Белгілі журналист Жылқыбай Жағыпарұлының «Девяткодан Дүйсеноваға дейін» атты мақаласы мені де қолыма қалам алуға мәжбүрлеп отыр. Өйткені газет бетінде жарияланған мақала өзінің өткірлігімен және республикадағы медициналық қызметтің кемшіліктерін еш бүкпесіз баяндауымен ой салды.
Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерзімі ішінде Денсаулық сақтау министрі болып жеті бірдей адам істеген екен. Ал осы министрлер осы заманға жауап берерлік, халық мүддесіне сай, денсаулық сақтау бағытында ілгері басарлықтай реформалар жүргізе алды ма?
Мақалада әр министрдің өзінше жасаған жұмыстары терең талданып, өткір сынға алынды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң қабылданғанымен, ол себептен себепсіз тұралап барып, тоқырап тоқтап қалған. Бүкілхалықтық қор құрылып, оған жүздеген мың адам қалталарынан қаржы құйған. Қор басшысы алаяқ Т.Иманбаев деген қорға түскен қаржыны тік көтеріп алып, шетелге қашып кеткен. Одан тапа-тал түсте көз жазып қалған басшылық сырттай тоғыз жылға соттаған. Бұл кәдімгі «Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шаптының» кері ғой. Қазақтың «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» дегені осындай иесіздік пен бассыздыққа қарата айтылса керек. Сонда бас ұры ұсталмай кеткенмен, оның осында қалған сыбайластары күні бүгінге неге жауапқа тартылмаған? Мүлдем түсініксіз жайт.
Журналист жекеменшік емдеу орындарындағы өз көзімен көрген, басынан өткерген келеңсіздікті, науқастың қалтасын қағу қитұрқылығын орынды сөз етеді. Меніңше, бұл жүгенсіздікке биліктегілер тарапынан бір тосқауыл болмай ма деген ой келеді.
Медицина саласында білімсіз ғалымдардың өріп жүргендігін мен де кезінде өз көзіммен көрген адаммын.
Ұят та болса айтайын, атағы аспандап тұрған Астанадағы бір емдеу мекемесінде 2011 жылы он күн жатып шыққаным бар. Жаңылмасам, ғылым докторы басқаратын бөлімшеде жаттым. Сонда әлгі қарындасым: «Оң жақ өкпеңізде рак бар, оған ота жасаймыз», деді. Содан ол үкімнің тура өлім екендігін біліп, Алматыға сапар шектім. Ондағылар бұл диагнозды теріске шығарды. Әгәрәки бұлардың әмірін орындасам, мен бүгін Ж.Жағыпарұлының аса көкейкесті мақаласына үн қоспаған болар едім. Ал мұндай шала сауатты ғалымдардың мысалдары біздің елімізде мыңдап саналады. Адам өмірімен бұлай ойнауға болмас болар.
Сөз соңында айтарым, «Егемен Қазақстан» сияқты аға басылымның көтеріп отырған мәселесі ең құрығанда аталмыш министрлікте оқылып, талқыланса, сөйтіп нақтылы шара қолданылса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені мәселе қазақстандықтардың денсаулығына тікелей қатысты болып тұр ғой.
Төлеген ҚАЖЫБАЙ,
Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы

Диқандар биыл дизельді қанша теңгеге сатып алады?
Шаруашылық • Бүгін, 12:02
Астанада LRT осы аптада іске қосылады
Оқиға • Бүгін, 11:50
Елімізде қандай мамандар тапшы?
Еңбек • Бүгін, 11:42
Әлем • Бүгін, 11:27
Қазақстанда жан басына шаққандағы ІЖӨ 17 мың доллардан асты
Экономика • Бүгін, 11:13
«Астана» ойыншысы әлем чемпионатына жолдама алды
Футбол • Бүгін, 11:12
Арыста ағайындылар ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген
Есірткі • Бүгін, 11:00
Месси футболдан әлем чемпионатына қатыса ма?
Футбол • Бүгін, 10:50
«Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевтың голына тәнті болды
Футбол • Бүгін, 10:45
Шымкентте колледж басшысы түрмеде отырып 1,3 млрд теңге жымқырған
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:33
Қоғам • Бүгін, 10:32
Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі: Экономикалық логика және жеке капиталдың рөлі
Экономика • Бүгін, 10:25
Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті
Экономика • Бүгін, 10:20
Жұбайын «Парламент атынан» құттықтаған Мәжіліс депутаты көпшіліктің сынына ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:14