8 шілдеде Мәскеуден аттанған «Жібек жолы» ралли-марафонына қатысушылар Қазақстан аумағын басып өтіп, Қытай жеріндегі 8-кезеңге жетті. Бас-аяғы 16 кезеңнен тұратын марафон 24 шілдеде Бейжіңде мәреге жетуге тиіс.
Жол талғамайтын көліктер арасында Қазақстан жерінде үздік нәтиже көрсеткен Сириль Депре әзір көш басын ешкімге берер емес. Ол өзінің басты қарсыласы Себастьен Лёбтен уақыт айырмашылығын 7 минутқа дейін жеткізді. Жерлесіміз Айдын Рақымбаевтың экипажы Депреден 20 минутқа қалып келеді. Жүк көліктерінің жарысында М.Ван ден Бринк экипажы екінші келе жатқан Козловский экипажынан 20 минутқа ұзап шықты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жібек жолы-2016» әлемдік ралли-марафондардың ішіндегі ең ұзағы. Аңызға айналған «Париж-Дакар» көпкүндігінің өзі 9 300 шақырым болса, «Жібек жолының» қашықтығы 10 700 шақырымға тең. Оған қоса, бұл көпкүндік өтетін жолдың бедері де спортшыларға бейтаныс екендігі жарысты одан сайын қиындатты һәм тартымдылығын да арттыра түсті.
Бұған дейін Мәскеуден шыққан көліктер Уфаға соғып, одан соң Қостанай арқылы Астанаға атбасын тіреген-ді. Елордадан Балқашқа жетіп бір аялдап, Алматыға атбасын тірегеннен кейін Қытай жеріне өтті. Жақын күндері Гоби шөлін артта қалдыруға тиіс.
«Жібек жолы-2016» ралли-марафонына әлемнің 40 елінің 92 жүк талғамайтын көлігі, 24 жүк көлігі қатысып жатыр. Олардың арасында қазақстандық 7 экипаж да бар. Бұған дейін «Давар» ралли-марафонында бірнеше мәрте топ жарған Себастьен Лёб, Стефан Петронсель, Сириль Депре сынды автоспорт әлемінің саңлақтары «Жібек жолында» да алғашқы орындарды ешкімге берер емес.
Арнұр АСҚАРОВ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Туризм • Бүгін, 16:17
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32