жерлестерінің зор құрметіне бөленді
Толағай туған жеріне келді. Сын сәтінде өзіне жүктелген жауапкершілікті тізесі дірілдемей көтеріп, Рио Олимпиадасының қола жүлдесін қанжығасына байлап келген Александр Зайчиковті Сыр бойының халқы ыстық ықыласпен қарсы алды. Ұшақтан түсіп, жұртының құшағына күмп берген батыр ұлдың қуанышы көзінен көрініп тұрды. Қызылордалық жастар мен қарапайым тұрғындар Александрдың құрметіне әуежайға жиналып, ыстық ықыластарына бөледі.
Мұнан соң Рио Олимпиадасының жүлдегерін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
– Олимпиадада сен тек зілтемірді көтеріп қана қойған жоқсың, бүкіл қазақстандықтардың рухын асқақтаттың. Александрдың келесі медалі алтын болатынына сенемін. Біз Александрдың алдағы жарыстарға, әсіресе, Токиода өтетін Олимпиадаға дайындығы үшін барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Сонымен қатар, батыр ұлды тәрбиелеп өсірген анасына зор алғыс айтамыз,– деді Қырымбек Елеуұлы.
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев алдағы уақытта зілтеміршілерді дайындау үшін Қызылордада халықаралық талаптарға сай ауыр атлетика орталығы салынатынын жеткізді. «Мен барлық қазақстандықтарға, әсіресе, жерлестеріме үлкен алғысымды айтамын. Риода жүріп, олардың қолдауын сезіндім. Қызылордалықтар таңғы 4-те жиналып, менің өнерімді тамашалағандарын білемін. Сіздердің қолдауларыңыз маған күш берді», дейді Александрдың өзі.
Александрдың анасы мен бапкері де барша қолдау көрсеткен қазақстандықтарға, жерлестеріне алғыстарын айтты.
Мұнан соң аймақ басшысы Александрға «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің кілтін, бапкеріне 5 миллион теңгенің сертификатын тапсырды.
Батыр ұлға көрсетілген қошемет мұнымен біткен жоқ. Олимпиада жүлдегерін құттықтап, ниеттерін білдіру үшін халық орталық алаңға жиналды. Толағай бастаған топ сонда барды. Зор жетістікке жеткен ұланды халық алақанына салып қарсы алды. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов бастаған азаматтар спортшыны тағы да жеңісімен құттықтап, қола жүлденің Токио Олимпиадасында алтынға айналатынына сенім білдірді.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»
ҚЫЗЫЛОРДА

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Туризм • Бүгін, 16:17
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32