Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне өңірден 220 еріктінің қатысатыны белгілі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің жергілікті филиалында өткен брифингте «Жас Отан» жастар қанаты облыстық құрылымының жетекшісі Мұса Танақұлов мәлім етті.
Оның айтуынша, жаңадан құрылған «Еріктілер мектебі» қанатқақты жобасы аясында атқарылатын жұмыстар қыруар. Бүгінгі күні еріктілер үш кезеңнен тұратын модульдік оқу жүйесіне тартылып, 120 жас алғашқы іріктеуден сүрінбей өткен. Тегін тренингтерде үміткерлер ағылшын тілін үйреніп, Қазақстан тарихынан, ұлттық-мәдени құндылықтар жайлы кең мағлұматтар алады. Сонымен қатар, психологиялық әзірліктерге де басымдық беріледі. Дәрістер оқуға тәжірибелі мамандар таңдап алынған.
Іріктеу шараларына кез келген солтүстікқазақстандық қатыса алады. Оларға тіл білімін анықтайтын сұхбаттасу, күйзеліске төзімділік секілді жоғары біліктілік талаптары қойылады. Сыннан сүрінбей өткендер қатарын 18 және 60 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Олардың арасында жастарға мол мүмкіндік беріліп отыр, дейді ЭКСПО-2017 еріктілерінің үйлестірушісі Дарина Бәшенова.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Туризм • Бүгін, 16:17
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32