Мәдени Азиада
Алматының өнер қайраткерлері Қысқы Азия ойындары кезінде осынау айтулы спорт жарысына қатысушылар мен қонақтарға өзінше сый-сияпат әзірледі. Соның бірі – суретші Рашид Құлбатыров. Оның «Өнер» көркемсурет салонында «Сәлем, Азиада» деген жеке көрмесі ашылды. Оның басты ерекшелігі – көрмеге қойылған 35 картинаның тақырыптары спортқа қатысты. Нақтырақ айтқанда, адамның ішкі дүниесі спорт арқылы ашылған және айрықша әсерлі. Оның да жөні бар екен. Суретші жас шағында спортпен шұғылданыпты. Кейін өнер мен спорттың бірін таңдау қажеттігі туғанда, өнерді кәсіп еткенмен, спорт бәрібір шығармаларының басты тақырыбы болып, қалып қойған. Суретші Рашид Құлбатыровтың спорт тақырыбындағы картиналарында туған жердің көріністері де ерекше орын алады екен. Әсіресе, бұл Азияда қонақтарына айрықша әсер қалдырмақ. Олар өздері болған Шымбұлақ, Медеу сияқты табиғаттың тамаша жерлерін суретші шығармаларынан да көріп, жаңа әсерге бөленері сөзсіз. Спорттың жанкүйері ретінде Рашидтің өзі де бүгінгі күндері үлкен қуаныш үстінде. Азия ойындарын қалт жібермей қадағалайтыны аңғарылады. Сірә, бұл ойындардың көріністері де кейін оның шығармаларына арқау болса керек. Оның өзінің айтуынша, оған шаңғымен тұғырдан секіру ерекше ұнайтын көрінеді. Осынау Азиада қарсаңында Алматыда бой көтерген Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенін де кейін оның картиналарынан көретін болармыз.Балық шаруашылығына басым бағыт
Қоғам • Бүгін, 17:39
Израиль келіссөзге дайын, бірақ...
Әлем • Бүгін, 16:40
Жергілікті үздік тауар өндірушілер анықталды
Аймақтар • Бүгін, 16:34
Жұбайының келісімінсіз алынған несие жойылуы мүмкін
Несие • Бүгін, 15:40
Ұлттық банк: Елдің сыртқы қарызы көп емес
Банк • Бүгін, 14:45
Атырауда шетелдіктер көкөніс теріп жүр
Аймақтар • Бүгін, 13:45