатын соманы санайды. 3,9 пайызы үшін бұл шек – 10 миллион теңгеден жоғары. 0,6 пайыз қазақстандықтар жинақ деп 50–100 миллион теңге аралығындағы соманы атаса, 0,9 пайызы – 100-500 миллион теңге көлемін көрсеткен. Тіпті 0,1 пайызы үшін жинақ көлемі 1 миллиард теңгеден басталады.

Сол сауалнама нәтижесінде елдегі ең көп табыс тобы да анықталды: 34,7 пайыз азамат айына 150 -300 мың теңге табыс табады. 21,9 пайызының айлығы – 300-500 мың теңге аралығында. Ал 10,2 пайыз респонденттің жалақысы 500 мың теңгеден жоғары.