Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Сара Сьюэллмен кездесті. Құрама Штаттар өкілі Қазақстанға жұмыс сапарымен келген болатын.
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Америка әріптестігін терроризммен күрес, оның ішінде экстремизмді насихаттауға қарсы іс-әрекет саласында да тереңдету керек деген пікір білдірді. Е.Ыдырысов, бұл арада, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы аясында жарияланған бастамаларын жүзеге асыру аса маңызды рөл атқара алатынын атап көрсетті. Қазақстан басшысы АҚШ астанасында сөйлеген сөзінде БҰҰ туы астында терроризммен күрес жөніндегі халықаралық коалиция құру, әлемдегі әрбір мемлекет өзінің әскери бюджетінің 1 пайызын Орнықты даму мақсаттарына бөлу, БҰҰ-ның Жаһандық контртеррористік стратегиясын орындауды заң тұрғысынан міндеттеу бойынша бастама көтергенін еске сала кетейік.
Сұхбаттастар «С5+1» (Орталық Азия елдері мен АҚШ) үнқатысу алаңына қатысушы елдер Сыртқы істер министрлері екінші мәжілісінің қорытындысына ризашылық білдірді. Бұл басқосу үстіміздегі жылдың 3 тамызында Вашингтонда өтіп, оның қорытындысы бойынша Орталық Азия өңірін дамытуға бағытталған бірқатар жоба мақұлданған еді.
Кездесу соңында Е.Ыдырысов пен С.Сьюэлл үстіміздегі жылы 25 жылдығы атап өтілетін Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті белсенді жалғастыруға уағдаласты.
«Егемен-ақпарат»

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Туризм • Бүгін, 16:17
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32