Байқау ережесі
1.1. Байқауды ұйымдастырушы «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ (бұдан әрі – Ұйымдастырушы). Орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, 010000, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі 5/13. 1.2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған байқауға барлық үміткерлер қатыса алады. 1.3. Әр қатысушы мақалаларында ширек ғасыр ішінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен елімізде жүзеге асқан нақты жобалар жемісі, осы жылдар ішіндегі өзгерістердің аймаққа, ауылға, ұжымға, жеке тұлғаға тигізген әсерін ашып көрсетеді. Тәуелсіздік тұсында дүниеге келген өндірістік мәдени, рухани, әлеуметтік ірі жобалар жайлы сөз қозғалады, фотосуреттер беріледі. 1.4. Жұмыстар 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап, қарашаның 15-іне дейін қабылданады. 1.5. Байқауға ұсынылған материалдар бір бет параметрі 2 см-дан болып, 14 шрифтімен, 1,5 кегльмен жазылып, 350 жолдан аспауы тиіс. Сапалы суреттер қоса жіберілсе басымдық беріледі. 1.6. Мақала мен суреттерді Info@egemen.kz электронды поштасына «Байқауға» деген хат тақырыбының нұсқауымен жіберу керек. Хатта автордың аты-жөні, туған жылы, кәсібі және байланыс нөмірлері көрсетілуі керек. Қатысушы мен Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері: 2.1. Қатысушы байқауға ұсынылған материалдың авторы өзі екендігіне, ешкімнің авторлық құқығын бұзбайтындығына және жіберіліп отырған материал мен суреттердің бұған дейін басқа БАҚ беттерінде жарияланбағандығына кепілдік береді. 2.2. Ұйымдастырушы байқауға ұсынылған материалдарды төмендегі жағдайда жарияламауға құқылы: – мақала аталған тақырыпқа сай болмаған жағдайда; – автордың толық аты-жөн деректері нақты берілмей лақап атпен берілген жағдайда; Байқау қорытындысы 3.1. Байқау жеңімпазын қазылар алқасы анықтайды. 3.2. Байқау жеңімпаздары төмендегі мөлшерде ақшалай жүлдеге ие болады: 1-ші орын иесіне – 300 000 (үш жүз мың) теңге; 2-ші орын иесіне – 200 000 (екі жүз мың) теңге; 3-ші орын 2 адамға беріледі (әрқайсысына 100 000 теңгеден).Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Туризм • Бүгін, 16:17
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32