● Қазақстанның халықаралық резерві 2016 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 96,2 млрд. долларды құрады. 2016 жылғы қаңтар-мамырда экономикаға екінші деңгейлі банктердің жаңадан берген несиелерінің көлемі 3,7 трлн. теңгені құрады, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға артық.
● Биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,7 пайызға өсті. Ал қайта өңдеу саласындағы өсім 2,8 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, мал басының 3,4 пайызға артқаны байқалады.
● Елімізде тәуелсіздік жылдарында полиомиелитпен сырқаттану көрсеткіші 5 есеге дейін төмендеді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметі бойынша, 2011 жылдан бері республикада бірде-бір полиомиелит жағдайы тіркелмеген, ал 1991 жылы 5 жағдай тіркелген болатын.
● Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүре алатын «KZ4AT» электровозы Киік-Мойынты жол телімінде сынақтан өткізілді. Жаңа үлгідегі бір секциялы көп міндетті атқара алатын локомотив Қазақстан теміржолында рекордтық жылдамдықпен жүріп өтті. Сынаққа қатысқан локомотив бригадасы жаңа электровоздың мүмкіндігін жоғары бағалады.
● Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары бүгінге дейін 600 мың тоннаға жуық көкөніс пен бақша өнімдерін жинады. Облыстан негізінен экспортқа картоп, көкөніс, бақша, бидай, ұн, балық және балық өнімдері, өсімдік майы, құс еті және мақта талшықтары шығарылады.
● Жамбыл облысында шығарылатын сүт өнімдері республиканың барлық аймағында сұранысқа ие. Жергілікті халықтан таза сүтті қабылдап, одан сары май, ірімшіктің бірнеше түрін өндіретін және алкогольсіз «Дюшес», «Буратино», «Квас» сынды сусындарды шығаратын бұл мекемеде 15 жұмысшы қызмет етеді.
● Биыл Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс көлемі 5,8 пайызға өсті. 38,4 мың шаршы метрді құрайтын 289 пәтер пайдалануға берілді. 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында енгізілген тұрғын үй көлемі 121,8 пайызды құрады.
● Ақтөбеде құны 1,3 млрд. теңге болатын Жастар сарайының құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімдігі мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» 2016 жылға өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Құжатты өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Бас директоры Ван Цзюньжэнь бекітті.
Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі, «Хабар» телеарнасы материалдары бойынша дайындалды

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Туризм • Бүгін, 16:17
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32