Қалдаяқ ұста – ән әлемінің сұңқары Шәмшінің әкесі. Шәмші қазақтың көгінде ән болып нұр жаудырып тұрған кездің өзінде бүгінгі Шәмші ауылының адамдары үшін Қалдаяқ ұста баласынан беделдірек екен.
Темірден түйін түйетін ұстаның қолында көрікші болып бүгінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик, ол кезде мектеп оқушысы Әбдіразман Омбаев та жұмыс жасаған.
– Қалдаяқ ата көп сөзге жоқ болғанымен бойында үлкен қасиеті бар, аузынан Алласы түспейтін, намазын қаза қылмайтын тақуа адам еді, – дейді академик. –Балаларға тіл-көз тигенде атаға әкелетін. Жаңа ғана өліп-талып анау дүние мен мына өмірдің арасында арпалысып жатқан бала ұста дұға оқып, үшкіргеннен кейін біраздан соң құлдыраңдап жүгіріп кетер еді.
Отырар ауданындағы кешегі «Темір» кеңшары, бүгінгі Шәмші ауылында өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Қалдаяқ ұста өз қолымен кірпішін өрген қарашаңырақ үй бар. Қазіргі уақыт үшін тоқал там сияқты көрінгенімен, сол уақыттағы үш-төрт бөлмелі үйді Қалдаяқ ұста өзі салған. Шәмшінің кіндік қаны Сарыкөл деген жерде тамған. Ол жерге Отырар ауданының бұрынғы әкімі Салыхан Полатов ескерткіш белгі орнатқан еді. Аудандық бюджет есебінен Шәмші ауылындағы қарашаңырақ жанынан еңселі үй көтеріліп жатыр.
Іргеде атақты композитордың әні арқылы мұқым Қазақстанға атағы шыққан Арыс өзені байырқалап ағады.
Қалдаяқ ұста соққан әулеттің қара шаңырағында бүгінде ұлы Бақыт тұрып жатыр. Ұстаның көп дүниелерін біз «Отырар» тарихи өлкетану музейінен көрдік. Қалдаяқ ұста дүниеден өткенде темір төсі екі-үш күн шыңылдап тұрды дейді ауыл адамдары. Сол аңыз қылған тас төс пен балға да музейде.
Шәмші – атақты әндерімен қазақтың рухын көтерген композитор. Тың игеру кезінде қазақтар өз жерінде отыз пайызға дейін азайып кетті. Сонда Шәмші әндері қазақтың мемлекетшілдігіне қызмет етті. Ұлттық рухын күшейтті.
Бәлкім, сол әндердің біразы әкесі Қалдаяқ салған осы қара-шаңырақта дүниеге келген шығар...
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Диқандар биыл дизельді қанша теңгеге сатып алады?
Шаруашылық • Бүгін, 12:02
Астанада LRT осы аптада іске қосылады
Оқиға • Бүгін, 11:50
Елімізде қандай мамандар тапшы?
Еңбек • Бүгін, 11:42
Әлем • Бүгін, 11:27
Қазақстанда жан басына шаққандағы ІЖӨ 17 мың доллардан асты
Экономика • Бүгін, 11:13
«Астана» ойыншысы әлем чемпионатына жолдама алды
Футбол • Бүгін, 11:12
Арыста ағайындылар ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген
Есірткі • Бүгін, 11:00
Месси футболдан әлем чемпионатына қатыса ма?
Футбол • Бүгін, 10:50
«Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевтың голына тәнті болды
Футбол • Бүгін, 10:45
Шымкентте колледж басшысы түрмеде отырып 1,3 млрд теңге жымқырған
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:33
Қоғам • Бүгін, 10:32
Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі: Экономикалық логика және жеке капиталдың рөлі
Экономика • Бүгін, 10:25
Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті
Экономика • Бүгін, 10:20
Жұбайын «Парламент атынан» құттықтаған Мәжіліс депутаты көпшіліктің сынына ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:14