Бiлiм жүйесiн жетілдіру барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқыту процесiне жаңа әдiстемелер мен технологияларды енгізу, педагогикалық құрамның сапасын жоғарылату және бiлiктiлiктi бекiтудiң тәуелсiз жүйесiн құру қажеттiгiн белгiлегені мәлім. Жаңа педагогикалық идеялардың нәтижесінде талдықорғандық ұстаздардың халықаралық олимпиадаларға барған оқушылары жүлдемен оралуда. Мысалы, былтырғы оқу жылында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен байқауларға 93 оқушымыз қатысып 12 бірінші, 16 екінші, 18 үшінші орынды жеңіп алды. Сол оқушыларымыздың арасынан Кореяда өткен «Жас ғалым» халықаралық ғылыми жобасының жеңімпазы болған Әлішер Махмұтов пен Әділет Ізбасарованы, Грузияда өткен «Жас зерттеуші» ғылыми жобасының жүлдегері Аяулым Төлеғалиеваны, Байқоңырдағы «Ғылым әлемін ашамыз» ғылыми байқауының жүлдегері Аружан Нүсіпованы бөле-жара айтып өткен жөн. Бүгінгі таңда қаламызда 3 лицей үш тілде оқытуда жақсы жетістіктерге жетуде. Өзгелері ағылшын тілін 1 сыныптан меңгеруде. Бұл уақыт талабы. Заман сұранысына орай білім беру ұстаздардың төл міндеті десек те болады. Зерделеп қарасаңыз, бүгінде биліктің басым бөлігін жастар құрап отыр. Ол дегеніміз, сапалы білімі мен үш тілді еркін игере білгендіктің жемісі. Қалай десек те білімді жас бос қалмайды. Әйтеуір жол табады. Оны өмір көрсетіп отыр. Осы орайда, баса айтып қана қоймай нақты өмірге енуіне ықпал ететін жайт – тәрбие. Күн санап көркейіп, тұрғындарының саны көбейіп келе жатқан Талдықорғанда оқушылар саны да өсуде. Бес саусақ бірдей емес. Сол оқушылар арасында ерекше бақылауды қажет ететіндері де баршылық. Сондықтан қала мектептерінде құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар атқарылуда.
Қазіргі уақытта мектептерде инклюзивті оқыту бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың өз қатарымен мектепте толыққанды білім алуы қамтамасыз етілуде. Қаладағы барлық мектептерде логопедтер мен дефектологтар қызмет етеді.
Білім беру саласында ұзақ жылдан бері еңбек ететіндіктен айтар ұсынысым да бар. Біріншіден, білім беру ұйымдарын оқу-тәрбие жүйесіндегі істі болжай білетін және білім сапасын арттырудың тиімді тәсілдерін ұйымдастыратын білікті басқарумен қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, білім мекемелерінің оқу-материалдық, техникалық базасын жақсарта отырып, заман талабына сай білімді ұрпақ тәрбиелеу жұмысын жүйелеген жөн. Үшіншіден, білім мен тәрбие жүйесіне: мемлекеттік ұйымдармен, мәдени орталықтармен, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланысты қамтамасыз ету керек. Төртіншіден, ұстаздардың кәсіби біліктілігін көтеру, білім деңгейін арттыру заман талабы. Бесіншіден, жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруде, оқушы мен педагогтарға құқықтық тәрбие беру мен кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс түрлерін күшейтудің жаңа жолын енгізген дұрыс. Қорыта айтқанда, ұрпаққа сапалы білім беру арқылы болашағымызды бекітеміз.
Болат ТҰРЫСБЕКОВ,
Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы

Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46
«Қазақстанда жасалған»: Онлайн саудада отандық тауарларға басымдық беріледі
Сауда • Бүгін, 17:12
Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Туризм • Бүгін, 16:17
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43