«Егемен Қазақстан» газетінде спорттан жарыстар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Газетіміз жыл сайын еліміз бойынша ақпарат құралдары арасында өтетін көптеген турнирлер мен жарыстарға да белсене қатысып келеді. Ал биыл 95 жылдық тарихы бар аға газет өз қызметкерлері арасында спорттың бірнеше түрінен спартакиада өткізді. Оған редакция ұжымы төрт топқа бөлініп, бильярд, шахмат және дойбыдан жарыстарға қатысты.
Спартакиада бір-екі күнде өтетін кубоктық жарыс емес, ол бірнеше күнге созылатыны белгілі. Биылғы жарыс та Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өткізіліп, бірнеше күнге жалғасты.
Кеше редакция қызметкерлерінің арасында өткен спартакиада мәресіне жетті. Онда журналистердің «Сұңқар» командасы бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды хатшылық және әкімшілік бөлімдерінен құралған «Жігер», үшінші орынды интернет-редакцияның жігіттерінен жасақталған «Ұшқын» командасы иеленді. Ал төртінші орынға журналистердің «Ұмтылыс» жасағы ие болды.
Спартакиада соңында «Егемен Қазақстан» газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жеңімпаз бен жүлдегерлерді жарыста үздік атанған қызметкерлерді құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Бұл сында «Сұңқар» командасының ойыншылары Ғалым Омархан мен Ғабит Іскендерұлы, «Жігер» жасағының мүшесі Ахметқали Өтеғалиев бильярдтан өткен бәсекеде үздік ойыншы атанды. Ал «Ұмтылыс» командасының өкілі фототілші Орынбай Балмұратқа шахмат жарысында тең келетін ешкім болмады. Ол ойындардың барлығын жеңіп, үздік ойыншы атанса, «Жігер» командасының мүшесі Фариза Орманова дойбы додасында жеке-дара шығып, үздік ойыншы деп танылды.
«Егемен-ақпарат»

Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Оқиға • Бүгін, 15:50
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Мереке • Бүгін, 15:05
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15
Пікір • Бүгін, 12:00
Руханият • Бүгін, 11:50