Кеше Бас редакторлар клубы Еуразиялық топтың қолдауымен қазақ тілді журналистер арасында өткізілген дәстүрлі VI «Алтын қалам» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Онда «Үздік мақала» номинациясы бойынша жүлделі екінші орынды әріптесіміз, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі Нәзира Жәрімбетова жеңіп алды.
Бұл байқаудың басты мақсаты – Еуразиялық топ кәсіпорындарында жұмыс істейтін, өндірістегі қарапайым еңбек адамдарын бүгінгі бейбіт заманның қаһармандары ретінде үлгі етіп, насихаттау. Алты жылдан бері жалғасып келе жатқан байқауға осы жолы республикалық және өңірлік басылымдардың, сондай-ақ, теледидар, радио және интернет жарияланымдарының 37 журналисі ниет білдіріп, 133 мақала мен бейне-аудио материалдарын жіберген екен. Оның арасында 22 тілшінің 57 материалы талапқа сай деп танылып, комиссия талқысына түсіп, оң бағасын алған.
Жүлделерді тапсыру рәсіміне ERG аппарат жетекшісі Сейітқали Рахимов, Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрайымының өндіріс жөніндегі орынбасары Қайнар Олжай қатысып, жеңімпаздарды марапаттап, сыйлықтарын тапсырды.
Байқау жеңімпаздарына арналған жүлде қоры 2 млн. теңге екенін айтып өткеніміз жөн. «Жегені жантақ, арқалағаны алтын» деп Шерхан Мұртаза айтқандай, жақсыны да, қиындықты да жүгіріп жүріп елге жеткізуге асығатын қаламы жүйрік журналистер мұндай құрметке әбден лайық. Ол жөнінде Еуразиялық топтың өкілі мен Бас редакторлар клубының мүшелері айтып өтті. Астанада ұйымдастырылған шараға БАҚ өкілдерімен қатар бірқатар, оқырмандар және көрермендер мен тыңдармандар қатысты.
Өз кезегінде сөз алған «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі әріптестерді жүлделерімен құттықтай отырып, үнемі сөз майданының алдыңғы шебінде жүріп, халыққа шынайы ақпарат жеткізуді кәсіп еткен алтын қалам иелеріне жүрекжарды тілегін жеткізді.
Алтыншы рет өткізіліп отырған «Алтын қалам» байқауының бұл жолғы жүлделері негізінен аймақтардағы журналистердің «қанжығасына» байланды. Сонымен, «Үздік мақала» номинациясы бойынша 1-орынды «Ақтөбе» газетінің тілшісі Кәмшат Қопаева, 2-орынды «Егемен Қазақстан» газетінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі Нәзира Жәрімбетова иеленді. Ал «Үздік сюжет» номинациясы бойынша 1-орынды «Астана» телеарнасының журналисі Айгүл Шайхимова, 2-орынды 24.KZ телеарнасының Павлодардағы меншікті тілшісі Қарлығаш Қасиетова жеңіп алды. Сондай-ақ, 3-орын «Қазақстан» РТРК Қарағанды облыстық филиалының журналисі Әшімхан Жанпейісов пен Павлодар облыстық «Халық» радиосының тілшісі Раушан Сыбанжановаға бұйырды.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан»
АСТАНА
Суретте: «Алтын қалам» байқауының жүлдегері Н.Жәрімбетова

Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46
«Қазақстанда жасалған»: Онлайн саудада отандық тауарларға басымдық беріледі
Сауда • Бүгін, 17:12
Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Туризм • Бүгін, 16:17
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43