21 Қыркүйек, 2016

Ирак сыртқы саясатта жаңаша жол іздейді

583 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
777Ресми Бағдад бертінге дейін басқа араб елдеріне қарағанда, аймақтағы өзіндік геосаяси орны бар ел ретінде сыртқы дербес саясатын жүргізіп келген болатын. Ирактың бұл қадамы Сирияға, Иранға қатысты ұстанымдарынан айрықша байқалды. Сонымен бірге, Ирак Күрдістаны және басқа да көптеген белгілі Ирак саясаткерлері, оның ішінде оппозициялық тұлғалар тәуелсіз сыртқы саясат жүргізуде белсенділік танытып отыр. Алайда, Үкімет басына келген жаңа Ирак билігі 2015 жылы әлемдік державалармен, аймақ елдерімен қарым-қатынастарына жаңа ұстаным енгізуімен ерекшеленді. Хайдар әл-Әбади бастаған Ирак үкіметі қазіргі таңда аймақ елдеріне деген саяси тұғырнамасын қайта електен өткізіп жатыр. Ирак-АҚШ қатынасы негізінен әскери байланыстарға негізделеді. Дегенмен, бұл байланыстар Ирак АҚШ-қа толық тәуелді болған кезеңі­­нен бастап, Америка елден қару­лы күштерін шығарғанға дейінгі аралықта күрделі кезеңді бастан өткізіп келеді. Америка Құрама Штаттары ұзақ уақыттан бері Ирактағы қалыптасқан жағдайды өз ырқында ұстау және оның аймақтағы ұтымды орналасқан геосаяси орнын өз мүдделеріне сай пайдалану үшін оған қатысты саяси-дипломатиялық, экономикалық, әс­кери, әлеуметтік және басқа да мақ­сат­тардағы іс-шараларды жүзеге асы­ру­ға ерекше басымдық беріп отыр. Вашингтон Ирактан өз әскерін әкет­­­кенімен, Бағдадтың билік құры­лы­­мы мен өз қауіпсіздіктерін қам­­та­ма­сыз ету мүмкіндіктерінің жеткі­лік­сіз екенін есепке ала отыра, оған ықпал ету тетіктерін сақтап қал­ды. Ал Ирак үшін АҚШ-тың эконо­ми­ка­­лық және қаржылық көмегі әлі де ма­ңыз­ды. Сонымен қатар, Ирак­тың сая­си элитасы да Ақ үймен тығыз ын­тымақтастықты дамытуды қуаттайды. АҚШ Иракпен әскери келісімшарт­тар жасасу арқылы да осы елдегі өз мүдделерін жан-жақты ойластырып отыр десек болады. Олар Ирак әуе кеңістігін қорғау бағытында әскери-техникалық ынтымақтастықты жандандыра түсті. Вашингтон F-16 әскери жойғыш ұшақтарын және әуе шабуылына қарсы қорғаныс құрылымдарын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп, қазіргі таңда оның алғашқы партия­лары Иракқа әкелінді. Ақ үй көп мил­лиардты келісімдер Иранның ай­мақ­тағы амбициясын тізгіндеуге мүмкін­дік берумен қатар, АҚШ әскерін шы­ғарғаннан кейін Иракпен арадағы ұзақ мерзімді қатынастардың негізін қалауға септігін тигізетін болады деп жоспарлайды. АҚШ-тың Иракқа деген айрықша қызығушылығының тағы бір тұсы, көмірсутегіне байланысты. Бағдад Вашингтонның аймақтағы басты экономикалық серіктесі саналады. Екі елдің сауда қатынасы соңғы он жылда 5 есеге өскені осының дәлелі болса керек (2002 жылы 3,8 млрд доллар болса, бұл көрсеткіш 2014 жылы 21,6 млрд-қа жеткен). Бірқатар сарапшылар АҚШ шиит­тік және сүнниттік экстремизмнің өсуіне, Иранның ықпалына, сондай-ақ Сириядағы тұрақсыздыққа қарсы тұру­ға септігін тигізетін Ирактың одақ­­та­сы болатынына үлкен үміт артады. Ирактың көрші елдер арасындағы басты одақтасы Иранмен қарым-қаты­­насы да жоғары деңгейде жал­ғасу­да. Бағдад пен Тегеран жақын бола­шақ­та сауда айналымын 25 млрд дол­ларға жеткізуді көздеуде. Ирак пен Иран ресми түрде өзара мүд­делі экономикалық және сауда қа­рым-қатынастарын дамытуға ниет біл­діргенімен, бірінші кезекте сая­си қатынастар тұр. Ирактың бұ­рын­ғы вице-президенті, көрнекті сая­си тұлға Н.Мәлики өз елінің Иран­­мен саяси альянс құруына жол бер­­мей­тінін мәлімдеген болатын. Деген­мен, Премьер-министр Х.