Бұрнағы күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұстаздары осы білім ордасының түлегі – Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновті ұлықтауға арналған кеш өткізді. Онда чемпионның адами қасиеттері мен студент кезіндегі сабақ үлгерімі жан-жақты сөз болды.
Боксшы Данияр Елеусінов 2009-2013 жылдар аралығында аталған оқу ордасынан қаржыгер мамандығы бойынша білім алған. Ол осы жылдар ішінде оқу мен боксты қатар ала жүріп, айналасындағы достары мен ұстаздарына сыйлы болды, әлемді мойындатқан майталман боксшы болып қалыптасты.
– Данияр өте қарапайым, мәдениетті болатын. Ол студент кезінде-ақ Қазақстанның ішкі чемпионаты мен халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрді. Қазір екінің бірі мақтануға, танылу арқылы жұлдыз болуға ұмтылады. Бірақ, біздің Данияр мүлде ондай емес. Танымал боксшымын деп мақтанбайды. Біз оның кішіпейіл қасиетін құрметтейміз. Шынын айту керек, мұндағы мұғалімдер оған көп көмек көрсетті. Әсіресе, жарыстарға баратын кезде сабақтан босатып, келген кезде оқу бағдарламасын арнайы үйретіп жүрді. Қысқасын айтқанда, Данияр біздің түлегіміз болғанына мақтанамыз, – дейді экономика факультетінің деканы Әлия Исмаилова.
Шара барысында дарабоз Даниярдың кешегі боксын университеттің ұжымы ұйымшылдықпен бірігіп телеэкраннан тамашалағаны айтылды. Тілеуін тілеп, қолдау көрсеткен ұстаздары: «Шәкіртіміздің Олимпиада чемпионы болатынын сездік, – дейді. – Өйткені, Даниярды Олимпиадаға кетерінен бұрын университетке шақырып, студенттермен кездесу ұйымдастырып, сәттілік тіледік. Сонда ол нық сеніммен: «Мен қайтсем де Қазақтанның көк туын желбіретемін. Чемпион боламын» деп айтқан-ды. Біз де іштей айтқаның келсін, дегеніңе жет дедік, – дейді қаржы кафедрасының меңгерушісі Зәмзәгүл Баймағамбетова.
Осылайша, Рио Олимпиадасының алты құрлықтан жиылған боксшылар бәсекесінде қарсыластарын қоғадай жапырған Данияр жайлы қызықты әңгіменің тиегін ағытқан ұстаздары: «Студент кезінде ол бір рет оқудан шығуға оқталып, арыз жазғысы келді. Алайда, біз оның бұл әрекетін құптамадық. Сол кезде қарсылық танытпағанымызда, чемпион шәкіртіміз бар деп айтпас едік», дейді. Орайы келгенде, біз де өзі оқыған қара шаңыраққа чемпион қашан ат басын бұрады деп сұрадық. Факультет деканының айтуынша, Даниярдың студенттермен кездесуі алдағы қыркүйек айында ұйымдастырылмақ.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Туризм • Бүгін, 16:17
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32