Өсу жолы өркенді
Сәрсенбі күні Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының Парламентіне – 15 жыл: қалыптасуы және дамуы» деген тақырыпта ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Оның жұмысын Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Бобров жүргізіп отырды. Конференция жұмысын ол Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың құттықтау сөзін оқып беруден бастады. Құттықтауда еліміздегі қос палаталы кәсіби Парламенттің 15 жылда жан-жақты қалыптасқаны атап өтіліп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғам алдына қойған міндеттемелерді шешуде Парламенттің қажетті заңдарды қабылдап келе жатқаны айтылған. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рақмет Мұқашев сөз сөйледі. Ол 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституцияға сәйкес өмірге келген қос палаталы кәсіби Парламенттің өсу жолдары, Сенат пен Мәжілістің заң шығарудағы жетістіктері жайына тоқталды. Парламенттің қалыптасуына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған басшылық ықпалы мен рөлі жайында айтып өтті. Конференция бағдарламасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Парламентімен заң шығару қызметі бөлігінде өзара іс-қимыл жасау мәселелері» деген тақырыпта Әділет министрінің орынбасары Дулат Құсдәулетов әңгімеледі. Сонымен қатар, заң ғылымдарының докторы, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің президенті, «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Мақсұт Нәрікбаев «Қазақстан Парламенті: кейбір мәселелері мен даму резервтері» деген тақырыпта қосымша баяндама жасады. Конференцияда «Парламент пен Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара қарым-қатынасы дамуының конституциялық негіздері» тақырыбында саясат ғылымдарының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов сөз сөйледі. «Қазақстандағы Парламент: өткені, қазіргісі, келешегі» тақырыбы бойынша саясат ғылымдарының докторы, профессор, Мәжіліс депутаты Камал Бұрханов, «Қазақстан Парламентінде салт-дәстүрді демократияландыруды қалыптастыру туралы» деген тақырыпта философия ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының директоры Болат Байқадамов ой-пікірін ортаға салды. Конференцияда басқа да қоғам қайраткерлері, парламентшілер сөз сөйледі. Жиын Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобровтың қорытынды сөзімен аяқталды. Жақсыбай САМРАТ.• 28 Қаңтар, 2011
Сәрсенбі күні Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының Парламентіне – 15 жыл: қалыптасуы және дамуы» деген тақырыпта ғылыми-практикалық конференция болып өтті
Ауа райы • Бүгін, 10:42
45 жол апаты тіркелді: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 10:32
Солтүстікке бетбұрыс: Қоныс аударушыларды қолдаудың жаңа форматы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Әлеуметтік сала: ілгерілеу мен іркілістер
Саясат • Бүгін, 10:00
Олимпиада-2026: Алғашқы жарыс күнінде кімдер өнер көрсетеді?
Спорт • Бүгін, 09:57
Мүмкіндігі шектеулі балаларға – ерекше назар
Қоғам • Бүгін, 09:50
Пікір • Бүгін, 09:40
Елдік көзқарастың қалыптасуы маңызды
Пікір • Бүгін, 09:30
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Реформа • Бүгін, 09:20
Қазақстан – Беларусь: Парламентаралық ынтымақтастық нығайып келеді
Саясат • Бүгін, 09:15
Марат Сұлтанғазиев: Аймақты жан-жақты дамыту – басым бағытымыз
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Конституциялық реформа бизнестің де өрісін кеңейтеді
Саясат • Бүгін, 09:05
Донор мен дотация: Өңірлерді өркендету бағдары қалай өзгереді?
Экономика • Бүгін, 09:00
«Е-АӨК» платформасы іске қосылады
Шаруашылық • Бүгін, 08:58