Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отандық бокс құрамасының капитаны Данияр Елеусіновты Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың жеңімпазы атануымен құттықтады. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Өз құттықтау хатында министр Данияр Елеусіновтың жеңісі еліміздің миллиондаған азаматы үшін қуанышты сәт болғанын атап өтті.
«Құрметті Данияр Маратұлы! Қазақ елінің төл спортына айналған бокстан Олимпиада чемпионы атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жеңісіңіз сіздің күшіңіз бен шеберлігіңізге сенген еліміздің миллиондаған азаматы үшін қуанышты сәт болды. Бүкіл әлем халқының алдында аты әйгілі қарсыластарыңызды тізе бүктіріп, шын мықтылығыңызды мойындата білдіңіз. Ал, біз сіз сияқты батырларымыздың арқасында шынайы мақтаныш сезіміне бөлендік. Сіз секілді жүректі, білекті азаматтарымыз барда Қазақстанның әнұраны барша адамзаттың алдында әлі талай рет шырқалып, туы көкке көтерілетініне нық сенімдімін. Қазақ халқының дара ұлдары бастаған команда әрқашан тек жеңіс тұғырынан көрінеді деген ойдамын», – деп хатында Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 18 Тамыз, 2016
Мәдениет және спорт министрі Олимпиада чемпионын құттықтады

Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46
«Қазақстанда жасалған»: Онлайн саудада отандық тауарларға басымдық беріледі
Сауда • Бүгін, 17:12
Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22