әл-Әбади Иранмен арадағы жоғары дең­гей­дегі байланыс тараптардың мүд­де­леріне сай келетінін Тегеранға жаса­­ған сапарында жеткізді. Аймақ дер­­жавасы мәртебесіне ие Иран бір кезең­­дерде Иракты бесінші колонна ретін­­де бақылауларында ұстап келген еді. Ендігі ДАИШ (Қазақ­станда тыйым салынған) қаупі төнген тұста Тегеран Бағдадпен әскери ықпал­дастық жолдарын қарастыру үстін­де. Олар осы ретте Ирактағы тұғыр­на­масын бекемдеу мақсатында билік ба­сын­дағы шииттік саяси күш­тер­мен тығыз байланыстарын күшейте түспек. Иракта орын алып жатқан күр­делі ахуалға қарамай, оның көрші елдердің арасындағы басты одақтасы Иранмен алдағы уақытта да қарым-қатынасы жоғары деңгейде сақталып қалмақ. Иран Ирактағы тұғырын нығайту үшін биліктегі шииттік саяси күштермен тығыз байланыстарын да нығайтады деп топшылауға негіз бар. Ирактың көптеген араб ел­дерімен қарым-қатынасы жаңа кезеңге бет бұрды. Елді қалпына келтіру мәселе­сінде араб елдерінің көмегіне жүгінуді жөн деп тапқан Бағдад Сауд Арабиясы, Иордания, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт сияқты бірқатар араб елдеріне жоғары деңгейде сапарлармен барды. Бұған дейін Бағдадты Иранның тигізіп отырған ықпалының күштілігі туралы айыптап келген сүнниттік араб елдері қазіргі жаңа Бағдад билігі­мен ықпалдасуға ниетті екендік­терін бай­қатты. Олар бұл ретте, ради­кал­ды топтарға қарсы күресте Бағ­дад билі­гімен ынтымақтаса отырып, билік жүйе­сіндегі сүнниттік лауазым­дар­дың артуын көздеуі ықтимал екен­дігін де жоққа шығаруға болмайды. Аймақтық сарапшылар да Ирак­тағы соңғы жылдары үздіксіз орын алып жатқан терактілерге байланыс­ты түрлі көзқарастарын білдіруде. Дегенмен, басым көпшілігі лаңкестік әрекеттердің өзегін Ирактың ішінен емес, сыртынан іздестіруде. Бағдад Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарын жаңаша түзе бастады. Ирак президенті Ф.Масум бастаған Ирак делегациясының Корольдікке жасаған сапары шең­берінде бірқатар қомақты жетіс­тіктерге қол жеткізілді. Эр-Рияд Бағдадпен 2008 жылдан бері үзіліп қалған дипломатиялық байланыстарын қайта орнатуға ниеттерін танытты. Олар осы тұрғыда, жуық арада Бағдадта өз елшілігін, ал Ирбилде (Ирак Күрдістаны) Бас консулдығын ашу мәселесін қарастыруда. Бағдад өз кезегінде Ирактағы дағ­дарыстарға бірінші кезекте Сауд Арабиясы кінәлі деген ұстаным­дарын­нан айныды. Олар, керісінше, ДАИШ (Қазақстанда тыйым салын­ған) дегенге және терроризмге қарсы соғыста Эр-Риядтың көмегіне жүгінуді жөн көріп отыр. Бұл туралы Ф.Масум­ның Эр-Риядқа жасаған сапары шеңберінде мәлімделді. Екі ел арасындағы қарым-қаты­нас­тардағы оң өзгерістер жақын бола­­шақта да жалғасын табатынына күмән келтіруге болмайды. Керісінше, көр­шілермен ынтымақтастықты нығай­ту­ды көздеген Ирак үкіметі ал­дағы уақыт­та да Ирак-Сауд Ара­би­я­сы ын­ты­мақ­тастығын жаңа кезеңге көтеру­ге күш салатыны анық. Н.Әл-Мәлики Үкіметі тұсында Ирак пен Түркия қарым-қатынастары күрделі сипатта өрбіп келгені белгілі. Жаңа Ирак билігі олармен де байланыстарды жоғары деңгейге көтеру мақсатында бірқатар саяси қадамдарға барып отыр. Нәтижесінде, Ирак пар­ламентінің төрағасы С.Жәбуридің, сыртқы істер министрі И.Жафаридің Ан­караға, ал Түркия Премьер-ми­нистрі А.Дәуітоғлының Бағдадқа сапарлары жүзеге асты. Тараптар бүгінгі күні екіжақты ынтымақтастықтағы қор­да­ланған мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Ирактың алдағы уақытта да сырт­қы саясатты осы бағытта өрбі­туге ұмтылатындығы көрінеді. Әлем­дік дер­­жавалардың аймақтағы саясаты Иракты өз қауіпсіздігі мен ел ішін­дегі тұрақтылықты қамтамасыз етуі үшін сыртқы саясатта мейлінше бел­сенді қимылдарға жетелейді. Олар осы ретте, АҚШ, Иран, Сауд Ара­бия­сы, Түркия сияқты әлемдік және ай­мақтық державалармен санаса отырып, ел ішіндегі билік жүйесін нығайтуды мақсат тұтатындығы күмән келтірмейді. Сәлім ӘМІРОВ, саясаттанушы