Боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио төрінде күміс жүлдені олжалаған соң әрі құтты болсын айту, әрі газет үшін аз-кем тілдесу мақсатында оның әкесі Сәбит Ниязымбетовпен хабарласқан едік.
– Ұлыңыздың жүлдесі құтты болсын, Сәбит аға!
– Рахмет, бұл Әділбектің немесе тек біздің отбасымыздың ғана емес, бүкіл еліміздің, қазақтың жүлдесі ғой. Ел-жұртқа мен де құтты болсын айтамын.
– Ел іші қазір «Әділбектің жүлдесі алтын болуы керек еді» деп баға беріп жатыр. Ұлыңыздың жұдырықтасуына қандай баға берер едіңіз?
– Менің ұлым екінші орын, яғни күміс жүлде алса да ол мен үшін – чемпион. Халықтан асқан сыншы жоқ, оны халық та айтып жатыр, рахмет. Әділбектің қарсыласы оңай шағылатын жаңғақ емес, ол – әлемнің үш дүркін чемпионы, мұны да мойындау керек. Демек, онымен жұдырықтасу немесе нокаутқа жіберіп сұлатып салу оңай болмаған шығар. Десек те мен кубалық боксшыны алтын жүлдесімен құттықтаймын. Бұйырғаны осы, күміске де қанағат ету керек. Ұлым әлем чемпионатының және Олимпиялық ойындардың екі дүркін күміс жүлдегері атанып отыр. Мұның өзі – үлкен жетістік. «Әке балаға – сыншы» дегендей, әкесі ретінде Әділбегімнің жұдырықтасуына көңілім толды. Кезінде қолынан жетектеп, бокс залына алып барған еңбегім де, үмітім де, сенімім де ақталды.
– Керемет!
– Мен отбасымның атынан қолдау көрсеткен барша Қазақстан халқына, Маңғыстау жұртшылығына алғыс айтамын. Ақтауда теңіз жағалауында тікелей көрсетілім ұйымдастырылды. Халық көп жиналды, барлығы келіп мені құттықтап жатты, әкеге одан артық не керек? Әрине, тек алғыстан басқа айтарым жоқ. Бірақ, шынын айтайын, баламның екі көзіне ерік бергені жаныма батты. Ол өзінің жеңілмегенін жақсы түсінеді, бірақ бұл – спорт. «Алтын медаль алмадың» деп ешкімді ешкімнің кінәлауға, күстәналауға хақы жоқ. Мен ұлымның жеке бапкері Марат Жәкиевке ерекше алғысымды айтқым келеді. Сәтін салса, Әділбекке қарап, Олимп биігін бағындыратын былғары қолғап шеберлерінің қатары көбейе берсін. Қазақтың көк байрағын көкке желбірететін жас буын өсіп-жетілсін деп тілеймін.
Әңгімелескен
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АҚТАУ

Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46
«Қазақстанда жасалған»: Онлайн саудада отандық тауарларға басымдық беріледі
Сауда • Бүгін, 17:12
Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Туризм • Бүгін, 16:17
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43