Допты хоккей
Допты хоккей (бенди) әдетте футбол сияқты екі кезең ойналады. Ал кеше «Медеу» мұз айдынында кездескен Қазақстан және Қырғызстан командалары үш кезең ойнады. Оған ауа райы «кінәлі». Қалың қар жауып, тұман түсу салдарынан тіпті ойынды кейінге жылжыту қаупі де туған. Халықаралық допты хоккей (бенди) федерациясының техникалық делегаты Валерий Мозгов ойынды 15 минөттік екі үзіліспен, 30 минөттік үш кезең ойнауға шешім қабылдады. Ал ойын жұрт күткендей, Қазақстан командасының айқын басымдығымен өтті. Есеп – 21:0. Мықтылар армансыз гол соқты десе де болады. Шабуылшы Рауан Исалиев өз есебіне 8 гол жазса, Ескендір Нұғманов қарсыластар қақпасына 5 гол соқты. Еламан Әлікбалиев – 3, Антон Ларионов – 2, Сергей Токмаков пен Сұлтан Қадыржановтар бір-бір голдың иесі болды. Бұл кездесу бірінші және екінші орынның тағдырын шешті. Оны Қазақстан және Моңғолия командалары иеленеді. Алтын қайсысына бұйыратыны бұл екі команданың бүгінгі және демалыс күнгі ақтық кездесуінде айқындалады. Ал қырғыз ағайындар ауылына Азиаданың қола медалімен оралады. Соңғы жылдары Қырғызстандағы саяси және экономикалық тұрақсыздыққа қарамай Алатаудың арғы жағындағы ағайындардың Қазақстанға келіп Азиадада допты және шайбалы хоккейден лайықты өнер көрсетіп жатқаны қуантады. Мамадияр ЖАҚЫП.Оқушылар өмірдің өзін сахналады
Мектеп • Кеше
Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды
Инвестиция • Кеше
Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды
Қоғам • Кеше
Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?
Ата заң • Кеше
Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті
Елорда • Кеше
Авторлық құқық мәселесі қалай шешімін табады?
Қоғам • Кеше
Жамбыл облысында 40 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Аймақтар • Кеше
Жаңа Конституция саяси жүйені қалай өзгертеді?
Ата заң • Кеше